Тақырыбы: Ұл мен қыз ұлт намысы
Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту. Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.
Іс- шара барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Ұл мен қыз ұлт намысы» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер ! Бұл іс-шара Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып мектебімізде «Саналы азамат» базалық бағыты «Айналаңа қара» кіші жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көп балалы ана болу оңай емес. Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Адамзат тарихында есімі елге танылған тұлғалардың көпшілігі көп балалы отбасында дүниеге келген.
2-жүргізуші:
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында «Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау» басты назарға алынған. Отбасы, ана, бала тақырыбы – күнделікті тіршіліктің тірегі. Отбасы қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігі ретінде қоғамға қажетті көптеген міндеттерді орындай отырып, ел дамуында үлкен рөл атқарады. Ұрпақтар бір-бірімен алмасып, адамның өзі «өндіріледі», оның тұқымы жалғасады. Бала ең алғаш рет отбасы тәрбиесін бойына сіңіреді.
1-жүргізуші:
Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
- Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.
1-жүргізуші:
Отбасы-ол,Отаным бақ
мекені,
Хақ тағала қияды ақ
некені.
Отбасы-бір мемлекет шағын
ғана,
Одан ұлы елдер де қап
кетеді.
Ыстық ұя ұйытқысы ғазиз
ана,
Анадан туылады небір
дана.
Жүрегінің төрінде біздер
бармыз,
Жүректен орын алсын асыл
ана-деп ортаға бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары
ардақты аналар, батыр аналарымызды
шақырамыз.
1. ____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3_____________________________________________________________
4._____________________________________________________________
5._____________________________________________________________
6._____________________________________________________________
7.______________________________________________________________
8._____________________________________________________________
9._____________________________________________________________
10._____________________________________________________________
1 жүргізуші:Сен білесің бе,дүниедегі ең сұлу кім?
2 жүргізуші:Дүниедегі ең сұлу – ол қазақ әйелі!
1 жүргізуші:Солай ма,қалайша?!
2 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған,әлемдегі ізгі адам;
1 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана;
2 жүргізуші:Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен,әлемдегі ең адал жар;
1 жүргізуші:Ұлттың ұйытқасы;
2 жүргізуші:Ұрпақтың анасы;
1 жүргізуші:Сен білесің бе?Аналар әр уақытта балалары үшін бәрін жасайды еркелетеді,араға түседі.
2 жүргізуші:Әрине,мұны «Анашым »өлеңінен білуге болады.Әрбір ана-өз баласының сүйікті досы,мақтанышы.Бізге ананың еркелеткені мен еңбегі мақтаныш.Сондықтан осы кешіміз аналарымызға арналады.
1-жүргізуші:
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
2-жүргізуші:
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-ана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанаашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. «Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Аналарымызға арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Қонаққа келіп отырған аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.
Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»
-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)
2-жүргізуші: Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»
-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
Үшінші ойын: «Сезім гүлі»
-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.
1-жүргізуші:
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса,
баланың бас ұстазы - ата - анасы. Отбасы - таным бесігі, отбасы -
үлгі - өнеге бастауы. Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан - мейір
алады. «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала -
жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының
үш тағаны іспеттес.
Баланы баптап бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп
Кешкенің өмір босқа тек- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,
жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке,
ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап
өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз
болса, оны демеуші- ата-анасы.
2-жүргізуші: Олай болса, аналарымыздан бүгінгі ұрпақ тәрбиесі туралы өз пікірлерін сұрасақ. Сіздің пікіріңіз.
Ата – аналармен өткізіледі.
1. Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?
2. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
3. Ұл мен қыз ұлт намысы дегеніміз не?
4. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
5. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?
6. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
7. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» мақалын қалай түсінесіз?
8. Қызға қырық үйден тыю дегенді қалай түсінесіз?
9. Ұлға қандай мінез жараспайды?
10. Балаларыңыздың ішінен ерекшеленетіні бар ма?
11. Көпбалалы ана болу сіз үшін өмірден нені ойға түйгізді?
Лездеме сұрақтар:
1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....
2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
3. Мен ренжимін, егер....
4. Мен қуаныштымын, себебі.....
5. Баланы үнемі қолдап отырса.....
6. Мен үшін бақыт деген.....
7. Отбасының қорғаны кім?
8. Балаңыздың ең жақын досы кім?
9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
10. Балаңыз қай партада отырады?
11. Балаңыздың қандай өнері бар?
1-жүргізуші: Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Көпшіліктің көкейінде оның бәрін қалай асырайды деген сауал туындайды. Артынша «Әр баланың өз несібесі бар» деп жатамыз, десе де оның оқуы, жоғары білім алуы мен қазақ үшін қасиетті үйлену тойын жасап, баспана әперу – әрбір қазақтың мұңы болғандықтан, көп балалы отбасына таңсықпен қарайтыны бар. Қазіргі қоғамда көпбалалы аналарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде?
2-жүргізуші: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп балалы аналардың бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алтын алқамен» – жеті, «Күміс алқамен» алты бала туған және тәрбиелеген аналар марапатталады. «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапаттау осы ананың алтыншы және жетінші баласы бір жасқа жеткен және қалған балалары тірі болған жағдайда жүргізіледі.
1-жүргізуші:
Бұл құптарлық қолдау екен. Келесі кезекті қыздарымыздың биіне берсек.Қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Ендігі кезекте осында отырған достарымызға сауал тастасақ
2-жүргізуші:
-
Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?
-
Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?
-
Көп балалы отбасының бір баласы болу сен үшін қандай жауапкершілікті талап етеді?
1-жүргізуші:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
1-жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрі
жаңғырған.
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзін
қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық
баршамыз:
Қазақ атты,үлкен-кіші,барша
жан!
2-жүргізуші:
Ата-бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді;
Ата жолын жалғапты.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз-деп келесі кезекті өнерлі ұл-қыздардың орындауында айтыс өнерін тамашаласаңыздар! Көпбалалы отбасынан шыққан өнерлі ұландарымыз Бағлан мен Заринаның айтысы!
1-жүргізуші:
Ана ыстық алтын алақаның,
Есімде әрбір айтқан ақылдарың.
Жетпейді жан анашым бір өзіңе
Әлемнің баға жетпес асылдары.
2-жүргізуші:
Арайлап атқан таңмен бақыттымын,
Тез ақ өтер зымырап уақыт шіркін...
Құстай ұшып жетермін алдыңызға,
Ақ құсыңды уайымдамай күте білгін-демекші келесі кезекті Ана туралы әнге берсек!
2-жүргізуші:
Тəрбиенің бастауы ыстық ұя
,
Біз құрақпыз,ата-ана бір
дария.
Ғылым білген
ғалым да тағзым етер,
Отбасы,ошаққасы,ол-жанұя.
Том
тарихты ақтарсаң Абай өскен,
Шаңырақтан
жылылық желдей ескен.
Тəрбие мен
бірліктің туы биік,
Татулық
шықпасыншы үнемі естен.
1-жүргізуші:
Ұлт рухының
айнасы саналатын,
Ол жаңарса
мемлекет жаңаратын.
Отбасының
байлығы ата-ана,
Қадірлейміз
олардың ғазал атын! Ортада қыздардың биін
тамашалаңыздар!
Қорытынды:
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл
берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға,
немерелер
Құрметті ата-аналар! Біз
сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың
түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан
ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең
үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан
оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін алдарыңыздағы
мейірімділікке толы ана алақанының
суретіне бүгінгі кездесуден алған
әсерлеріңізді, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса
барлығыңыз да осы жерде жазып, тақтаға ілулеріңіз
сұралады.

6
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұл мен қыз ұлт намысы (көпбалалы аналармен кездесу)

шағым қалдыра аласыз