Ұлттық бірлік және «Бірлік туы»: Мұстафа Шоқайдың мұрасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық бірлік және «Бірлік туы»: Мұстафа Шоқайдың мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұстафа Шоқай туралы қызықты ақпаратты. «Бірлік туы» — Қазақстандағы алғашқы қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси газеттердің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық бірлік және «Бірлік туы»: Мұстафа Шоқайдың мұрасы

Тарихта бірлік пен ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Дәл осы тұста ұлттық бірлік пен тәуелсіздік жолында күрескен тұлғаларды атап өткен жөн. Солардың бірі — Мұстафа Шоқай. Шоқайдың еңбектері мен идеялары бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ. Шоқай 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ұлттық қозғалысқа белсенді қатыса бастады. Ол Түркістан автономиясын құруға атсалысып, «Түркістан» газетінің редакциясын басқарды. Оның жазған мақалалары мен пікірлері сол кездегі қазақ халқының жағдайын жақсартуға бағытталды. Мұстафа Шоқайдың ауқымды еңбегінің бірі — "Бірлік туы" газетінің дүниеге келуі. Бұл газеттің бар жоғы 2 номерінде редакторлық қызметін атқарды. "Бірлік туы" — қазақ зиялыларының идеялары мен ұлттық сананың ұйытқысы ретінде қызмет етті. "Өз еріктерің өздеріңде" деген большевиктер ұранынан кейін "Бірлік туында" автономия құруға әзірлік жасалды. Газет ұлттық мүддені қорғап қана қоймай, саяси мәселелерді қозғап, халқымызды қиын қыстау кезеңдерден алып шығуды мақсат етті. Мұстафа Шоқайдың ұлттық мүдделерді қорғаудағы маңызды құралы болды. Бүгінгі күні бұл газеттің мұрасы қазақ журналистикасының және қоғамдық ойының қалыптасуында маңызды орын алады.

Мұстафа Шоқай XX ғасыр басындағы ұлт азаттық және әлеуметтік қайта жаңғырту үшін басталған қозғалыстың көш бастаушыларының бірі болды. Сонымен қатар, ол Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі. 1917 жылы "Қазақ" газеті арқылы Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы және Мұстафа Шоқайұлы қол қойған атақты "Алаш ұлына" үндеу жазылды. Бұл үндеуде: "Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!" деп басталады. Әлихан бастаған Алаш арыстарымен 1917 жылы Орынборға Алаш автономиясын құруға Түркістаннан Мұстафаның да келгені тарихтан белгілі. Бұл арқылы сын сағатта ел көсемдерінің бірлікте болғанын аңғарамыз. Сол кезеңдегі Мұстафаның арманы — құлаған уақытша үкіметтің қайта құрылуы еді. Уақытша үкімет келмеске кеткеннен кейін Ташкент қаласында Ұлттық орталық мүшелерінің жиналуы мүмкін болмады. Мұстафаның қонақ үйдегі бөлмесіне күніне бірнеше рет қарулы орыс әскерлері келіп, оны үздіксіз бақылауға алды. Ташкенттен қолдау таппаған Мұстафа Шоқай екі жолдасымен Самарқанға барды. Ол жердегі жергілікті тұрғындардан қолдау болмайтынын жете түсінді. Артынша Самарқаннан Ферғанаға келді, бұл жерде де жағдай өзгермеді. Құлаған үкіметке жақ бірде-бір мұсылман болмады. Мұстафаға уақытша үкіметтің қорғаушысы болу оңай болмады. 1918 жылы Мұстафа Шоқай большевиктер билігіне қарсы шыққаннан кейін шетелге кетуге мәжбүр болды. Ол Францияға көшіп, Парижде эмигранттық өмір сүрді. Шоқай Еуропадағы түркі халықтарының мүддесін қорғап, халықаралық аренада Түркістан мәселесін көтеруге тырысты. Ол «Түркістан халықтарының құқықтары» туралы көптеген баяндамалар жасап, Батыс елдерінде кеңінен танылды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Мұстафа Шоқай — тек қазақ емес, бүкіл түркі халықтарының тарихында орны ерекше тұлға. Оның өмірі мен қызметі тәуелсіздік, ұлттық бірлік және мәдени мұраны сақтау мәселелерінде бүгінгі ұрпаққа үлгі. Шоқайдың идеялары мен күресі қазіргі таңда да рухани жаңғыру мен ұлттық сананы дамыту үшін маңызды болып табылады.



Орындаған: Жанерке

Абайқызы Ногайбай

Жетекшісі: Римма

Серікәліқызы Жақсылықбаева



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2024
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі