Ұлттық құндылық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылықтар

Қанатбаева Жанат Тандыбаевна

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, «Бота» балабақшасы

zannatkanatbaeva@mail.com


Аңдатпа. Менің бұл жұмысымда мектепке дейінгі мекемелерде «ұлттық құндылықтарды» дәріптеу болып табылады. Бүлдіршіндермен жұмыс жасау барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, мақсатқа жету жолдары қарастырылған.


Түйін сөздер: балабақша, салт-дәстүр, құндылық, білім, тәрбие, тәрбиеші


Қандай ел, қандай қоғам болмасын ең алдымен жас ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, әрқашан айрықша мән берген. Өркениетке ұмтылған ұлт, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, біліміне асқан жауапкершілікпен қарап, әрқашан басты назарда ұстауы тиіс. Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, елінің тілі мен мәдениетін қадір тұтатын, батырларын басшылыққа алатын, салт -дәстүрді қадірлейтін тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», - деді. Сол себепті ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақ бойына дарыту біздің басты мақсатымыз.

Жалпы, ұлттық құндылық дегеніміз не? Әр ұлттың өзіне тән, сол ұлтты ерекшелендіріп тұратын ұлттық құндылықтары болады. Оның тілі, салт -дәстүрі, мәдениеті, өнері, мақал – мәтелдері, ауыздан ауызға тарап, бүгінгі күнге дейін жеткен жырлары, қолөнер, тұрмыстық бұйымдар, ойындар, тағам және тағы басқа өзгелерге ұқсамайтын құндылықтары.

Бұл құнды деректерді балалардың бойына жастайынан сіңіру өте қажет. Жалпы, халық педагогикасы дегеніміз – халықтық, ауыз -әдебиетте, салт -дәстүрлерінде, ырымдар мен тиымдар, балалар ойындары жөнінде толыққанды мәлімет беріп, тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы.

Салт -адам өмірінде күнделікті әдетке айналған тіршілігі, жиі қайталанатын мінез -құлқы уақыт өте көпшіліктің қолдауына түсіп, ортақ рәсімге айналуы.

Дәстүр – қоғам мүшелерінің бірыңғай көзқарасынан қалыптасқан, әдет - заңды дәріптейтін бөлшек. Ол үлкенді сыйла, кішіге қамқор бол, жолды кесіп өтпе деген секілді дағдылардан бастау алып, қонақ күту, шаңырақ көтеру, баланы бағу секілді жоралғылармен жалғасып кете береді.

Қазақ Кеңес энциклопедиясында салт ұғымына төмендегідей анықтама берілген: «Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді»– деп түсінік берілген.

Ұлттық сезім болса – сол ұтқа шынайы жаны ашитын, өз еркімен жақсы көріп, жанын беруге дайын азаматттар мен азаматшалар. Ал, бұл сезімді ояту үшін, бүлдіршіндермен ұлттық құндылықтар жөнінде мағлұматтар мектепке дейінгі мекемелерде берілуі тиіс.

Педагог М. Жұмабаев: «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі, бала тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен жетелеуге міндетті»,- деп ұлттық тәрбиенің, халықтық педагогиканың ұлағаттылығын дөп басып айтқан болатын.

Тәрбиеші ретінде, мен өзіме жүктелген міндеттің қаншалықты салмақты екенін жақсы түсінемін. Сол себепті бүлдіршіндермен жұмыс жасау барысында, «Ойната отырып-тәрбиелеу, ойната отырып -оқыту» әдіс -тәсілін жиі қолданамын. Себебі, ойын баласы үшін, жаңа, таңсық ойындар олардың біріншіден қызығушылығын туғызады, екіншіден салт – дәстүрмен танысуға негіз болады. Бүлдіршіндермен басым жағдайда «Қыз қуу», «Теңге алу», «Орамал тастау», «Айгөлек», «Ақсерек-Көксерек», «Қол күрес», «Ат жарысы» ойындарын ойнатамын.

К.Ушинский жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан-дүниесін дамыту жайында «әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім беріп, тәрбиелеу керек» деп ой қорытады.

Расымен ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Келешекті кемелдендіретін, гүлдендіруге ат салысатын өскелең ұрпақ, тек білімді болуы жеткіліксіз. Оның бойында ізгілік, кішіпейілділік, отансүйгіштік көрініс табуы тиіс. Осыған орай, балабақшаның басты міндеті, ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан, ұлтымызды айшықтайтын, өшпес мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды Тәуелсіз елдің ұландарының бойына дарытып, жастайынан сіңіру. Себебі, мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері ақпаратты бірден қағып алатын, барлық нәрсеге асқан қызығушылығы басым, тың мәліметтерге жаны құмар жандар.

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сол себепті, бүлдіршіндердің бойына біттейінен ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтарды сіңіре білсек, өз -өзіне сенімді, болашаққа нық сеніммен қарайтын, өз ұлтына құрметі шексіз тұлғалар тәрбиелеп шығарымыз анық. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, ұлт мерейін асқақтататын ұландарымыз көп болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.03.2021
1081
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі