Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
мен өзімнің жазбамда қазақстан тарихы пәнін қолданып жаздым. яғни ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан туралы. Әсіресе бұл ҰБТ тапсырушы түлектерге үлкен септігін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы
Шығарма: ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан
•Ұжымдастыру дегеніміз не?
•1931-1933ж ашаршылық қалай орын алды? Ұжымдастыру саясаты қалай өтті?
• Ұжымдастыруға қарсы қандай іс-әрекеттер жасалынды? - деген сұрақтарға жауап береміз.

Ұжымдастыру - КСРО-дағы 20ж соңы мен 30ж басындағы ауылшаруашылығын өкіметтің
қысым жасауымен жаппай ұжымдық шаруашылықтар (колхоздар) етіп құру. Ұжымдастыру
бағыты 1927ж БК(б)П-ның XV съезінде жарияланды. Осы мақсатпен 1928ж 27тамызда қазақ
байлардың малдарын тәркілеп,мемлекетке өткізу керек деген шешім қабылдады. Кеңес
өкіметі ұжымдастыруға қарсы деген жарлықпен 1929ж қазақ зиялыларының көп бөлігі
лагерьлерге аударылды. 1930ж 1сәуірде ұжымдастыру шаруашылықтың 50% қамтыды.
Кеңес өкіметі шаруалардың, колхоздардың өкіметі болғандықтан, байдық, жеке меншік
деген түсінік болған жоқ. Барлығы ортақ, мемлекеттің меншігіне тиесілі болды. Алайда,
жоғарыдан жіберілген бұйрық екі есе артығымен орындалып, бай және орташа байлармен
қоса, қарапайым лашықта тұратын, 1-2 аты бар жазықсыз адамдар да кіріп, мал-мүлкі
күшпен мемлекетке өткізілді. Барлық жинап, терген мүлкілерінен айырылып қалғылары
келмей, бір түнде шетел асып,көшіп кеткен қазақтар да болды. Алайда, олардың көбі
шекара асқанда оққа ұшырап, малдарымен бірге қырылып қалды.
Қазақ ауылдарын күшпен отырықшыландыру барысында шаруашылықтан ешбір хабары
жоқ партия мүшелері ұжымшалар пункттерінде жүздеген мың мал басын шоғырландырып,
киіз үйлерден көшелер мен кварталдар қалыптастырды. Бірақ, қорада қамалып, ауырып,
жем-шөп қоры таусылған мал көптеп қырыла бастады. Осындай теріс саясат салдарынан
қазақтар малдарынан айырылып, аштыққа ұшырай бастады. Егер ұжымдастыру
қарсаңында (1929ж) Республикадағы мал саны 40,5 млн болса, 1933ж 4,5 млн мал ғана қалды.
1930-1932ж аштық жылдары қарсаңында қазақстардың халық саны 5,2 млн адам болса,
1933ж 2,1 млн адам қалды, яғни, халықтың 49% аштықтан қырылды. 1млн 700мың адам
Қазақстаннан тыс аймақтарға көшіп кетті.
Күшпен жүргізілген ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстанда жалпы саны 372 бас
көтеру болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ ауданындағы көтеріліс табанды,
шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Бұл көтерілістің барлығы Кеңес өкіметі әскерінің
күшімен басып, жанышталып, көтерілсшілер аяусыз жазаланды.
Қазақстанда осы аштық туралы жүздеген қазақ азаматы, сонымен қатар, Қазақстанға
жер аударып келген Ресейдің зиялы қауым өкілдері Мәскеуге хабар жіберді. Елімізге белгілі
қазаққайраткері Т. Рысқұлов 1933ж Сталинге ашық хат жазған. Сонымен қатар, қазақ
даласын басқарған Ф.И.Голощекинге асыра сілтеу саясатына қарсы қазақтың қоғам
қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев, М.Ғатауллин
ашық хат жазды. Бұл қазақ әдебиетінде "Бесеудің хаты" деп аталады. Алайда, бұл хатқа
өкімет тарапынан жауап болмады, тек 1933ж Ф.И.Голощекин биліктен алынды, бірақ бәрі
де кеш еді, қазақ халқы орны толмас үлкен қасіретке ұшырады.
Қорытындылай келе, Кеңес өкіметіне қазақ сияқты өз жері, дәулеті, мал-мүлкі көп елдің
керегі жоқ еді. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін алып келіп, үлкен лагерьлер жасауды
жоспарлады. Осы себептен, 1929ж бастап патшалық Речей кезіндегі "көші-қон басқармасы"

қайтадан жұмыс істей бастады. Сонымен қатар Сарыарқа даласында КАРЛАГ лагері
құрылды. Кеңес өкіметінің осындай саясатына қарамастан, қазақ халқы соңғы күші
сарқылғанша өмір үшін күресіп жатты. Қазақстан әлеуметтік эксперимент жүргізудің
ошағына айналды.
Аймырзаева Назерке Талғатқызы
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
28.06.2022
520
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі