400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлағатты білім ордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіне 50 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛАҒАТТЫ БІЛІМ ОРДАСЫ

Н.БЕКБОСЫНОВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ ОҚЫТУШЫСЫ

КУТТИБАЕВА АЛМАГУЛ СОЮЗОВНА

Білім ордасы–өмір бастауы, білім кемесі –даналықтың мұрасы екені сөзсіз. Қаншама еңбек адамдарын қанаттандырған білім шаңырағы бүгінде 50 жылдың тарихы бар іргелі оқу орындарының біріне айналды.

Сонау 1972 жылы негізі қаланған қара шаңырақ ел мүддесіне қызмет етіп келе жатқан кәсіби мамандарды даярлауда өресі биік оқу орындарының қатарынан түскен емес.

50 жылдық тарихында оқу ордасының іргесі бекіп, керегесі кеңіді. Білім шаңырағы биік белестерден өтті.

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі– энергетика саласында мамандар даярлайтын облыстағы жалғыз оқу орны.

Колледж білім алушыларға білім беруде, олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік үрдістерге қатысуын қалыптастыруда энергетика салалары мамандығының мазмұнын күшейтіп, тереңдетуде көптеген жұмыстар атқаруда. Бүгінгі заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға жаңа технологиялар мен тың идеяларды, инновациялық дамудың соңғы жаңалықтарын пайдалану – колледждің басты бағыты болуда.

Колледж басшылығының және ұстаздардың бірлескен іс–қимылының, үнемі ізденіс үстіндегі шығармашылық еңбектерінің нәтижесінде елдегі ең үздік оқу орындарының қатарына кіреді.

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан–жағына бағыт бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, білімді, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, кәсіби маман дайындау.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тәрбие жұмыстары-ның талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы орайда Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде атқарылып жатқан өнегелі істер баршылық. Халықаралық, республикалық деңгейде өткізіліп жатқан түрлі байқаулардан жүлделі орындар алуы осының дәлелі.

Ұлағатты білім ордамызда 30 жыл бойы қызмет атқарған басшымыз Ибраев Бейбіт Тахиұлы кезінде ұжым мүшелерімен қоян-қолтық жұмыс істеп, олардан іскерлікті талап ете білетін білімді де білікті басшы бола білді. «Уақыт өтеді, керуен көшеді» десек те ұстазға деген ілтипат, ізет өзгелерден бөлек қой.

Жаны жайсаң басшымызды ұжымда қатты сыйлап, бағалады. Еңбек жолының ыстығын да, суығын да тең көрген білікті басшымыз еңбек демалысына шықты.

«Өмірдің үш өлшемі бар», - дейді, - «Кеңдік», «Тереңдік», «Биіктік». Кеңдік – біздің заманымыздың, халқымыздың кеңдігі. Тереңдік – бүгінгі дәрежедегі жетістік. Ал, Биіктік- дегенде әркімнің шыққан тауы, шыңы, жері биік дейді. Ибраев Бейбіт Тахиұлының білім беру бағытындағы ерен еңбегі тек жетістіктерге жетелей берсін!

Қазіргі уақытта осы оқу орнының өркендеу жолында, бәсекеге қабілетті маман даярлауда Жумағали Айнагүл Көшкінбайқызы басқарған ұжымның еңбегі орасан зор.

Көптеген жұмыстардың жүйелі жүргізілуі колледж басшысы Жумағали Айнагүл Көшкінбайқызының салихалы, сарабдал əрекеті мен жоғары ұйымдастырушылық деңгейінің нəтижесі екені даусыз. Жүйелі жұмыс атқарып отырған колледж ұжымы өзінен білім нəрімен сусындап ұшқан түлектерімен мақтана алады. Қоғамның əр саласында түрлі еңбек етіп жүрген түлектеріміз еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосуда. Білім көкжиегінде елеулі орны бар білім ордасы талай жастарды өмірге қанаттандырып, нағыз азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңіруде. Заман ағымынан қалмай жаңа белестерді бағындырып келе жатқан оқу орнын 50 жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, ұжымға шығармашылық табыстар тілеймін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 ақпан
159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі