|
Оқыту пәні |
Қазақ тілі Күні: 02/09 1-сабақ |
|
Мұғалімнің А.Т.Ә |
Мұхаметжанова Райгүл Жетпісқызы |
|
|
raigul_1974@mail.ru |
|
|
6 «в» Қазақ тілі |
|
Оқулық |
«Қазақ тілі» 6-сыныпқа арналған оқулық. –Алматы: «Атамұра» баспасы, 2018 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Менің Отаным -Қазақстан |
|
Оқу мақсаттары |
|
|
Тілдік бағдар /оқулық, 4-бет/
|
|
|
Тапсырмалар Бейнефильм тамашалаңыз. https://www.youtube.com/watch?v=b28bgRzu3zs Мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1. Отан, туған жер дегенде ойларыңа не келеді? 2. Қазіргі және болашақ қазақстандықтарды қандай мәселелер толғандырады деп ойлайсыз? Жауаптарыңыз дайын болса, менің нұсқамдағы жауапқа назар аударыңыздар.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Тыңдалым мәтініне байланысты болжамдарыңызбен салыстырыңыз. Аудиотаспа оқылады 1. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында тұр ? 2. Қазақстанның таңғажайып табиғатын бейнелеген көркем сөздерді атаңыз? 3. Өркениетті ұлт, егеменді ел болып танылуымыздың дәлелі деп нені айтар едіңіздер? 4. Туған жеріңіз туралы қандай мәлімет қосар едіңіз? 5. Мәтіннің мазмұны бойынша өз ойыңызды дәйектеп айтыңыз. Жауабы: 1.Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр. 2. Қазақстанның таңғажайып табиғатын бейнелеген көркем сөздер: мұзарт шыңдар, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдер, ақ жал толқындар, шалқар теңіз, асау өзен, ну орман т.б 3. Өркениетті ұлт, егеменді ел болып танылуымыздың дәлелі, тәуелсіздігіміздің айғағы, алтын күндей Елтаңбамыз, желбіреген Көк байрағымыз, әуелеген Әнұранымыз деп білемін. 4. Менің туған жерім – кең-байтақ ел. Мұны көру, сезіну де бір бақыт, ал әркімнің өз туған жері – жер жәннаты. 5. Мәтіннің мазмұнына сүйенсек, Қазақстан - сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен танымал мемлекет. Қазақстан-даласы дарқан, халқы жомарт, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы ел екенін түсіндік. 2-тапсырма.Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.Слайд Жауаптарыңыз дайын болса, экранға назар аударыңыздар Атамекен - атадан балаға мұра болып қалып отыратын, «кіндік қаны тамған»жер. 3-тапсырма.Төмендегі шағын мәтіннен бірге жазылатын сөздерді тауып, дәптеріңе жазыңыз. Таң аппақ болып атты. Неткен сұлу, неткен ғажап таң еді бұл?! Сүт теңізіндей ақ сәуле тау басында бір сәт толқып тұрды да, лықсып төгіліп кетті. Торғын шымылдықтай таңғы мұнар лезде айығып, айнала ап-айқын көрінді. Қарттың көзі шарасына көкжиекпен астасқан шетсіз-шексіз кең дала еркін сыйып тұрды. Жалғыз аяқ жол арқандай шұбатылып келіп, Айнабұлаққа құлады. Етекке түсіп, жарқыраған тас бастауды көргенде, қарттың жүрегі сыздап қоя берді. Қырық жыл бойы күндіз ойынан, түнде түсінен шықпайтын Айнабұлақ қой бұл. Анау төбедегі құлаған зираттың ішінде мұның ата-анасының сүйегі жатыр. Шыр етіп жерге түскенде, арқасы осы топыраққа тиген. Кіндік қаны осында тамған. Осы арада жалаң аяқ шаң бұрқатып шапқылаған. Тұңғыш рет тайға мінген. Ат жаратып, көкпар тартқан. Құрбы қыз-келіншектермен ақсүйек ойнап, талай таңды ұйқысыз атырған. Осының бәрі оның санасынан жарқ-жұрқ етіп өте шықты. Қарт шошына басын көтеріп алды. Басында өзінің қайда жатқанын білмей аңырып қалды да, біраздан соң есін жинады. Кенет жаңа көрген түсі есіне түсіп кетті де: «О, туған жер! О, қасиетті атамекен! Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа... Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді. О, Алла, аманат жаныңды бүгін алсаң да разымын!» — деді тәңірге жалбарынып...
Жауаптарыңыз дайын болса, менің нұсқамдағы жауапқа назар аударыңыздар. Көкжиек, Айнабұлақ, көкпар, ақсүйек, атамекен, бүгін. Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабағымызда оқу мақсатына сай тапсырмаларды орындадық. Біріккен сөздердің жазылу емлесімен таныстық. Жүздескенше сау болыңыздар!
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық құндылық шежіресі – әдебиет әлемінің көркемдік өрнегі

шағым қалдыра аласыз