Үлкен үміт арттырған шәкірт!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлкен үміт арттырған шәкірт!

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлкен үміт арттырған шәкірт!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлкен үміт арттырған шәкірт!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

М.Жұмабаев


Иә, бұл өлең жолдары - бойында қаны тулаған қазақ жастарына деген үлкен үмітпен жазылған арнау. Сөзімді бұл өлең жолдарымен бастаған себебім, бүгінгі мен таныстырғалы отырған мектебіміздің ғана емес, отбасының, бір облыстың мақтанышына айналған , жас та болса көптегени белестерді бағындыра білген -

Сәмбет Саят Төреханұлы.

Ол 2011 жылдың 9 шілдесінде жарық дүние есігін ашқан. Қазіргі таңда

А. Рудаки атындағы №23 ЖББМ 7 А сынып оқушысы. Мінезі салмақты, артық сөзбен шаруасы жоқ жас жеткіншек мектепте өз ұстаздарына да , достарына да сыйлы.

Оның бала кезден спортқа деген ерекше ықыласы көзге түсіп, бокстан спорт үйірмесіне қадам басады. Бұл бағытты таңдап келген оның, қазіргі деңейге жетуіне біршама уақыт кетті. Ақырындап темірдей тәртіп пен үздіксіз жаттығулардың арқасында, алғашқы жүлделі орындарын ала бастады. Оның спортқа деген сүйіспеншілігі, әр жекпе-жекке шыққандағы өзіне сенім артқан адамдардың алдындағы жауапкершілігі ерекше сүйсіндіреді.

Солардың бірнешеуін айта кетсек «9-Мамыр Жеңіс күні» мерекесіне орай Ұлы отан соғысының ардагері, Социалистік еңбек ері Шаблан Ділдабековты еске алуға арналған сайыста өз салмағы – 32 кг категорияда жүлделі I - орын, бокстан кіші жасөспірімдер және балғын балалар арасында Алматы облысы, Қарасай аудандық ашық біріншілігінде I - орын, Өзбекстан елінде өткен жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілікте жүлделі I - орын иеленді. Сонымен қатар 2023 жылдың Жетісай ауданы ‘Үздік боксшы”, 2024 жылы ‘Үздік боксшы’’ атағына ие болды.

Шәкіртіміз мұнымен тоқтап қалған емес. Саяттың атасы, сол ауылдың құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Дүйсенбиев Сәмбет - немересін мақтан тұтады. Бар болғаны 13 жасар жігіттің осыншама спортқа деген қызығушылығы, бағындырып жатқан белестері көз қуантарлық. Атасының әр жарыс алдындағы немересіне берген ақ батасы оған үлкен қолдау мен өзіне деген сенімділік сыйлайды.

Бүгінгі таңда А. Рудаки мектебінің мақтанышына айналып отырған шәкіртіміз сабағында өз деңейінде оқиды. Ұстаздары оның үлкенге құрмет көрсете алатынын, әлсізге қорған бола алатынын ерекше ризашылықпен айтып отырады. Достарының алдында өзін олармен теңдей ұстап, өз қатарына үлгі болып отырған жайы бар. Мектебімізде бұл баланы танымайтын, ауылда оның жеңістеріне сүйсінбейтін жан кемде-кем.

Бүгінде жас боксшының тілекшісі болып отырмыз. Қаршадай жас жеткіншек қазіргі таңда өз мектебінің, ауылдың, тегінің атын шығарса, келешекте дүние жүзіне елінің атын шығаратын, әлемге әйгілі боксшы болады деп сенеміз. Арманы асқақ, мақсаты биік шәкіртімізге спорт жолында жеңістер тілейміз!



А.Рудаки атындағы №23 ЖББМ-нің директоры Қ.Кузбакаров

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2024
111
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі