«Ұжымдық .Достық. Әріптестік»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұжымдық .Достық. Әріптестік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір педагог - тәрбиеші өз қабілетін көрсете отырып, өзара тыңдай білу, топтасып жұмыс жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұжымдық .Достық. Әріптестік»

Жаттығудың мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір –біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл –күйлерін көтеру.

Жұмыс түрі: Топтық жұмыс

Қажетті құралдар: Түрлі – түсті қағаздар, бояулар, қиынды гүлдер, сұрақтар жазылған карточкалар.

Жүру барысы: а) Сергіту жаттығуы ә) Топқа бөліну б) Ой жинақтау

в) «Мен және менің айналамдағылар» сурет салу ғ) Күн шуағы (рефлексия)

Жаттығу ережесі:

а) Өз ойын ашық айту

ә) Өзгелердің пікірін құрметтеу

б) Белсенді әрекет ету

в) Шынайлылық

г) Топтасып жұмыс жасау


Барысы: Амандасу рәсімі.

Кіріспе сөз: Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы ұжым.Ұжым – ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С.Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына қойған мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Достық – адамдарды бір –біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп байланыстыратын ізгілікті қарым – қатынас. Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдар болады.

1. Топқа бөліну.

Қатысушылар түрлі –түсті гүлдерден өзіне ұнайтын бір түсті таңдайды, сол таңдаған түстері бойынша топ құрып, үстелдерге отырады. Үш топқа мына аттар ұсынылады.

І топ: Ұжымдық ІІ топ: Достық ІІІ топ: Әріптестік

Әр топ мүшелері өз топтарының аталарын қорғап шығу керек. Тапсырма.

«Ой жинақтау» Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5минут уақыт.

І топ сұрақтары.

1.Ұжым дегеніміз не?

2.Өз қуанышыңызбен ұжыммен бөлісіңіз (Рөлге ену)


ІІ топ сұрақтары

1. «Достық» ұғымын қалай түсіндіресіздер

2. Достық қиындықта көрінеді (Рөлге ену)


ІІІ топ сұрақтары

1. Әріптестік сөзіне тұжырымдама бер

2. Бір жағдайға байланысты. Жұмыстан сұрандыңыз,әріптесеңізден өзіңіздің орныңызға қалуға өтініш білдірдіңіз (Рөлге ену)

Тапсырманы талқылау. Рөлге ену оңай немесе қиын болды ма?


«Ормандағы жаңбыр» ойыны

ойынға қатысушылар бірінен соң бірі қатарласып тұрады, жүргізуші мәтінді оқиды, ал қатысушылар орындайды. Орманда күн ашық, ағаштар бұталарын күнге қарап бағыттап, жапырақтарын күннің көзіне шуағына көрсету үшін ұмтыла түсуде. Сіздер ағаштарсыздар да, аяқтың ұшымен тұрып, қолдарыңызды биікке созып күнге барынша жақындай түсіңіздер. Қандай тамаша! Осы кезде қатты жел тұрып кетті, ағаштар тербеле бастады, тамырлары болғандықтан түптері мықты, аяқтың бұлшықеттеріне салмақ түсіріңіздер. Қатты жел жаңбырдың иісін шығарып қара бұлттарын алып келді. Ал ағаштарға сіркіреп тамшылаған , жаңбыр тамшылары үдей түсті. Сол кезде ағаштар бірін – бірі аяп кетті де жаңбырдың қатты тамшыларын сілкиді. Ағаштар өздерін сергек сезініп, өмірдің қуанышын байқайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2021
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі