Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
ойын-сауық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі»

Тәрбиешілерге арналған мереке

Д/ш нұсқаушысы: – Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, әріптестер! Сіздерді келе жатқан 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілеймін. Егеменді еліміз гүлдене берсін! Сіздерге арналған «Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Музыка ойналады.

Д/ш нұсқаушысы:

- Қане, спортшылар!

Тік тұр!

Жүргізушіге қарай басыңды бұр!

Тік тұр!

Оңға бұрыл!

Тәрбиешілер бір тізбекпен алға жүреді. Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасату. «Биші әйел» – аяқтың ұшымен, табанмен жүру. «Балапан» – өкшемен жүру, «Пони» – ауыстырмалы қадам, «Күркетауық» – тізені бүгіп жүру.

Жүгіруге арналған жаттығулар: «Құс» – аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру. «Құлыншақ» – тізені жоғары көтере жүгіру, «Жылан» – әдісі бойынша, «Балапандар» – шашыраңқы жүгіру.

Секіруге арналған жаттығулар: «Қоян» – екі аяқпен секіру, «Бақа» – отырып тұру арқылы алға қарай қимылмен секіру, «Қайшы» – аяқты айқастыра секіру «Зырылдауық» – өзін айнала секіру. Жалпы дамыту жаттығулары музыка әуені сүйемелдеуімен орындалады. Тәрбиешілер ілгері жүреді, екі колоннаға сапқа тұрады. Осы сайысқа баға беруші әділқазылар алқасымен таныстыру.

Д/ш нұсқаушысы: – «Сәлем – сөздің анасы» -деген нақыл сөз бар. Екі топ өздерін таныстырып жіберсін.

1 - сайысымыз сұрақ-жауап.

1 сұрақ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қай жылы алды және егемендігімізге неше жыл толды?

Жауап: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 24 жыл толды.

2-сұрақ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторы кім және әнұран қашан бекітілді?

Жауап: Сөзін жазған: Жұмекен Нажімеденов , Нұрсұлтан Назарбаев. Компазитор: Шәмші Қалдаяқов. Бекітілді 2006 ж 6 қаңтарда.

3-сұрақ

Өткен ғасырларда өмір сүрген ел басқарушы, халқымызды тәуелсіздікке бастаған қазақ жандары кімдер?

Жауап: Халқымызды тәуелсіздікке бастаған хандарымыз Абылай хан, Бөкей хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Керей хан.

4-сұрақ

Қазақ халқының батырларын атаңыздар.

Жауап: Қабанбай, Бөгенбай , Наурызбай, Саурық, Райымбек, Қарасай батырлар

5-сұрақ

Жеті қазынаға не жатады?

Жауап: Жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, бөрен мылтық, алмас қылыш, ер жігіт, сұлу әйел.

6-сұрақ

2012 ж Лондонда өткен олимпиадаға қатысқан Қазақстан елінің чемпиондарын атаңыздар?

Жауап: – Илья Ильин, Мая Манеза, Светлана Подабедова, Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Серік Сапиев, Ольга Рыпокова.

7-сайыс: Отан туралы мақал-мәтел сайысы.

Д/ш нұсқаушысы: - Сұрақ-жауап сайысының бағалары.

1-эстафета: «Баскетбол» ( баскетбол шитіне допты кедергілер арасымен тура апарып түсіру).

2-эстафета: «Орамалды ілу» (тартылып тұрған жіпке орамалдарды ілу).

3-эстафета: «Бубенді соқ» (шведтік қабырғаға мініп бубенді соғу).

4- эстафета: «Чехарда» (бір-бірінің үстінен секіріп өту).

5 - эстафета: «Тікенек доппен» ( допты тамақтың астына қойып, бір-біріне беру. Белгіленген жерге дейін бару, кері қайту).

6- стафета: «Қаппен секіру».

7-эстафета: «Шарды жару» (екі-екіден арқаларымен тұрады, орталарында шар, белгіге дейін барып, шарды жару керек).

Әр тапсырманың соңында әділқазы алқасы сайысқа қатысушыларды бағалап ұпай сандарын көрсетіп отырады.

Д/ш нұсқаушысы: - Құрметті сайысқа қатысушылар, сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

Әділқазы алқасы өздерінің қорытынды бағаларын айтып, сайысқа қатысушыларды құттықтап марапаттайды.

Д/ш нұсқаушысы: - Құрметті әріптестер, қонақтар! Бүгінгі мерекеміз өз мәресіне келіп жетті. Сіздерге зор денсаулық, күш- қуат тілейміз. Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Келесі спорттық мерекелерде кездескенше аман-сау болыңыздар!
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі