Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың рухани жан дүниесін байыту».

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің маңызды факторы - тіл. Өзара ана тілінде сөйлейтін балалар этникалық тілін сақтай алады. Бабаларымыздың қара сөзінің құдыретін жас ұрпаққа үйрету арқылы олардың сөз қорын байытып, ана тілінің мәртебесін көтеру қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлттық құндылықтар арқылы оқушылардың рухани жан дүниесін байыту».

Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.

Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатыларының бірі – мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығын арттыру, ұлтымызға тән қасиеттерді бойларына сіңіру.

Ұлттық сана-сезімді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп, соның ішіндегі ең бастысы, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.

Мектепке қойылатын аса маңызды талап - балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырып, білімдерін жинақтау мен жүйелеу, олардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру; баланың ана тілі, ата тегі, төл мәденеті мен тарихы, туған жері, салт-дәстүрлері, ұлттық рәміздер туралы, сонымен қатар жеті атасы, өз жұрты мен нағашылары, туыс атаулары туралы білім беру.

Оқушыларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің маңызды факторы - тіл. Өзара ана тілінде сөйлейтін балалар этникалық тілін сақтай алады. Бабаларымыздың қара сөзінің құдыретін жас ұрпаққа үйрету арқылы олардың сөз қорын байытып, ана тілінің мәртебесін көтеру қажет.

Адамның ана тіліне деген сүйіспеншілігі бала кезінен басталады. Балаларға ана тілін үйрету әр ата-ананың, әр ұстаздың борышы.

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ол үшін ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдарының шығармаларымен таныстыру, оқушыларды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлу.

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Жолдауында: «...оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - деген болатын. Елбасының бұл сөздері біздер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болып табылады.



Ахметбекова Самал Ниязбекқызы

Қамысты ауданы, Алтынсарин ОМ, бастауыш сынып мұғалімі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.01.2025
71
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12