Материалдар / «Ұлттық ойындар мұражайы»

«Ұлттық ойындар мұражайы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру. Ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы әр түрлі тапсырмалар орындатып, сұрақтарға ауызша жауап беруге үйрету.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар мұражайы»

Сабақтың мақсаты: Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру. Ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы әр түрлі тапсырмалар орындатып, сұрақтарға ауызша жауап беруге үйрету.

Ұйымдастыру кезеңі:(балалар шеңбер құрып тұрады)

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанеки, бәріміз

Сәлемдесейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме, апайлар!


Кіріспе бөлім: Әңгіме жүргізу.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше оқу-іс әрекеті болғалы тұр. Бізге көп қонақтар келіпті.

  • Тәрбиеші: Бүгін біз қазақтың ұлттық ойындары туралы айтамыз. Балалар,сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

  • «Қыз қуу», «Тақия тастамақ», «Соқыр теке», «Асық ату» т.б.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, қазір біз сендермен «Ұлттық ойындар мұражайына» саяхатқа барамыз. Көрмеге бару үшін біз автобусқа отыруымыз керек.(музыка әуенімен автобусқа отырып, шеңбермен айналады)

Тәрбиеші: Міне, мұражайға да келдік. Мұражайдың іші қандай әдемі қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген.

«Бәйге» көрмесі.

Тәрбиеші: Балалар, мына жер «Бәйге» көрмесі екен. Таныстырушы (Алижан)

  • Сәлеметсіздер ме, балалар біздің көрмемізге қош келдіңдер!

Бәйге –қазақ халқының ұлттық ат спорт ойындарының бірі. Бұл ойында жігіттер атқа отырып жарысады. Мәреге бірінші боп жеткен шабандоз жеңімпаз болады. «Көкпар», «Теңге ілу», «Аударыспақ» ат үстінде ойналатын ұлттық ойындар. (суреттерін көрсету)

  • Балалар, мен сендермен «Бәйге» ойынын мына кілемше үстінде оюлармен ойнағым келіп тұр.

«Бәйге» ойыны.

Ойын шарты: Кілемшеде көрсетілген оюлар бойынша балалар тұрады.

(4 бала). Кубиктегі оюлармен кілемшедегі оюлар сәйкес келеді.

Кубикті бір бала лақтырады. Қандай ою (қарлығаш, қошқар мүйіз, тұмар, түйе табан) түседі, сол оюда тұрған бала бір қадам алға жылжиды. Соңында мәреге бірінші жеткен бала жеңімпаз болады.

  • Рахмет, Алижан ойын өте қызықты болды.

  • Балалар, сендерге ұнады ма?

  • Иә, ұнады апай.

  • Ендеше, көрмемізді тамашалауды одан ары қарай жалғастырайық.

«Асық» көрмесі.

  • Балалар, мынау асық көрмесі екен. Қандай әдемі асықтар. Таныстырушы (Кирилл)

  • Сәлеметсіздер ме, балалар, асық көрмесіне қош келдіңіздер!

Асық – ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Асық ойыны мергендікке, ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық: алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады.

  • Балалар, сендер асықпен ойналатын қандай ойындарды білесіңдер?

  • «Асық ату», «Хан талапай», «Шертпе» т.б.

  • Балалар, мен сендерді асықпен ойнайтын «Түсіне қарай топтастыру» және «Саны мен түсіне қарай жинау» ойындарын ойнауға шақырамын.(Балалар ойындарды ойнайды)

  • Балалар, асық ойындары ұнады ма?

  • Иә, ұнады.

  • Ендеше, көрмемізді тамашалауды одан ары қарай жалғастырайық.

  • Балалар, мына тақияны қандай ойын кезінде қолданамыз.

  • Иә, «Тақия тастамақ» ойынында.

  • Ал мына орамал не үшін керек? Бұнымен қандай ойын ойнайды?

  • Дұрыс балалар, «Соқыр теке» ойынын ойнайды.

  • Қане, бәріміз осы ойынды ойнайық.

Соқыр теке бақ-бақ,

Мен айтамын тақпақ.

Мықты болсаң қанеки,

Мені іздеп тап-тап.

(ойынды екі-үш рет қайталап ойнату)

  • Балалар, қазақ халқының қолданған заттары мен бұйымдарының бәрінде оюлар мен өрнектер бар.

  • Мына оюдың аты «Қошқар мүйіз» (бірнеше ою түрімен таныстыру)

  • Енді балалар, біз осы оюларды «Бейнелеу өнері» көрмесінде әдемілеп бояп аяқтаймыз. (балалар партаға отырып, оюларды қылқаламмен бояп, аяқтайды)

  • Жарайсыңдар, балалар, қандай әдемі боядыңдар.

  • Бахтияр, сен қандай оюды боядың?

  • Апай, мен «Қарлығаш» оюын аяқтап, боядым. (балалар бояған оюларының атын айтып берді)

  • Балалар, сендер асық ату, бәйге туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


Алдияр: Жылқы- малдың патшасы,

Түйе- малдың қасқасы.

Алидар: Жүйрік ат- бірде ат, бірде қанат.

Бахтияр: Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа көп қамшы.

Алидар: Асық ойнаған - ақтық,

Доп ойнаған-тоқтық.

Альтаир: Асығын ата алмаған,

Сақасынан көреді.

Сөзін айталмаған,

Атасынан көреді.

  • Жарайсыңдар, балалар! Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Ұлттық ойындар туралы біраз мағлұматтармен таныстыңдар. Сабаққа өте белсене қатысқандарыңа рахмет!

  • Сау болыңдар!


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі