«Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар жаһандық бәсекеге қабілетті»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар жаһандық бәсекеге қабілетті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып , жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар жаһандық бәсекеге қабілетті»



Қазақ – темірдей тәрбиесі бар ата-дәстүрді сақтайтын халық. Тәрбиенің барлығы отбасынан басталады.Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар жаһандық бәсекеге қабілетті болып келері сөзсіз.Ұлттық құндылығымыздың бірі , қазақи тәрбие. Жастайынан қазақи тәрбиеге сусындап өскен бала елінің ертеңі, халқының болашағы. Ата-ананы құрметтеу, туыс-бауырды сыйлау, оларға көмек беру отбасылық құндылықтың негізі. Сонымен қоса салт-дәстүрді қадірлеу де отбасынан бастау алады. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі-әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Оған айқын дәлел қазақ арасынан шыққан ақын жазушылар, хан мен батырлар, көптеген елім деген азаматтар бар. Олардың барлығы көркем әдебиеттің, шынайы тарихтың арқасында рухани тәрбие алушылар. Қазіргі таңда тәрбиенің босансып кеткені ашшы болса да шындық. Заман өткен сайын ата-баба дәстүрі қалып келеді. Адамзат ысырапшылдыққа, тасжүректікке жақындап барады. Бүгінгі күні адамдар арасында бәсекелестік, зорлық-зомбылық көбеюде. Сонымен қатар батыс мәдениетінің де кері әсері байқалуда. Осыған қарап, Мөңке бидің айтып кеткен болжамы еске түседі.

Халыққа бір тиын пайдасы жоқ ,

Ай- сайын бас қосқан жиын болады,

Ішіне шынтақ айналмайтын,

Ежірей деген ұлың болады.

Ақыл айтсаң ауырып қалатын,

Бедірей деген қызың болады.

Мөңке би өз дәуірінде қазақтың қазіргі жай-күйін көрегендікпен жазып кеткендей. Бұл сөзім қазір тәрбие жоқ дегенді білдірмейді. Керсінше қоғамымызда бәрімізге үлгі боларлықтай, айрандай ұйып отырған отбасылар да баршылық. Ондай отбасылар баланы жастайынан әдептілікке, ізгілікке үйретеді. Кішкентайынан тәрбие көрген бала кез-келген ортада сыйлы, сыпайы бола біледі. Бала тәрбиесіне ата-анадан бөлек ұстаздары да, достары да, жалпы қоршаған ортасы өз әсерін тигізеді. Отбасылық құндылықты бойына сіңірген жастар, қоғамда өз орнын табумен қатар, жаһандық бәсекеге де қабілетті болып келеді. Сөзімді қорыта келе отбасылық құндылықты сақтау атадан балаға мұра ретінде қалуы тиіс. Дәлірек айтқанда бүгінгі жастарымыз бабалар салып кеткен сара жолмен тәрбие алатын болса, ел үмітін ақтарар, жаһандық бәсекеге қабілетті азамат болары сөзсіз. Елдің ертеңі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастардың қолында! (284-cөз)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2025
231
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі