400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ұлттық рухты оятқан мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
материал елбасымыз Нұрсұлтан Ә.Н. ұлы даланың жеті қыры атты мақаласына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық рухты оятқан мақала


Ұлы даланың жеті қыры. Осындай тақырыппен 2018 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақаласы жарыққа шыққан болатын. Елбасының бұл мақаласы осы уақытқа дейін тарихшы, архивист және қоғамдық пәндер ғалым зерттеущілерінің сыбырлап келген өткір мәселелерін прагматикалық және шынайы ашып, оларды шешуге бағытталған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы болып табылады. Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Елбасымыз бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту мәселесіне кеңінен тоқталған. Сондай-ақ, мақалада жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату және ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керектігін мемлекет басшысы тілге тиек ете кеткен. Қазақ тарихындағы даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміздің тек Қазақстан ғана емес, бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін де атап өткен болатын. Осы орайда, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына бір сөздерін сөзбе-сөз келтіруді жөн санадым: «Біздің жеріміз материалдық мəдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің əр түкпірінде əлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси жəне экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді».

Мен Елбасының бұл мақаласын алдыңғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын нақты іске асырудың картасы деп қабылдадым. Әр салада нақты қандай істер атқарылуы керектігі анық айтылған. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу дегені керемет идея. Сонымен қатар, «Архив 2025» жеті жылдық бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты айтқан мына сөзі қатты ұнады: «Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын «Академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зертеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет». Мемлекет басшысының тарихты кино тілімен, телевизия тілімен сөйлету қажет деген ойы да бүгінгі таңда өте өзекті мәселе.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өмірінде дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірімен ерекшеленеді. Мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар еліміздің әрбір азаматына жігер, қайрат беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастамаларға жол ашатыны күмәнсіз.

Ұлы даланың жеті қыры­ның кез келгені – Қазақ елі­нің өміріндегі ерекше мұра. Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу техноло­гиясы, өз жазуы мен мифо­логиясы бар озық мәде­ниет­ті Қазақ елінің рухани бай­лығының айшықты бел­гісі – «аң стилі өнері», бүкіл әлемді тамсандырған Дала өркениетінің жәдігері − «Алтын адам» жауынгері, түр­­кі әлемінің бесігі санала­тын Алтайдан бастау алатын түркі тарихы, әлемдік эко­­номиканың өркенденуіне сеп­тігін тигізген − Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлт­тық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі