Ұлттық құндылық-ұлттың
тірегі
Ұлттық
құндылықтар дегеніміз не? Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары
болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі,
ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары,
әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары,
ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б.
өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық
құндылықтарға жатады. Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға
келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі,
төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана
болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам
санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана
арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты
игереді,соған сай әрекет етеді.
Бұл құнды деректерді
балалардың бойына жастайынан сіңіру өте
қажет.
Салт -адам өмірінде күнделікті
әдетке айналған тіршілігі, жиі қайталанатын мінез -құлқы уақыт өте
көпшіліктің қолдауына түсіп, ортақ рәсімге
айналуы.
Дәстүр – қоғам мүшелерінің
бірыңғай көзқарасынан қалыптасқан, әдет - заңды дәріптейтін бөлшек.
Ол үлкенді сыйла, кішіге қамқор бол, жолды кесіп өтпе деген секілді
дағдылардан бастау алып, қонақ күту, шаңырақ көтеру, баланы бағу
секілді жоралғылармен жалғасып кете
береді.
Мектепке дейінгі балалық
шақта, жас ерекшеліктерінің ыңғайына қарай 5 жастан 7 жасқа дейін
қалыптасатын құндылықтар тұрақты жеке тәрбие болады.
(Я.Г.Абдуллин). Зерттеулерді негізге ала отырып, мектеп жасына
дейінгі балалардың ұлттық құндылықтар қалыптастыру кезеңдерін
көруге болады. Олар дайындық кезең, базалық кезеңі,
көркемдік-танымдық кезең, эмоциональдық-әрекеттік кезең негізге
алынуы қажет.
Адамгершілік тұрғыдан құнды
қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау
алатыны белгілі. Балабақша қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер
ұғымының киелігін білу, салт-дәстүр, менталитет,
тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру-ең басты қағидат. Ендеше бұл
тұрғыда отбасы мен тәрбиешінің атқарар ролі зор. Білім алудың
негізгі қағидасы тәлім-тәрбие. Расында, бар
күшімізді білімге жіберіп, бала
тәрбиесін назардан тыс қалдырсақ, біздің
ұрпақ алдындағы үлкен қателігіміз де сол
болмақ.
«Бала
тәрбиесі-баршаға» демекші ұстаздар,
тәрбиешілер баланы дұрыс тәрбиелеуге,
санасының қалыптасуына үлес қосамыз. Бүгін
ақылды ұрпақ тәрбиелеп, ертеңге сенімді
ұрпақ табыс ету де біздің еншімізде десе
де болады.
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты
ұстаным-тәрбиелеудің ұлттық жолдарын саралап,
айқындап бала бойына сіңіре білу. Яғни, бала бойына
ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке
тәрбиелеу. Өйткені, ұлттық тәрбиенің мақсаты болашақта
ұлттық сана-сезімі жоғары,өз елінің
салт-дәстүрін,тарихын,мәдениетін жақсы білетін,
сүйетін, ұлттық құндылықтар мен
жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра білетін
ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Ұлттық санасын
ояту, өз ұлтының ана тілін, дінін, мәдени
мұраларын меңгерту. Бала бойына жанашырлық,
сенімділік, шыдамдылық, намысшылдық тәрізді
ұлттық мінезді
қалыптастыру.
Педагог М. Жұмабаев: «Әрбір
ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы
бар. Ұлт тәрбиесі, бала тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын
қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,тәрбиеші баланы сол
ұлт тәрбиесімен жетелеуге міндетті»,- деп ұлттық тәрбиенің,
халықтық педагогиканың ұлағаттылығын дөп басып айтқан
болатын.
Патриоттық тәрбиенің түп қазығы ұлттық
педагогика. Ұлттық педагогика — баланың анасына отансүйгіштік,
еліне,жеріне деген махаббаты арттыру бесік жырлары, батырлық
жырлар, ертегі, ұлттық ойындар арқылы ұлттық патриоттық сананы
қалыптастыруға негізделеді.
Балалардың ұлттық санасын
оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шараларды
ұйымдастырғанда ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту,
соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрек
еттерді жиі қайталап отырған абзал.
Бұдан бала ұлттық
құндылықтың маңызын түсінеді, қызығады. Бала тілінің дамуы өзін
қоршаған ортамен тығыз байланысты. Туғандары, анасы қай тілде
сөйлесе, бала да сол тілде алғашқы сөздерін айта бастайды. Бала
тілі бал, олар түрлі пікірлер айту арқылы өз қиялын жеткізеді. Әр
Қазақстан азаматы өз ана тілінде еркін сөйлеп, тілін құрметтеп,
Отанының мемлекеттік тілін жетік меңгеруі тиіс. Осы сәтте балаға
отбасы үлгі болуы қажет.
Ал, мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші баланың
ойын дамытып, жігерлендіріп, алға жетелеу арқылы талпындырып
отырғаны абзал. Ана тілі рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне
сіңіріп, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда
тіліміздің тазалығын сақтауға барынша көңіл бөлген жөн. Осы
орайда мен де оқыту мен тәрбие ісінде ұлттық
сипатымызды айқындайтын халықтық педагогиканы,
атап айтсам, ұлттық ойындар мен
салт-дәстүрлеріміздің бөлшектерін баланың деңгейіне қарай
пайдаланып отырамын.
Мұндағы мақсатым:
Біріншіден, әр бала өзінің қазақ
елі азаматы екенін, қазақ елінде туып- өскенін
мақтаныш ете алатындай етіп тәрбиелеу, қазақ мәдениеті мен
өркениетінің ешбір елден кем болмағандығына көздерін
жеткізу.
Екіншіден, балаларға қазақ
халқының тарихын, ірі тұлғаларды, олардың ел ісіне
қос-қан үлесін өнеге ету,солар арқылы
адамгершіліктің биік шыңына
жетелеу.
Үшіншіден, оқыту барысында, апталықтарда, спорттық
шараларда, кештерде ұлттық, ойындарды, салт-дәстүрді, ауыз
әдебиетінің әртүрлі жанрларын пайдаланып,
балалар-дың қиялын, ой-өрісін, әдеби сөздік қорын
дамыту.
Төртіншіден, халықтық педагогика арқылы
қазіргі қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардан сақтандыру,
салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау,
саналы, қоғам, істеріне бей-жай қарамайтын
өскелең ұрпақ
тәрбиелеу.
Осы мақсаттарыма
қол жеткізу үшін өткізілген шараларда
болсын, пікір-таластар мен сайыстар болсын,
спорттық жарыстар, ойындар болсын халықтық
педагогикамен ұлттық тәрбиемен ұштастырып
отырамын.
Мектеп жасына дейінгі балаларды:
«Ойната отырып- тәрбиелейміз»
«Ойната отырып –оқытамыз»
Ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттау арқылы-балаларды
отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға,үлкенге- құрмет, кішіге-ізет
жасауға баулу болып табылады.
Ұлттық ойындар мазмұны мен түрлеріне қарай оқу-тәрбие үрдісінде
үлкен қолдауға ие бола алады. Қимыл-әрекет ойындары мен спорттық
ойындар дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу қызметінде кеңінен
қолданылса,табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар мен
хайуанаттар дүниесіне елестетіп ойнайтын ойындар – қоршаған ортамен
таныстыру.
Ұлттық ойындардың мектепке
дейінгі мекемеде жүргізілетін түрлері:
1.Қимыл әрекет ойындары : «Орамал тастау», «Айгөлек», «Күзетші»,
«Ақсерек-Көксерек», «Күн мен Түн», «Орныңды тап»
2.Спорттық ойындар: «Теңге ілу», «Қыз қуу», «Қазақша күрес», «Қол
күрес», «Ат жарысы». Бұл спорттық ойындардың түрлері- үлкен
топтарға арналған ойындар.
Қорыта келгенде, кез –келген
елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды
сақтағанда ғана мығым болмақ. Сондықтан, баланың бойына
мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді
сіңіріп,
туымызды жықпай,ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу
біздің міндетіміз болып табылады. Жалпы балабақша тәрбиешілерінің
педагогикалық күш-жігері Отанды, халқымызды , туған-туысты
құрметтейтін шығармашыл және талантты ұрпақ тәрбиелеуге бағыталуы
тиіс. Алдымызда осы құндылықты бойына
сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аябайтын, білімді
иманды, еңбекқорұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын
әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек. Себебі , ұлттық құндылық –
ұлттың тірегі !