400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үлгерімі төмен оқушымен жұмысты саралау

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгерімі төмен оқушымен жұмысты саралау
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Ақтөбе қаласы.
Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған
гимназия директорының ғылыми- әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары Махамбетова Н.К

Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс
Психологгар мен педагогтардың зерттеулері бойынша үлгермеуші баланың шығуына үш
фактор себепші болады екен.
• Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
• Екіншіден, балалардың мінез - құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше
қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
• Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.
Үлгерімі төмен оқушылармен атқарылатын жұмыстың негізі түрі ол жеке жұмыс. Осы мақсатта
гимназияда 1- тоқсан қорытындысы бойынша анықталған үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
ұйымдастырылды. Алдымен әр мұғалім жұмыс жоспарын жасап, гимназия директорымен бекітті.
Қосымша сабақ кетесі қойылып, қосымша сабақтар берілді. Тоқсан соңында оқушының білім
сапасы алдыңғы тоқсанмен салыстырылды. Олар үлгерімі төмен оқушылармен тоқсан бойы
жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға
көмектесіп, пәнге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік білім стандарттарын меңгертуді
міндеттейді. Мұғалім сабақ кезінде үлгерімі төмен оқушылардың пәндерді меңгеруін,
нәтижелерін есепке алып, диагностикалау жүргізеді. Бұл оқушының сабақтың қай жерінде
олқылықтары бар екендігін анықтап, оқытудың қызығушылығын қалыптастырады, жеке көмек
береді. Диагностикалау арқылы оқушы үлгермеушілігінің себептерін анықтайды. Оқушылардың
білім сапасын арттыру үшін өз бетінше жұмыс істеп, қалыптасуы үшін алған білімдерін жүйелеу,
дұрыс сөйлеуді меңгерту және жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру
қажет. Тапсырмалар үлгерімі төмен оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынады. Тоқсан
соңында әр мұғалім жасаған жұмыстарына анализ жасап, сапасы көтерілген оқушыларды
көрсетті.
Қосымша сабақтар төмендегі критерилермен жүргізілді
1. Сабақта еркіндік және қолайлы орта қалыптастыру
2. Мысқылшылдыққа жол бермеу
3. Еркін диалог жүргізе білу
4. Вербальды емес қарым-қатынасты (суреттер, таблицалар, схемалар, жоспарлар) қолдану
5. Сөздіктермен және басқа анықтама материалдармен жұмыс істеуге үйрету
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:
Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына
уақыт беру. Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс. Ауқымды, көлемі үлкен, әр-
түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды
ақпаратқа байланысты бөліп беру. Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін
талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн. Жауап
сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл
сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді. Оқушы жауапты дайындап жатқан
кезде. Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез
келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы
жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын
көрсете білуі керек.
Сабақ уақытында анықталаған үлгерімі төмен оқушының диагностика нәтижелерін ескере
отырып, саралау тәсілдерін таңдау, құрылған оқушылар топтары үшін деңгейлі тапсырмаларды
әзірлеу. Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға сараланған тәсілді жүзеге асыру.
Сараланған оқытуды ұйымдастыруда жеке ерекшеліктер, қабілеттер, қызығушылықтар
негізінде қалыптасады. Бірінші топ оқушылардан тұрады.


Page 2

Оқу мүмкіндіктерінің жоғары деңгейімен және үлгерімнің жоғары көрсеткіштерімен, сондай-ақ
орта оқу мүмкіндіктері бар және танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейі бар оқушылар.
Бұл топ үшін ең бастысы оқытуды ұйымдастыру.
Психологиялық функцияларды орналастырудың табиғи жеделдетілген процесін тежемейтін
тиісті қарқынмен. Маңызды сәтке назар аудару. Оқушылардың қызметі. Ең дарынды балалар
үшін жеке тапсырмалар мен жаттығулар әзірленеді.
Екінші топ пән бойынша үлгерімінің орташа көрсеткіштері бар оқушылардан құралған
жиынтық. Бұл топ үшін мұғалім үшін ең маңыздысы оқушылардың ерікті ішкі мотивациясын
қалыптастыру, зияткерлік еңбекке жеке назар аудару қызметі болады. Үшінші топ танымдық
қабілеті төмен оқушылардан тұрады.
Қалыптасқан танымдық қызығушылықтың төмен деңгейі, пәндер бойынша үлгерімнің төмен
көрсеткіштері.
Үшінші топтағы оқушылармен жұмыс көп күш жұмсауды талап етеді. Топтың ішіндегі
оқытудағы жеке көзқарас. Топтық саралауды жүзеге асыра отырып, келесі талаптарды
басшылыққа алу қажет: оқушыларға қолайлы атмосфера құру, өйткені оқу процесі
ынталандырылды және бала өзінің жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкес оқыды, ол
нақты түсініп, одан не күтілетінін түсінуі керек. Құрылымы бойынша сараланған оқыту көп
қырлы ұғым. Саралау элементтерін енгізу арқылы сабақтарымызда біз негізінен бір мақсатты
ұстанамыз.Бұл өз бетінше жұмыс жасау кезінде әр оқушының алға жылжуының бірдей
қарқынын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өзінің шығармашылық күшімен жұмыс істейді, өзіне
деген сенімділікті сезінеді, еңбек қуанышын сезінеді, бағдарламалық материалды саналы және
берік игереді
Қорытынды : Сараланған тәсілдердің нәтижесі - сыныпта артта қалған оқушылардың болмауы;
- деңгейден деңгейге өз бетінше ауысатын барлық оқушылардың толық жұмыспен қамтылуы; -
жеке қасиеттерді қалыптастыру: Тәуелсіздік, еңбекқорлық, өзіне деген
сенімділік,шығармашылық; - танымдық қызығушылық пен оқуға деген ынтаның артуы; -
оқушылардың қабілеттерін дамыту болып табылады
Ұсыныс: Қмж, сабақ уақытында саралау тәсілдерінің бірнеше түрін төменде көрсеткем соны
үздіксіз пайдалану
Үлгерімі төмен оқушымен жұмысты жүйелі жүргізу, қосымша сабақтарды әрі қарай сапалы
жалғастыру























Page 3

Мақсат
бойынша
саралау
Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып,
оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін
қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады.
Нәтиже немесе
өнім бойынша
саралау

Нәтиже немесе өнім бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей
тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және
қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да
ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз
деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі
болады.
Ресурс немесе
мәтін бойынша
саралау

Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен
жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір
сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене
отырып, өз жауаптарын негіздей алады.
Тапсырма
бойынша
саралау
(деңгейлік
тапсырмалар)
Тапсырмалар бойынша саралау барысында таратпа материалды қолдану
деңгейі біртіндеп күрделенеді. Бастапқы тапсырмалар кейінгі
тапсырмаларға қарағанда жеңіл болғанымен, кейбір оқушылар үшін
қиындық туғызуы мүмкін. Кейінгі тапсырмалар күрделірек болғанымен,
бастапқы деңгейді нәтижелі орындаған қабілетті оқушылар үшін қиындық
туғызбауы да мүмкін.
Диалог негізінде
саралау
Кез-келген білім алушы үшін маңызды ресурс - қағаз емес, электронды
құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім
мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Қабілеті төмен оқушы
ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары
оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді.
Оқушыға жеке
қолдау көрсету
арқылы саралау
Саралаудың бұл түрі жоғарыда аталған диалог арқылы саралаумен
байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі
үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы
қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс.
Сабақтағы
қарқын
бойынша
саралау

Кейбір оқушылар ақпаратты баяу қабылдайды, басқалардың
қабылдау жылдамдығы өте жоғары болуы. Сабақты жоспарлау
барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды
орындау жылдамдығы ескерілуі шарт. Қабілетті білім
алушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін – тапсырманы
шұғыл және жоғары жылдамдықта орындау маңызды.
Мазмұн
бойынша
саралау

Кейбір оқушылар бағдарлама бойынша негізгі тақырыппен
шектелмей, қосымша ізденіп, бағдарламадан тыс ақпаратқа
ұмтылады. Мазмұн бойынша саралау барысында сандық ақпаратқа
емес, сапалық мазмұнға көңіл аударып, уақытты тиімді
пайдалануға мән берген дұрыс.
Оқушының
дербестігі мен
жауапкершілігі
бойынша
саралау
Аталған саралау түрі оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы
саралауға ұқсас. Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі
бойынша саралау барысында өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау оқу
процесінің ажырамас бөлігі болып саналады. Қабілетті оқушылар
қалыптастырушы бағалаудың аталған түрлерінің мәнін жылдам
түсініп,тапсырманы нәтижелі орындайды.
Ақпаратты
қабылдаудың
басым тәсіліне
қарай саралау
Аудиалдар қоршаған әлемді дыбыстық бейнелер негізінде
қабылдағанды жөн көреді. Визуалдар-көрнекі бейнелер арқылы
әлем туралы ақпарат алыңыз.
Кинестеттер ақпаратты сезім, әсер мен әрекет арқылы қабылдауға
бейім.


Page 4

Оқыту ортасы
бойынша
саралау
Кейбір оқушылар үшін аудитория ішінде өзін қалыпты сезінетін,
алаңсыз жұмыс жасай алатын орны да маңызды рөл атқарады.
Сол себепті, оқушы үшін қолайлы орынды немесе ыңғайлы топты
анықтау – мұғалімнің міндеті. Мұғалім оқушының жеке
қажеттілігіне сай олардың өз бетінше жұмысын белсендіретін
нақты нұсқаулар беруі қажет.
Таңдау
бойынша
саралау
Таңдау бойынша саралау барысында оқушылар өзі үшін қызықты
және өз мүмкіндігіне сай келетін тапсырманы таңдай алады.
Оқушылар көптеген тапсырмалар тізімінің ішінен алға жылжуда
өздері үшін бастапқы болып саналатын жұмыс түрін, ақпаратты,
материалды, заттар немесе процесті таңдай алады.
Қарым-
қатынас
бойынша
саралау
Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту – саралаудың тиімді тәсілі
болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің
құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз
ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса
алады.




































Page 5


























Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 маусым
19
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі