-
«Күміс алу» ойыны.
Ойын алаңы, кубик, қойлар мен діңгектерден тұрады. Діңгектерден қой қорасы жасалады. Ойынға екі бала қатысады.
Ойынға қатысушылар қой қораны бөліп алады. Санамақ арқылы балалар ойынның жүрісін алады. Жүріс алған бала кубикті тастайды.
1.Егер кубик бір нүкте, үш үтірі бар жағымен түсетін болса, ойыншы бір жүріс жүреді, үш діңгек сатып алып, бұл діңгектерді кіші жасыл дөңгелектерге қояды (бұл – қойды қамауға арналған қора).
2.Егер кубик бір нүктесі, екі үтірі бар жағымен түссе, ойыншы бір жүріс жүріп, екі діңгек сатып алады.
3.Егер кубик үш нүктесі бар жағымен түссе, үш жүріс алады
4. Егер кубик екі нүкте, бір үтірі бар жағымен түссе, ойыншы екі жүріс, бір таяқ алады.
5. Егер кубик қарамен боялған жағымен түссе, жүріс болмайды, ойыншы кубикті қарсыласына береді. Кім көбірек қаша жасайтын болса, сол жеңген болып есептеледі.
2. «Қыз қуу» ойыны.
5-6 жастағы балалар үшін. Ойын алаңы (ойын алаңының айналасы екі қатар дөңгелектермен боялайды), ойынға қоректі заттар үш жағы үш түрлі бояумен боялған кубик, ақ және қара аттар, орамал.
Ойынға екі бала қатысады. Санамақ бойынша балалар ойын жүрісін алады. Мысалы, ақ аттылы жүріс алған болса, ол кубик тастайды.
-
Егер кубик жасыл жағымен түссе, онда бір жүріс жүреді.
2.Егер кубик қараға боялған жағымен түссе, жүріс жоқ.
Қара аттылы кубикті тасталғанда:
-
Кубик жасыл жағымен түссе – 1 жүріс;
-
Қара жағымен түссе, 2 жүріс алады;
-
Ақ жағымен түссе, жүріс алмайды.
Егер жүріс кезінде ақ аттылы қара аттылыны «қуып жетсе,» онда екеуі қатар тұрады, ақ аттылы қара аттылыға қамшы тапсырады. Межеге бұрын жеткен жеңген болып есептеледі. Бұдан кейін ойын қайталанып, келесі екі бала жарысады.
3. «Қуыр-қуыр-қуырмаш» ойыны.
Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолмен оны бүркемелеп, қапсыра ұстайды. Содан соң екінші балаға:
- Ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді.
Екінші бала қарап байқап отырады да, міне – деп, бір саусақтың басынан шамшып үстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұнайды бірінші бала тартады, таба алмаса, екінші бала тартады. Бірақ ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі керек.
Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың бір рет түгел атын атап береді: бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек, шыдыр шүмек, кішкентай бөбек. 5 саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағынан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.
Сен тұр, қойыңа бар,
Сен тұр, түйеңе бар.
Сен тұр, жылқыңа бар,
Сен тұр, сиырыңа бар.
Сен, кішкентай, әлі жас екенсің, қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.Енді осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр-қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Әжең келсе, мықтап бас, - деп шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп:
- Мына жерде қой бар, - деп білегін түртеді.
- Мына жерде жылқы бар, - деп, білектің жоғарғы жағын түртеді.
- Мына жерде түлкі бар, - деп қолтығына таман барады да , тездете түсіп:
- Мына жерде күлкі бар, - деп сәл ғана қытықтайды.
- Қытық, қытық! (Ж.Смақов)
4. «Соқыр теке» ойыны.
(Халық ойынының ізімен)
Ойын тәртібі: ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы қатар тұрғандардың әрқайсысын мал атымен атап шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады. Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Оны жаңа жылда, жиындарда маска киіп те ойнауға болады. «Соқыр теке» ойыны далада ойналғанда дөңгелек сызық сызылады. Балалар осы сызықтан шықпауы керек. Ойын басқарушы ортаға көзі таңылған «Тентек текені» шығарады.
Содан кейін балалар:
«Соқыр теке бақ-бақ,
Бізді қайдан таппақ», - деген өлеңдерді бірден бәрі қосыла айтады. Өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған «Соқыр теке» балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады.
5. «Үй артында қол ағаш» ойыны.
Бұл ойынды 10-15 бала, кейде одан да көп бала, бір топ болып ойнайды.
Ойын тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгеленіп тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:
Үй артында қол ағаш,
Желбеу тартам, есік аш.
Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған балалар:
Үй артында қол ағаш,
Жел кірмесін, есік бас, -
деген сөзді қайталай береді. Тұрған балалар ұстасқан қолын ажыратпайды. Ол – есік ашпағанның белгісі.
Енді:
Үй артында қол ағаш,
Желбеу тартам, есік аш, -
деп, жүгіріп жүрген бала өзі таңдаған бір баланың артынан орамалмен бір соғып қалады да, орамалды сол балаға тастай сала:
Үй артында қол ағаш,
Озам десең ала қаш, -
деп өзі сол бетімен жүгіре береді.
Осының боларын біліп, әзір тұрған бала да «Қол ағашты» ала сала, әлгі балаға қарай қарама-қарсы жүгіреді. Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар:
Үй артында қол ағаш,
Қол ағаштан ала қаш.
Бұрын келген балаға,
Тездеп бар да есік аш, -
деп хормен айтып тұрады
Екі жүйріктің қай бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра қалады.
Қол ағаш, қол ағаш!
Жел кірмесін, есік бас! –
деген сөзді барлық бала хормен тағы да айтады. «Есік жабылады». Енді осы қалып қойған бала бәрін қайталап орындайды. Ойын осылай созыла беред
6. «Ақ серек, көк серек» ойыны.
Бұл ойынға қатысушылар аттасу, ат жасыру арқылы екі топқа бөлінеді. Ашық алаңды ұл-қыз аралас ойнай береді. Аралары 50-60 метр қашықтыққа екі топ қарама-қарсы қарап тұрады. Екі жақ «қолға түсетіндер» үшін арнайы шеңбер сызып қояды. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын жақтың басшысы:
- Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек? – деп сұрайды. Ал оған қарсы жақ:
Ай керек-ау, ай керек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Шауып алдым бәйтерек,
Сонау тұрған Айнабектің өзі қорек, - деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын айтады. Сонымен, аты аталған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарын созып, алақандарын жайып тұруға тиіс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі ұратын адам таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтеуге болмайды, егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанына ұрмаса, ол ойыншының өзі «қолға түседі». Ойыншы өзін қуып жете алмайды-ау деген біреуді ұра сап, қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса, қуған ойыншы «Қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойыншы «ұсталады» Сөйтіп, қай жақ көп «қолға түсірсе» сол жақ жеңеді.
7. «Бәйге»
Бәйге немесе ат жарысы – халқымыздың өте ертеден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Тай, құнан, дөнен тәрізді аттың жас ерекшелігіне қарай, жарыс түрлері әр түрлі болады. Осыған байланысты балалар, жас ерекшеліктеріне қарай, “тай”, “құнан”, “дөнен” болып, жарысқа түседі.
Балалар қатарласып, сызықтың ар жағында тұрады. Тәрбиеші сылдырмақпен белгі берген соң, балалар белгілі жерге барып, қайта қайтуы қажет. Бірінші келген бала жеңімпаз болады.
Ойын мақсаты: тездікке, ептілікке, жылдам жүгіруге тәрбиелеу.
8. «Көкпар»
Көкпар тарту – үлкен жиын-тойлардағы ең негізгі ойындардың бірі болғандықтан, оған кеңінен түсінік беріледі. Негізінде, көкпарға серке тартатындығы туралы әңгімеленіп, ойынға қатысушылардың міндетті түрде ат мінетіндігі айтылады. Бұл ойында кімде-кімнің аты жүйрік, өзі күшті, епті болса, сол адамның жеңіске жететіні түсіндіріледі. Ал балалар үшін серке орнына іші жүнге немесе мақтаға толтырылған жеңіл, кішкентай, сопақша қапшық қолданылады. Олар астарына қалың қатырма қағаздан жасалған ат мініп, әлгі сопақша қапшықты көкпар етіп тартады.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, тәрбиеші бір баланың есімін атап, оған қапшық – көкпарды лақтырады. Көкпарды алған бала белгіленген сөреге дейін жетіп, қайта жүгіріп келуі қажет. Егер жолда оны басқа топтың балалары ұстап алса, көкпарды тартып алуға тырысады. Көкпарды тартып алған бала, өз жағына қашады. Егер оған кедергі жасаса, онда ол көкпарын өз тобының баласына лақтырады. Көкпарды алып келген баланың тобына ұпай қосылады.
Ойын мақсаты: ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
9. «Қозы»
Қазақ халқының өмірінде малдың, оның ішінде қойдың алған орны ерекше екеніне тоқталу керек. Ата-бабаларымыздың негізгі кәсібі мал бағу болғандығы әңгімеленіп, ал қозы қойдың төлі екені жөнінде сөз болады.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы отырады. Ойынды жүргізетін екі баланы таңдап алады. Біреуі екіншісінің жанына келіп:
Жеткенше саған
Сүрініп жолда,
Қайта-қайта құлай бердім.
Қарайлас маған,
Үйренсін қолға,
Бір қозыңды сұрай келдім, - дейді.
Екінші жүргізуші оған: “Қалағаныңды ал” – деп тіл қатады. Бірінші жүргізуші біреуін таңдап алады да, көзін байлайды. Ол келіп: ”Бе-е-е”, - деп дыбыс береді де, тез орнына отырады. Егер көзі байланған бала оның кім екенін тапса, онда дыбыс берген бала қарсыластар тобына ауысады;таппаса, өзі қарсы топқа ауысады.
Ойын мақсаты: есту қабілетін дамыту, жылдамдықты арттыру.
10. «Жалау тартыс»
Бұл ойында негізгі көрсеткіш ауызбірлік пен күш болғандықтан, қай топтың ынтымағы мықты болса, сол жеңіс иесі болатыны ескертіледі.
Ойын барысы: Ойынға 3-4 метр мата қажет. Балалар екі жаққа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Қай топ қарсыласын тартып жеңсе, сол топ жеңімпаз атанады.
Ойын мақсаты: күштілікке, бірлікке тәрбиелеу.
11. «Орамал тастамақ»
Шеңбер жасап отырған балалардың ту сыртында бір бала қолына орамал ұстап жүріп, білдірмей біреуінің артына тастап кетеді. Ол айналып келгенше орамалды бала көрмесе, ол ортаға кіріп тұрады. Егер көріп қалса, ойын жүргізушіні қуып жетіп, орамалды соған қалдырып, өзі бұрын келіп, отыруға тырысады. Егер жете алмаса, ол ойынды әрі қарай жүргізеді.
12. «Арқан түю»
Ойнаушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрғаннан соң, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да: “Ойынды бастадым”, - дейді.
Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап, шеңбер басымен айналдырады, ал ойнаушылар болса, секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғарымымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.
13. «Соқыр теке»
Бұзау, бота, қозы, лақ,
Тоқты, серке, құлыншақ.
Торпақ, тана, тай, тайлақ,
Құнан, дөнен, бесті бар –
Бәрін біліп, естіп ал!
Сүзегенсің, тентек Теке аппақ,
Ізде оларды, ұста оларды, бақ-бақ!
Ойын тәртібі: Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы тұрғандардың әрқайсысын жеке-жеке мал атымен атап шығады. Ең соңғы аты аталған бала “Соқыр теке” болады. Далада ойналғанда жерге шеңбер сызылады. Ойын басқарушы ортаға көзі орамалмен таңылған “Соқыр текені” шығарады:
Содан кейін балалар:
Соқыр теке, бақ-бақ,
Қайдан бізді таппақ?! –
деген өлеңді барлығы қосыла айтады.
Өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған “Соқыр теке” балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады.
“Соқыр теке” ұстаған бала оның орнына тұрады, ойын ары қарай жалғаса береді.
Ескерту: баланың көзін байларда, гигиеналық талап бойынша, орамал мен көздің аралығына таза қағаз қойылып отырғаны жөн.
14. «Жасырынбақ»
Жүктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық ойындар

шағым қалдыра аласыз