Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұлттық киімді дәріптеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық киімдерді дәріптеуіміз керек

Бұл апталықта білімгерлер жалпы Қазақ халқының, өз ұлтының ұлттық киімінің жасалуы мен құндылығы туралы, киімді қадірлеуді, киімді күту жолдарын үйренеді.

Әр білімгер өз беттерінше ұлттақ киімге дене ойларымен бөлісіп мәнін аша алады.Бұл апталық Абдиева Гүлшат,Жұмабаев Еркін,Утегенова Гүлмира ұстаздар және білімгерлердің қатысуы мен өтті.

Абдезова Хасан

Абдуллаев Асилбек

Амантай Сержан

Белгібай Қайсар

Бекмұратов Абылай

Ботбайбек Бақдәулет

Дәулен Аян

Қасымбай Ернур

Жүнісова Айдана

Сәтқұл Аружан

Ибрагим Үміт

Білімгерлер Ұлттық киімді киіп өз қалауларынша сәндеп басқа білімгерлерге Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы айтып өтті.

Баяндама

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлекдамбалжелеткекәзекей; сырт киімдерге: шапанкүпікеудешетоншидем; сулық киімдерге: шекпенқаптал шапанкебенек кенепсырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішікжанат ішікқасқыр ішіккүзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұғамәуітіүш топ барқытатласкөк беренманатқырмызыторғынләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.

Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.

Тәуелсіздік жылдарында төл жәдігерлеріміз – ұлттық киімдеріміз бен қолөнерімізді дәріптеуге айрықша көңіл бөліне бастады. Бұл ретте, Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ескі Иқан ауылында Эркін Имамалиев басқарып отырған Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжіндегі «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында білім алушылар ұлттық нақыштағы киім үлгілерін тігумен шұғылданып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауға мүмкіндік алуда. «Ел іші – өнер кеніші» демекші, аймақтарда осы саланы дамытуға үлес қосып, өз өнерлерімен танылған шеберлердің шоғыры көбейді. Осы орайда, колледжімізде ұмыт болып бара жатқан дүниелерімізбен қайта қауыштыру әрі жергілікті іскерлердің өзара тәжірибе алмасуына ұйытқы болу мақсатында көрмелер, өнер фестивалдары тұрақты түрде өткізіледі.

Соңғы кездері елімізде шағын кәсіпкерлікті қолдау кең етек алуда. Әсіресе, үкімет кәсіпкерлікті дамытуға көп көмек беруде. Ал біздің игеріп жатқан мамандықтарымыз шағын кәсіп орнын ашуға өте қолайлы. Мәселен, біздің колледжімізде Атамекен Кәсіпкерлер палатасы тарапынан «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсы тегін оқытылып, соның нәтижесінде сертификат беріледі.

Бұл ретте, студенттердің сапалы кәсіби білім алуына колледжіміздің ұстаздары да үлкен үлес қосып отырғанын атап өткен жөн. Атар айтар болсақ, «Тігінші» арнайы пәндер бірлестігінің оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері осы күнге дейін киім тігудің қыр-сырын жастарға үйретуден жалыққан емес. Мақсатымыз – ата-баба дәстүрін кеңінен насихаттау арқылы жастарды төл өнерді бағалауға, ұлттық мұраны сақтауға үндеу.

Колледжде «Тігін өндірісінің технологиясы» дәрісханасы, «Көркем безендіру және модельдеу» зертханасы, «Тігін шеберханалары» заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда жастар сабақтан тыс уақытта киім үлгілері мен коллекцияларды модельдеп-құрастыруды, киім, кесте, перде тігу, ұлттық киімдерді нақыштау, қолдан бұйымдар жасау, ұлттық киімдерді жаңғыртуды алдына мақсат етіп, соған қарай еңбектеніп жатыр.

Әр ұлтты өзге ұлттан айыратын оның сыртқы сипатын анықтайтын белгілерінің бірі – ұлттық киімі. Сондықтан, ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің бір бөлігі болып саналады. Ұлттық киім бар да оны кию мәдениеті де бар. Біз сол мәдени дәстүрді жоғалтып алмауымыз керек. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
1117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12