Материалдар / Ұлт - мемлекет дамуының басты кепілі

Ұлт - мемлекет дамуының басты кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман ағымына қарай цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану. Білімге деген жастарға Елбасының жолдауларында айтылған ңске асыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
277
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұлт – мемлекет дамуының басты кепілі


Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені даусыз. Қазіргі білім мен техниканың дамыған заманында оқу үрдісінде бәсекеге қабілетті болатын әлемдік деңгейге шығатын жас ұрпақты білімді, мәдениетті, тәрбиелі, жан - жақты болып қалыптасуына ұстаздың еңбегі зор.

Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай атамыз айтып кеткендей және де ұстаздың өзі - адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлікті қажет етеді.

Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, білікті білімі, мәдениеттілігі, сабырлығы, ұйымдастырушылық қабылетімен, бірдей көңіл бөле және тіл табыса алатын, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алуы.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.

Болашақты ойлайтын ұстаз шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алатын, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалық касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер ұстазды жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.

Елбасы Н.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса көңіл аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан білім саласына қолдау көрсетті. Жастардың білімін жетілдіру үшін «Қазақстан - 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, технологияларды өмірде пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мімкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек», -деген болатын.

Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ елімізді көкке көтереді. Еліміздің болашағы жастардың сапалы білімі мен тәрбиесі, талап-тілегіне, арман-мұратына байланысты қалыптасатыны сөзсіз. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрімізді жаңғыртып қоймай, экономика, ғылымын дамытуға, жігерлене ел үшін еңбектенуге міндетті.

«Қазіргі заманда жастарға білім беру өте қажет» деп Елбасымыз айтқандай, білім беру саласында жаңа IT технологияларын қолдану басты мақсат. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елдегі саяси жүйені жетілдіруге, адами капиталдың сапасын жоғарылатуға, IT-саланы дамытуға, жаһандық экономикаға бәсекелестікті арттыруға, жаңа индустрияларды одан әрі ілгерілетуге негіз қалап отыр. Жолдауда негізгі мәселелердің бірі - адам капиталын дамыту. Ал адам капиталдың өзегі – білім. Білім болашақ кепілі. Білім арқылы бәсекеге түсу, білім арқылы озу - қай жағынан алғанда маңызды міндет. Білім әлемдік деңгейде шығу үшін, студенттеріміз көптеген озық технологияларды меңгеруі, жан-жақты, білім алып дамуына қолдау көрсету әр оқытушының міндеті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін «Білімнің салтанат құру» бөлімінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді деп атап өтті.

Заман ағымына қарай инновациялық технологияларды қолдану, кез келген сабақта цифрлық білім ресурстары мен электрондық оқулықты, интерактивті тақта, интернетті пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасау.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қашықтықтан оқытуды біртіндеп дәстүрлі оқуға көшуді, қолжетімді әрі сапалы білім беру бәсекеге қабілетті маман дайындау және «Біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарқында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» деп атап өткендей, қашықтықтан оқыту технологияларының кез келген цифрлық білім беру ресурстары мен АКТ-ның сан алуан нұсқаларын пайдаланып қашықтықтан оқыту "Online", "offline" және "MODDE" жүйесі мен "ZOOM" " платформа мен ютуб каналында бейне сабақтары, инновациялық оқу әдістемелерді енгізу арқылы студенттердің саналы да сапалы білім сапасын арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технология пайдаланамын:

- студенттердің шығармашылық қабілеттері мен зерттеу әрекетінің дағдыларын дамытуға;

- коммуникативтік қабілеттерді дамыта отырып, студенттердің ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға;

- студенттердің білімге деген қызығушылын арттыруға;

- компьютерлік бағдарламалармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын арттыруға және т.б. мүмкіндік береді.

Студенттердің білімін бағалауда өтілген тарау немесе тақырыптарды қайталау барысында немесе жаңа материалды бекіту барысында цифрлық білім беру ресурстарын төмендегі көрсетілген схема бойынша жұмыстар жасауға болады.


Құрылған тестті әлеуметтік желілер арқылы немесе электронды пошта арқылы (тест, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақтар, викториналар және т.б.) сілтемені жіберуге ең ыңғайлы.

Оқытушы сабақ барысында төмендегідей тест түрлері қолдануға болады. Толықтыру тесті, еске түсіру тесті, сәйкестіру тесті, білімді бекіту және білімді жүйелеу т.б. Тестілеудің артықшылығы студенттердің білім дәрежесі әділ бағаланады және танымдық іс-әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды.

Студенттің сабаққа деген қызығушылығы арттыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді ой елегінен өткізіп, тиімді деген жолдарын қарастыру ұстаздың шеберлігіне байланысты.

Қорыта айтқанда, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды меңгеру ұстаздың зияткерлік, кәсіптік, рухани, келбетінің қалыптасуына әсері зор.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ