Ұлттық құндылықтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихты жандандыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылықтар-рухани азығымыз.

Бесінбай Шұғыла

НОО-21 с/о тобы

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген екен.

Ұлттық құндылықтар дегеніміз – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол ұлттық құндылықтарымыздың арқасында біз өзіміздің ұлттық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Біз өлкеміздің, соның ішінде Ақтау қаласының тарихы мен тыныс-тіршілігін тану, зерделеу мақсатында «Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы» мен «Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына» барып қайтқан болатыныз.



Кітапханаға кірген беттен-ақ қабырғаға таспен қашалып салынған ұлт зиялыларының бейнесі көзге түсті. Соның ішінде өлкеміздің көрнекті тұлғаларын байқадым. Одан бөлек, құнды ескі жазбаларды көрдім.

«Өлкетану» бөліміне келіп, жайғасқаннан соң жас өлкетанушы Шұғыла Далабаева Оралхан Бөкейдің 80 жасқа толуына орай бізге айтулы тұлғаның шығармашылығы мен кітаптарын таныстырып өтті. Сондай-ақ, Ақтау қаласының «Жетім бота» шығармасына байланысын атап өтті. Бұл повесьте Ақтаудың салынғанынан бұрын «Атырау қалашығы немесе жағасы» деп аталғанын білдік. Және де Досан Тәжиев, Иса Тіленбаев туралы көп мағлұмат алдық. Олардың батыр қол бастаған қатал да, жігерлі басшы болғанын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кітапханадан шыққан соң, «Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына» ендік. Мұражайдың ішкі көрінісін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл жердің кеңдігі, кіргеннен әйгілі экспонаттардың жарқырап, көзге түсуі тарихи орынның бірден бағалы, аса құнды жер екені аяқ басқаннан-ақ білінеді.

Ең әуелі, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ә.Кекілбайұлының өмірбаянымен танысып, болған сапарларындағы қызықты оқиғаларын тыңдап, өзара талқыға салдық. Әбіш атаның Әлемдегі өзгерістерге ықпал еткен 100 адамның ішінен көріп, төбеміз көкке жетті.

Одан кейінгі бөлімдерді бақылау барысында өлкетанушы Сериков Аманжол киіз үйдің құрылысын,киіз түрлерін, Кеңестік одақ кезіндегі Қазақстанның тұрмыс-тіршілігін, жеті қазынаны, Маңғыстау өңіріндегі түрлі қиындықтар мен аумалы-төкпелі кезеңдерден қалай өткенін өз көзімізбен бақылап қайттық.

Ендігі бағытымыз Қазақтың ұлттық аспабы «домбыра» жасайтын цехқа жол тарттық. Бірінші кезекте домбыра атауының шығу тегі, тарихы туралы түсіндірілді. Содан соң аспап туралы аңыз-әңгімелерді барлығымыз ұйып тыңдадық. Домбыраның түрлерімен, яғни ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар кең шанақты, балдырған, т.б танысып ойымызға түйдік.

Қорытындылай келе, ата-бабамыздың жүріп өткен жолы-біз үшін ең қастерлі, құнды рухани азық екенін білдік. Тарихи ескерткіштер мен құны алтынмен пара-пар ескі жазбалар келешек ұрпақ пен қазіргі қоғамның саналы жастарына өте қажет дүние деп есептеймін. Әлемнің бар қазынасы оның халқы болғандықтан, содан шыққан қазақ деген ұлттың тарихи жәдігерлері барлығынан биік тұрады деп жүз пайыз айта аламын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2023
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі