Материалдар / Ұлттық құндылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жойылып бара жатқан құндылықтарымызбен салт-дәстүрлеріміз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2023
117
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарихты жаңарту біздің қолымызда: «Ұлт тәуелсіздігінің басты тұғыры-ұлттық құндылықтар»

Ұлттық құндылық-ел бірлігі.Ұлттық құндылықтардың әрбір елде өзіндік алатын орны бар.Сол секілді,дәстүрлі қазақ қоғамы үшін де ұлттық құндылықтар мен діни құндылықтар ажырағысыз байланысты болып табылады.Бірақ соңғы уақыттарда ұлттық мүдде мен діни мүддені бөліп қарастыратын,ортамызға от ала келген қауіпті діни ағымдар пайда бола бастады.

«Ар-намыссыз-ұлттық сана мен ұлттық намыста тұл» деп елбасы айтқандай ар-намыс,абыройдың қадірін ұғына білген ата-бабаларымыз бізге осыншалықты кең-байтақ жерімізді аман есен жеткізіп,ең басты байлық –дін дәстүрімен көркемделген теңдессіз тілімізді,ұлттық болмысымызды,салт-сана,әдет-ғұрпымызды атаның батасымен,ананың ақ сүтімен бойымызға дарытты.Сонымен қатар біздің ата-бабаларымыздың қолданған құнды заттары,тарихта өз ерекшелігімен сақталған.Бүгін 08.11.2023ж өз құндықтарымызды дәріптеу мақсатында бірнеше мәдени орындарға барып, тарихымызға көз жүгірттік. Ең алдымен Қабиболла Сыдиықов атындағы кітапханаға бардық. Кітапханадан «Маңғаз-Маңғыстау» жайында көптеген тарихта болған жағдайлар туралы мәліметтер алдық.Тарихымызда ата-бабаларымыздың осы құтты мекенді қалай қорғағаны анық айқындалған.Бүгін де тәуелсіз мемлекет болып, тік жүруіміздің өзі ата-бабаларымыздың арқасында. Қазақтың ақындары,батырлары,жазушылары,жыршылары,тарихта өз есімдерін ерекше қалдырған ата-бабаларымыз туралы мәліметтер жақсы сақталған.Осы жерден Оралхан Бокейдің «Жетім бота» шығармасымен таныстық.Шығарма «Қарт-Каспидің» бойында өмірде болған жағдай екені айтылған.Кітапханадан шығып Әбіш Кекілбаев атындағы музейге жол тарттық.
Музей іші өте керемет жасалып,сақталған.Ең бастысы тарихи құндылықтарымыз туралы көріністер, жүрегімізде үлкен орын алды.Қысқаша тоқтала кететін болсам Әбіш атамыздың еңбектері туралы көп мағлұмат алдым.





Shape1

Музейге 2019жылы Әбіш атамыздың киген киімдері,тұрмыстық өмірде пайдаланған заттары әкелінген.

Shape2

Музей ішіндегі апайларға,ағайларға алғысымыз шексіз.Бізге өздерінің бар білгендерін айтып,көрсетіп отырды.Музейдің ең қызық жері құндықтарымызды көргенде болды.Тарихта ерекше пайдаланылған құнды дүниелер өте керемет сақталған екен.Ата-әжеміз болғандықтан көптеген дүниелерді үйімде көріп өстім. Соның ішінде «Алты қанатты Ағаш үй» әр жаз мезгілінде ағаш үй тігетін едік, әліде тігеміз. Сонда иманды болсын әжем балдар көрсін білсін қалай тігілетінін,қалай күтіп қалай ұстайтын деп отыратын еді.Музейде өмірде көрмеген дүниелерді көріп таныстым.

Shape3

Осылайша бүгінгі күніміз музейдің ішіндегі біздің қоғамымызда жойылып бара жатқан құндылықтар жайында, тереңнен көп нәрселерді көріп таныстық.Осылай тарихымыздағы құндылықтарды болашақ ұрпақтарға наслихаттап жүрген Дүйсенбаева Жанбибі Сенбайқызына алғысымды айтқым келеді.Біз мақтанамыз осындай болашақ ұрпақтары үшін аянбай еңбек еткен ұстаздарымыздың барына.

Shape4







Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Каспий өңірі Болашақ колледжі
Жексенғалиева Айымгүл Саттарқызы

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!