"Ұлттың келешегі ұлттың тілінде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлттың келешегі ұлттың тілінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге,тәрбиешілер мен сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұлттың келешегі ұлттық тілінде

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» (Ахмет Байтұрсынұлы). Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан жазылмаған заңдай сөзі жұртымыз, ұлтымыз жоғалмау үшін ұлттық тілімізді жоғалпауымыз ләзім. Ал тіліміз жоғалмас үшін ана тілімізді мемлекеттік тіл мәртебесіне толық жеткізіп, оның қоғам өмірінде кең түрде қызмет етуі үшін күресуіміз қажет.

Тілдің негізгі 3 қызметі, яғни коммуникативтік (қарым-қатынастық), экспрессивтік (ойды жарыққа шығару) және аккумулятивтік (мұралық) қызметтері бар. Ал тілдің қоғамдық өмірде 50-ден астам көмекші функциясы бар. Олар қоғамдық өмірдің от басы, ошақ қасынан басталып, балалар бақшасынан түрлі мекемелер мен ұйымдардың, өнеркәсіптердің ресми және іс қағаздарын жүргізу құжаттарын қамтиды. Сонда ғана тіліміз келешекте мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілмек, қоғамдағы өзіне тиесілі орнын алмақ. Тіліміздің қоғам өміріндегі орны мызғымас болса, кешеден, ата-бабамыздан мұра боп жеткен ұлы тілімізді көздің қарашығындай сақтап, келешекке, ертеңге асыру үшін әрбір қазақ өзі еңбек етіп жүрген жерінде тілге бүгін қызмет етуге міндетті. Сондықтан төл тіліміздің кешегісі мен бүгіні және ертеңі жайлы өз ой толғамдарымды ортаға салып көрейін.

Кез келген халықтың мемлекет болуының бес белгісінің бірі – ортақ тілінің болуы. Унитарлық мемлекеттегі мемлекет құраушы ұлт тілінің мемлекеттік тіл болуы – заңды құбылыс. Десек те Кеңес Одағы кезінде, Қазақстанның тәуелсіздік алған 15-20 жылында осы аксиомалық қағида толықтай болмаса да, ресми емес тұрғыда мойындалмай, мойындалмағандықтан, іс жүзіне асырылмай келді. Іс жүзіне асырылмауының басты себебі ата заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл дегенмен қатар орыс тілі ұлт аралық қарым-қатынас тілі деген солқылдақ заң тармақшасының болуы еді. Ол әлі де бар. Кешегісіне көз салсақ, әрине, ХХ ғасырдың соңғы он жылдығындағы Қазақстан халқының 70-80 %-ының орыс тілді болуы бұған да әсерін тигізбей қойған жоқ. Мемлекеттік тіл өз мәртебесін толық орындау үшін халық әдеби тілдің өз мамандықтары мен кәсіптеріне орай бес стильдің түрлерінің барлығында сөйлеуі және жазуы қажет. Бұл – мемлекеттік тіл – қазақ тілінің кешегі, яғни 1991-2009 жылдардағы ахуалы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік тіл ахуалының бұлай болуының басты себептері: халықтың демографиялық мөлшері мен тілдік жағдаят және мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тіл талаптарының орындалуына жауапсыздығы. Мемлекеттік тілдің қызметі толық іске асу үшін ауызекі сөйлеу тілі, ресми және іс қағаздары, публицистикалық, ғылыми-педагогикалық және көркем әдебиет стильдерінің ішіндегі алғашқы 3 стильде ауызша да, жабаша да қолданылуы міндетті.

Осы ғасырдың оныншы жылдарынан бастап мемлекеттік тіл – қазақ тілінің толық қанды өз мәртебесінде жұмыс істеуіне мүмкіншілік туды, ол еліміздегі демографиялық ахуалдың, яғни қазақтар мен қазақ тілін еркін меңгерген азаматтардың саны 70%-ға жетті. Тіпті жылда қазақша мектеп бітірушілердің үлесі де 3/2-ге жетті. Ендігі қалған мұрат – ол мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру.

Тағы да Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың сөзімен түйіндесек, «Ел болу үшін білімді, бай, күшті болу керек. Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін жұмыс істеу керек, күшті болу үшін бірлік керек. Осы керектердің жолында еңбек ету керек». Ұлттың келешегі ұлттық тілімізде болғандықтан, оның келешегі үшін білімді, іскер және күшті болуымыз қажет. Кешеден жеткен баға жетпес құндылық ана тіліміз үшін бүгін күреспесек, ертең кеш болады. Ал біздің кешігуімізді келешек ұрпақ кешірмейді!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2020
266
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі