Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлттық тәрбие негізі- балабақшада
1
ЖШС "Ерке бала" бөбекжай балабақшасы
Ұлттық тәрбие негізі – Балабақшада
Құрастырған: Сапарбаева Гульмира Разаковна
«Ұлттық тәрбие негізі –Балабақшада»
Әдістемелік құрал
ЖШС "Ерке бала" бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі
Сапарбаева Гульмира Разаковна
Әдістемелік құрал балабақшаның тәрбиеленушілерінің бойына халықтық педагогиканы,салт –дәстүрді дәріптеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесіне арналған.
Әдістемелік құралда білімдік, танымдық, дамытушылық тәрбиелік мәні бар балабақшаның топтарына арналған тапсырмалар берілген.
Пікірін жазғандар :
балабақшасының директоры
балабақшасының әдіскері
Мазмұны
Алғы сөз________________________________________________ 4
Жеті ата_________________________________________________ 18
Қайырымдылық___________________________________________ 19
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие __________ 20
Қазақтың ұлттық ойындары____________________________________26
Бала тілі бал_________________________________________________ 29
Пайдаланылған әдебиеттер ___________________________________ 37
Алғы сөз
Елімізде білім, тәрбие беру саласында ежелден келе жатқан халық тарихының салт дәстүрінің рухани ата –баба мұраларының алатын орны зор.
Ертеден халқымыздың інжу –маржандары қазақ халқының ұлы ойшылдары Қорқыт ата ӘбуНасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласұғын, Қожа АхметЯссауи, Махмұт Қашқари, Жиренше Бұхар жырау Бергі заманда Абай, Ыбырай, Шоқаннан мұра болып қалған асыл сөздер халқымыздың бойына өшпес із қалдырумен келеді.
Ержүрек батыр Бауыржан атамыздың асыл қазынамызға қосқан үлесі қанша ма десеңші?!
ҚР Білім және ғылым министирлігінің шешімімен қабылданған Қазақстанның Республикасындағы мектепке дейінгі мекемелерде ұлттық рухты жаңартуды аса маңызды стратегиялық бағыттқа алып отыр.
Осы жолда негізгі міндетіміз оқу ұйымдастырудағы іс-әрекетімізде ұлттық рухта тәрбиелей отырып білім сапасын арттыру.
Елбасының «Балапан «балапан бағдарламасы -ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берілген ерекше құжат.Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор.Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз.
Ұлттық салт дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау –тәрбиенің төресі. Көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ,т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі.
Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді,рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды қалыптастырып, рухани мұраға және ұлттық мәдениетке құндылық қатынастарын қалыптастыру отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады.
Балабқшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке тарихын мәдениетін салт-дәстүрін терең меңгеруге ана тілін қадірлеуге үйрету.
Балабқшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап,халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.
Балабақшадағы ұлттық тәрбиені өзектілігі
Тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып,тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт дәстүрін,ана тілін қастерлеу үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан,пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу ісәректін ұйымдастыруда үйреніп,алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру.Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.
Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор:– Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі. Ал біз соны пайдалана алмай отырмыз. Мойындау керек, қазір мектептеріміз тәлім-тәрбие бағытынан ауытқып, тек оқытумен шектеліп қалған. Сондықтан да балабақша, мектептерге ұлттық тәрбиені енгізетін кез жетті. Әлбетте ұлттық тәрбиенің жанында ұлттық білім беру жүруі тиіс. Осы екеуін үйлестіру арқылы білім беру жүйесінің қазіргі тәжірибесін ұлттық инновациямен алмастыру керектігін қазір көпшілік көтеріп жүр. Құзырлы министрліктің осы мәселеге лайықты көңіл бөлетін күні алыс емес деп сенемін.Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін:бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Алтынай Жайтапова, педагогика ғылымының докторы: – Ата-бабамыз мұраға қалдырып кеткен рухани дүниетанымымызды басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі мекемеге, мектептерге ұлттық инновацияны енгізуге барынша күш салуымыз керек. Инновация дегеніміздің өзі – жаһандану заманында ғылымның, жаңалықтың өндіріске енгізілуі ғой. Ең басты айтарым, қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге деген құрмет жатыр емес пе? Міне, біздің жастарда дәл осы қасиет жетпей жатыр. Оқу процесі кезінде де сөз жоқ, ұлттық инновацияның маңызы зор. Қысқасы, ұлағатты ұрпақ өсіруде осы ұлттық инновациялық әдіс-тәсілдер таптырмайтын құрал бола алатындығына ешкім дау айтпаса керек
Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?
Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым-қатынас: баламен тәрбиешінің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
- индивидтік: тәрбиешінің әр жеке баланың ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.
«Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес,өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-мұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.
Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.
Бала бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе алуы. Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқу іс-әркетін ұйымдастыру жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады.Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
Сонымен бірге бала тұлғасына шоғырланған оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда тәрбиеші тарапынан әр баланың өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу,оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.
Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіннің мәні неде?
1.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті– адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы.Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді..
Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ иесі, өмір гүлі деп есептеген. Ұлттық тәрбиені өмірлік тәжірибелері, ойға түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары, жинаған әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Ұлттық тәрбиені халықтың ауыз әдебиетінде тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында, отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық шығармаларында және қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған. Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған Ұлттық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған. Мысалы: «аяғыңды көкке көтерме», «үйге қарай жүгірме», «қолыңды төбеңе қойма», «мал сүйегін отқа жақпа», «ақты төкпе», «қолыңмен жер таянба», «есікті керме», «пышақты жалама»... т.б. Халық тәрбиесіне сонымен қатар ұлттық салт - дәстүрлер кіреді. Оның бірнеше түрлері бар ...Қазіргі кезде мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеуде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жолын, мазмұнын, формасын өзғерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Ұлттық тәрбиені сабақ барысында қолданусәбилерге оқу іс-әрекетін ұйымдастыру да , психикалық процестері меп танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Ұлттық тәрбиені қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды. Арнайы сабақ, ойын сабағында болсын Ұлттық тәрбиені қолдану қажет деп ойлаймыз. Қазіргі ұлттық тәрбиеде басты нысана баламен рухани үндестікпен үйлесімдікке ұмытылу ,ата –баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу.халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болады.қазақ халықы баланы дүниедегі барлдық асылдан жоғары бағалаған ,болашағына ,арманына бағалаған.Сондықтан халқымыз «Балалы үй базар,баласыз үй мазар», «Босағасын алтынан соққсаңда ,перезент сүймей адамның мейірі қанбас деп барлық асыл сөзді арнаған. Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген.Ата,апа, әке шешенің қарым қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан жетілуне үлкен үлес қосады.ізгілікті іске баулиды.
Ұлттық рухты адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық фактор-отбасымүшелерінің дұрыс қарым қатынасы,баланы адамгершілікке тәрбиелейді. Рухани байлық дүниетаным,түсінік,рух,иман отбасында қолданылады. Егер сәби отбасынан ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасымен сусындаса өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымыздың арнасында әлемдік өркениеттік жетістіктерді игеріп,терең меңгерсек,ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетіпөркениетті ел ретінде нық тұрамыз.
Аңыз әңгiмелерден үзiндiлер айтғызып, жаңылтпаштар айтысып, ой әрiсiн кеңейтiп, тiлiн ширатып, жұмбақ айтысып, жұмбақты кәп айта алғанға ңпай жинатып, не сыйлық ұсынып, санамағтар айтып, оны шешуден мүдiрмеген баланы мадағтап, мағал - мәтел жаттаудан озған балаға ғұрмет кәрсетiп, шешендiк сөздердi жаттатып, т.б. ұлттық дәстүрлердi талап ете бiлу керек. Халықтын ойындары, әсiресе, қуыршақ ойынын театрландырып, үй iшiне ата - ана ұйымдастыра бiлсе, үлкен тәрбиелiк жұмыстарды атғарған болар едi. Әулет дәстүрiн қастерлеп, дәстүрлiк мұраларды алға апаруды насихаттап, игiлiктi iстердi ұйымдастырушылар да ата - аналар. Елге белгiлi болып жүрген отбасылық ансамбльдер ұлттық дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгiлерi болып табылады. Үй iшiнде "туған күн", "ата - ана - бiздiң күнiмiз", "әке - қорғанымыз", "тазалық күнi", "меймандоспыз - бәрiмiз" тағы басқа тақырыптарда отбасылық той - думан, қонақ күту дәстүрiн өткiзуге де ата - ана тәлiмдiк басшылық жасап, қасиет айтып, өнеге көрсетуге тиiс.
Ұлттық тәрбиені пайдалану iсi одан әрi дамытылып балалар бақшасында "Ертегiлер әлемiнде"бөлмесiмен қатар, ұлттық - фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тiл ширату дәрiстерi ұйымдастырылады. Бәрiне де ертегiлер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар пайдаланылады. Ертегiлерден үзiндi алынып, қызықты қойылымдарды даярлау кезiнде, өрендер кейiпкерлердiң бет - бейнесiн, тiрлiк - тiршiлiктегi орнын байқап, сол бейненi айнытпай көрсетуге тырысады.
Тәрбиешi жұмбақ айтыс, санамақ айту, жаңылтпаш айта бiлу ойындарын ұйымдастырады. Ойын қызықты болу үшiн ойынды әнмен, күймен безендiрiп отырады.
Әсiресе, қуыршақ ойындарына ұлттық тәрбиені қалыптастыра бiлудiң тәрбиелiк мәнi зор. Қуыршақты "сөйлету" арқылы өзiнiң көп тақпақты жаттап, талай бейненi ойнап үлгергенiн байқамай да қалады. Қуыршақ ойындарының тәрбиелiк тиiмдiлiгi тәрбиешiнiң ұйымдастырушылық қабiлетiне байланысты.
Балалар бақшасында ұлттық тәрбие дәстүрлер мен салт - сананың алғашқы қарапайым, негiздерiн өрендерге өнеге ретiнде үйретiп, жаттықтырып, оны iс жүзiнде олардан талап ету керек. Ол iс балабақша бағдарламасында кеңiнен орын алуы тиiс.
Біз өзіміз, яғни тәрбиешілер қауымы қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрін толық білеміз бе? Осы төңіректе біз ойланып көрейікші.Халқымыздың әдет ғұрыпын, салт-дәстүрін, ата-ана, тәрбиеші өзі толық білмей тұрып,балаларға ұлттық тәрбие беруі мүмкін емес.Қай заманда болсын, ұлттық өрлеудің халықтық қалыптасудың ең негізгі шарты –білім.Ұлттық тәрбиенің өрісі мен өресі –бүгін де, ертең де, халық үшін көкейтесті мәселе .Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды. Ал балабақша ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де, өмір сүруімен дамуының, алғашқы баспалдағы болып саналады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Ұлттық рухта адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған тәрбиешілік жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы оның ұлттық рухта, моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған тәрбиешілердің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі мен әдет ғұрыпқғұрыпттарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет.Адам баласы дүниеге келген күнен бастапүнемі салт дәстүр аясында өседі Бала тәрбиесінде халықтық ,тұрмыстық салт дәстүрдің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып,тәрбие жұмысынғылыми негізде ұйымдастырып,ұтымды жүргізе білуміз қажет .
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі принцптерге негізделіп,мақсаты айқындалады.
Ұлттық тәрбие жұмысын ізгілендіру
Ұлттық тәрбиені демократияландыру
Ұлттық тәрбие жұмысын жекелей жүргізу.
Мақсаты: ұлттық тәрбие жүйесін дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми әдістемелік ,ақпараттық-әдістемелікпен қамтамасыз ету ,оның ішінде білім беру мекемелеріндегі өскелең ұрпаққа ұлтижандыққа тәрбие беруге қолайлы орта жасау
Ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін өзі дамыту өзін өзі танытуын ұйымдастырдың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамытуды қалыптастыру. Ұлттық тәрбиеде патриоттық және адамгершілік тұрғыдан түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер
Балалардың бойында ұлттық тәрбиені, төзімділікті, мәдениетілікті салауатты өмір салтын ұсынуды шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қалыптастыру үшін ұлттық тәрбие жүйесін құру .
-
Білім беру мекемелеріндегі ұлттық тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірбиелерін тарату;
-
Оқыту және тәрбие үрдісінің үштігін тәрбиеші, ата –ана ,бала ны тарта отырып, тәрбиенің жаңа түрлерінің жүйесін құру
-
Ата бабамыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ,осы кезеңде балдырғандарға тәрбие беру ісін жан-жақты –тіл үйрету, ақыл ойын өсіру, денсесін жетілдіру, еңбксүйгіштікке баулу адамгершілік ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз.
Бұл жөнінде С.Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі «деген еңбегінде «Қазақ халқының тұла бойы Жүріс тұрысы, мінез –құлқы, істеген ісі-тұнып тұрған тәрбие. Сондықтан біздің алға қойған міндетімізбалабақшада Ұлттық тәрбие жұмысындағы жақсы салт дәстүр, әдет ғұрыптарды жинақтап саралаппайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу» -деп атап көрсеткен. Барлық дәстүр әдет ғұрыптар ұлттық тәрбиеге байланысты.
Ұлттық тәрбиеден ата –баба мұрасынан ұрпақ нәр алатын саналы жетілген азамат ретінде тәрбиелеу міндетін атқаратын педагогикалық ғылымдардың қайнар бұлағы –ұлттық тәрбие екені сөзсіз.
Т
Ұлттық тәрбиені тарату әдістері
Тәжірибелік
Кейіптендіру
Сахналық көрністер
Қуыршақ театры
Ақпараттық техологиялар
Диофильм көрсету
Ұлттық ойындар
Ұлттық тәрбиені тарату кезінде балалрдың бойында қалыптасатын салалар:
1.Дене шынықтыруға, күш–қуатты шыңдай түсуге, мүсінді түзетуге бағытталған;
2. Еңбексүйгіштікке,достыққа,жолдастыққа қайраттылыққа тәрбиелеу
3. Тілін ұстартуға, ой-өрісін кеңейтуге батылдыққа ептілікке баулу.
4.Санамақ ойындары санауды үйретеді, математикалық логикасы қалыптастырады.
Еліміздің болашағынның тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін ұлттық тәрбиенің иісін сініруіміз қажет.
Мектепке дейінгі жастағы баланың ұлттық рухта дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, отансүйгіштік сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде ерте заманан бері жиып терген мол тәжірибемізді ортаға салып отырмыз. Оны халқымыз ең жақсы қасиеттермен байытып,ұл –қыздарының бойына сіңіртіп отырған.
Бала тәрбиесі —
баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мақсат — мүддесі
біреу, ол — болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін
алғашқы ұя — отбасы, ата — ана құшағы.Жас сәбидің өмір табалдырығын
аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі, көретіні
анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» немесе
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген де осының
айғағы.Яғни, ата — әженің, әке - шешенің өнегесі, өнері
балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе,
ұядан ұшқанда да сол өнеге — өсиет оған сарқылмас қазына болары
сөзсіз.Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» деген
сөзінде де тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын
меңзесе керек.Қазірде дүниеге дені сау бала әкеліп, ол нәрестенің
өсуіне, жан — жақты жетілуіне, жеті жасқа дейінгі дамуының
педагогикалық мүмкіндіктерін айқындап, ата — аналармен бірлескен
ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру көзделуде.Көрнекті ақын,
ойшыл философ Ғұмар Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан
сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында
айтылған.Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңдал да адал
сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін
қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата –
ананың міндеті деуге болады.Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі.Әр
халықтың ұлттық дәстүрінің, сана — сезімінің, сөйлеу, ойлау
тәсілінің, мінез — құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша
белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Тіл-адамның өмірлік қажетін
өтейтін қатынас құралы.Жүректен шыққан сөз жүрекке жол
табады.Сондықтан баланың өз ойын дұрыс жеткізіп, басқа адамдармен
дұрыс қарым — қатынас жасай білуі үшін оған ең алдымен сөз әдебін
үйрету керек.Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді,
өсіп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету — ұлттық
қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір жолы.Мектепке дейінгі тәрбие
саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың
ежелден келе жатқан салт — дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол
арқылы баланың тілін дамыту.Әрбір бөбектің өз ана тілінде тілі
шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез — құлқының
қалыптасу жолы.Ана тілінің қадір — қасиетін жастайынан түсініп
өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы,
сыпайы болып өсетініне өмір тәжірбиесі куә.Міне, біздің кішкентай
ботақандарымыз тіл шұрайының шырын — балын татып өссе екен
дейміз.Сөз — тілдің негізі.Сондықтан бүлдіршіндерге үйрететін
сөздер де қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге әсер
етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін
дамытатын, балалардың сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін
атқаратындай болуы шарт.Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне,
қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік
береді.Баланың өз ойын түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан
бастап қалыптасады.Оның алғашқы ұстазы ата — анасы, тетелес ағалары
мен әпкелері.Олармен күнбе — күн араласу, сөйлесу арқылы баланың
тілі күн санап жетіле береді.Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы
да соғырлым кең болады.Сондықтан бала тілін кішкентай күнінен
байытып, ойын кеңейте түсу отбасының, балабақшаның қажырлы
еңбегінің арқасында жүзеге асады.
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу
деген мағынада ғана емес, адамдар арасындағы қарым — қатынасқа
ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты түрде
қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де
тілдік амал тәсілдер деген мазмұнды аңғартады.Сөз әдебі
бүлдіршіндердің адамдармен қарым — қатынас жасауы үшін, оның сыпайы
түрде жүзеге асуы үшін, сондай — ақ көңіл — күйге жағымды әсер етуі
үшін жұмсалады. Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени -
көпшілік орындарда және т.б. жерлерде бүлдіршіндердің өзге
адамдармен өзара қарым — қатынас жасауы алуан қырлы, сан түрлі
болып келеді.Оларды санамалап айтып тауысу мүмкін емес.Әйтсе де
мұндай сан алуан қарым — қатынастың типтік түрлері болады.Оларды,
негізінен, мынадай басты — басты топтарға бөлуге болады:сәлемдесу,
қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату, құттықтау, тілек айту,
ризалық білдіру, өтішіш жасау
т.б.
Бұл тізбек, әдетте, тұйықталған тізбек емес, сондықтан басқа да тақырыптық топтардың болуы мүмкін. Қазақ сөз әдебі қорындағы қаратпалар сан жағынан алғанда аса мол, түр жағынан алғанда сан алуан.Олардың, негізінен, туыстық қарым — қатынасқа, таныс — бейтанысқа және әлеуметтік жікке байланысты айтылатын түрлері бар. Біралуан сөздер өзінің тілдегі кәдімгі қызметінен тыс жүк арқалап, сөз саптауда қаратпаға көшеді.Олардың аражігін балаға түсіндіріп, орынды қолдануға үйрету керек.Мысалы, екінің бірі күнде қолданатын «әке» сөзін алайық.Ол, бірішіден, «балалы болған ер адам» дегенді білдірсе, екіншіден, баланың әкеге қарап айтатын қаратпасы.Ал, үшіншіден, әке сөйлеу тілінде өзінен жасы кіші адамға «қарағым, шырағым» деген мағынада айтылатын қаратпа, Туыстық атауларды мағынасына қарай дұрыс қолдану қажет екенін балаға жастайынан үйретіп, дағдыландыру керек.Себебі, жас өсіп келе жатқан сәби, біріншіден, кімнің кім екенін ажырата алады, екіншіден, баланың сөз әдебін қалыптастырады.Қазақ тіліндегі туыстық атауларды мағынасына қарай былайша топтап қарастыруға болатын сияқты:
1)Әке жағынан
қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апаәпке, әпше, тәте), іні,
қарындас, сіңлі, баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере
апа, немере қарындас, немере іні, немере сіңлі, шөбере аға, шөбере
іні, шөбере апа, шөбере қарындас.
2)Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы
әже, нағашы әпке, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен,
жиеншар.
3)Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге,
нағашы жезде.
4)Құдалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи,
құда.
Бұл атауларды бүлдіршіндерге үйретуіміздің басты себебі жоғарыда
айтып өткеніміздегідей туыстарымен қалай туысатынын біледі және
қазіргі кездегі қалыптасқандағыдай аға, апай дей бергеннен гөрі
осындай туыстық атауларды қолданса, енді бір жағынан жеті атаны
білу ұғымымен де байланыстыруға болады және баланың тіл байлығы
байиды.Бұл сөздер арқылы біз тек сәбидің тіл байлығының
дамуына ғана әсер етпей, оның жеке тұлға болып қалыптасуына да өз
деңгейінде жағдай жасаймыз.
Дәл қазір қалада тұратын қазақтар түгелдей әкесін «папа», шешесін
«мама» деп атайды.Аудан мен ауылдар, қыстау мен қыстақтарда тұратын
қазақтардың арасында да бұл «көрсеткіш» тым жоғары. Тіпті шалғай
ауылдардың тең жартысы «мама» мен «папаға» бауыр басып алғанын өз
көзімізбен көріп, өз құлағымызбен естіп те жүрміз.Мұның сыртында
туған әкесін «батя», іні — қарындастарын «братишка», «сестренка»,
ата — әжесін «дед», «бабуля» дейтін қазақтарда қисап жоқ. Ал
осындай этикет нормаларының бұзылуы оның адамдар арасындағы қарым —
қатынасты реттеу қызметіне нұқсан тигізеді. Осының салдарынан
адамдар арасында түсінбестік пайда болып, ынтымақ,
бірлік, сыйластықтың аса маңызды сапалары әлсірейді. Тіпті ұлттық
санаға да іріткі түсе бастайды.
Халықтың жан дүниесінің, ұлттың ұлттылығының бір көрінісі - туыс
атаулары.Бұлар - бізге ата - бабаларымыз тастап кеткен
қасиетті тілдік ескерткіштер ғана емес, сонымен бірге әрбір
жеткіншектің санасын ұштайтын ұлы ұғымдар. «Әкемен», «апамен» тілі
шыққан сәби ерте бастан өзінің осы сөзді тудырған халыққа
қосақтаулы, осы сөзді дүниеге әкелген ұлтқа байлаулы екенін сезініп
өтеді.Өз ана тілінде апа, әке деген ыстық сезімге бөлейтін, адамның
жан - дүниесін елжірететін сөз тұрғанда сәбидің аузына бөгде тілдің
бөтен сөзін салып, құлағына сіңіре бастайтын өзіміз
екенбіз.Эмоциональды-экспрессивті бояулы тілдік бірліктерді көбірек
қолдансақ сәбидің жүрегіне мейірім ұялатуға болады.Көбінесе
кішірейту, еркелету мәнінде жұмсалатын -еке, -жан, -шым, -шім, -тай
тәрізді экспрессивті қосымшалары жақсы көру, ерекше құрметтеу
мағынасында жұмсалады:әкежан, әкетай, әкешім, әкей, ағеке, ағажан,
ағашым, ағатай, ағай, шешежан, шешетай, көкежан, көкешім, көкетай
т.б.
Баланың, әсіресе, кішкентай сәбилердің жан сезіміне жақсы әсер етіп
көңілін марқайтатын сөздер, тілдік амал -тәсілдердің тағы бір
алуаны қозым, ботам, құлыным, ботақаным, қоңыр қозым, ақботам,
айым, күнім, жұлдызым, шырағым, сәулем, жарығым тәрізді тәуелдік
жалғауымен айтылатын қаратпалар деуге болады.Олар-эмотивтік қызметі
аса күшті этикеттік құралдар.Ана нәрестеге ақ сүтін бере отырып,
қозым, ботам, деп еміреніп отырады. Эмоциялық әсері күшті бұл
қаратпалар, біріншіден, ана мен бала (сәби) арасында қарым -
қатынас орнату үшін аса қажет.Адамның тынысы жан тұрмысына
байлаулы.Жан шат болса, дауыс та шат болады.Қысқасы, ана баласының
қасында үндемей отыруы дұрыс емес. Ана нәрестеге ақ сүтін бере
отырып, оны алақанымен сылап-сипайды. «Қарды қылау өсіреді, баланы
сылау өсіреді» деген мақал осы жайтты аңғартады.Сезу мүшесіне әсер
ететін ананың аялы алақаны, көру мүшесі арқылы көңіл - күйге әсер
ететін ананың жылы жүзі қандай қажет болса, ананың айналып-толғанып
айтатын қозым, ботам, құлыным деген жүрекжарды сөздері сондай
қажетті құрал.Адамның болмысын, мінез - құлқын, бір -бірімен сан
алуан қарым -қатынасын жан исіндіретін жақсы сөз жөнге салып
отырады.Сондықтан осындай амал-тәсілдерді қолдану арқылы балаға
жастайынан өзге адамдарға аялы алақан, жылы жүз, жақсы сөз сыйлауға
үйрету керек. «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жақсы сөзге жан семіреді»
деген даналық нақылдар өмірдің шындығынан, бала тәрбиелеудің
халықтың көп жылдық тәжірибесінен сомдалған сөздер.
Ұлттық тәрбиенің ең басты жолы-сәлемдесу.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді-деп бекер
айтпаған. Сәлем - арабтың тыныштық,
бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық
өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі.Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе
араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс
адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-біріне
жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем -
сөздің басы» делінетіні де сондықтан.Тегінде, әдеп,
адамшылық-амандасудан басталады.Адам баласының рухани тарихында
қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу.Оның шарапаты мен кереметі
сонда-адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің
бір - біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара
жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие.Сондықтан бүлдіршіндерге
ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет.Адам баласы
қашанда тыныш - бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір - бірімен тату
- тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған.Соның негізін
сәлемдесу салған. Балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан
тұрған соң, беті -қолдарын жуып келіп, ата - анасына, отбасы
мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек.Адамның әр
күнгі іс-қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен
басталатынын сәбиге түсіндіру керек.Қазіргі таңда сәлемдесудің
түрлері өте көп, бірақ балаға соның ішіндегі ең керекті түрлерін
үйреткен жөн.Мәселен, басқа сәлемдесу түрлеріне қарағанда балаларға
«Сәлеметсіз бе?» және «Ассалаумағалейкум» деп амандасу
қолайлы сияқты. «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзінің мағынасы
«Сізге тыныштық тілеймін»дегенді білдіреді.Алайда, балаға құр ғана
«ассалаумағалейкумды» айтып, бір міндеттен құтылғандай болатын тоң
- торыс сәлемнің ізеттілік емес екенін, қайта кісі көңіліне қаяу
түсіретін қылық болып табылатынын айтқан жөн.Сәлемдесудің әдеп
ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай.Онда сәлем беруші мен
алушының қас -қабақ, бет -жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет
атқарады.Міне, осылардың бәрін балаға үйрету өте маңызды.Дұрыс
амандаса білудің өзі дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін
қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.Осындай тәлім- тәрбие арқылы
бүлдіршіндер дұрыс сөйлеуге үйренбек. Сөз этикетінің өз алдына
дербес бір саласы -қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз — оның
өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын
тұрақты орны бар.Қоштасудың да түрлері өте көп.Мәселен, «Сау
болыңыз», «Хош», «Көріскенше күн жақсы», «Хош болыңыз» т.б. Бұларды
балаларға тиісті жерінде лайығымен қолдануға үйрету әдептілік
әліппесі болып табылады.Себебі қоштасу түрлерінің қолданылуында
өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар.Бала кетер алдында
қоштасып, әдеп сақтауға тиіс.
Қаратпаларға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу,
белгілі бір аймаққа таралуына қарай зерттеу де қызғылықты әрі
тілдік, әрі тарихтық деректер берері сөзсіз.Кейбір сөздер
диалектолог ғалымдардың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің
этикеттік формуласы ретінде түсіндіріліп, талданған
емес.Мысалы, қазақ сөз этикетінде жиі қолданылатын «Сау болыныз»
әдеби тілде қоштасуды білдіргенмен, Қазақстанның батыс
говорларында, Түрікменстан қазақтарының тілінде (Ә.Нұрмағамбетовтың
деректері бойынша) «Рахмет» деген мағынаны білдіреді.Әрине, мұндай
тілдегі ауытқушылықтарды бала кішкентай кезінен біліп өскені
жөн.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни бүлдіршіндерге тек
қоштасу сөздерін ғана емес, қоштасуға дайындық сөздерін де үйреткен
жөн.Олар, атап айтқанда, «Уақыт болып қалыпты — ау», «Амал жоқ
қайтар уақыт таяды», «Уақытыңызды алмайын», «Осымен болайық»
қыстырма сөздері.Яғни, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай
алғанда формуладан — негізгі актіден және дайындық актіден
тұрады.Міне, осындай қарым — қатынастарды балаға үйрету арқылы сөз
әдебін қалыптастыруға болады. Балалық шақ баланың жеке тұлға болып
өзін — өзі сезінуінің алғашқы сатысы.Баланың сөз әдебі,
адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас
шағында қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін,
қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы
білдіреді.Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған
жөн.Сыпайы, келісті сөз баланың абыройын арттырады, жақтастарын
көбейтеді, көптің ықыласына бөлейді.Таза мәнерлі тіл ойлау
жемісі.Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың
бойында тілдік мәдениеті қалыптасады.
Бала болашағы — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың,
тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі,
асыл мұраты іспеттес
Ақыл — өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағының тәрбиесіне жауапта ата — ана рөлі әрдайым бірінші орында.Баланы тіл әдебіне дағдыландырып, тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата — ананың басты міндеті.Тәуелсіз еліміздің ертеңгі күні мен бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күні жақсы болуы үшін, ерте кезден ат салысып, сөз әдебін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсайық, ағайын!
Ұлттық тәрбие ғасырлар бойы
сараланып халықтың ой –арманы ,тіршілік тынысы,шаруашылық
кәсібі,салт –дәстүрмен тығыз байланысты. Демек Халық «Баланы
жастан» деп бекер айтпаған. Бас қосуларда үлкен адамдардың жақсы
ісін,еліне сіңірген еңбегін,мінез құлқын үлгі өнеге етіп отырған.
Жаманнан жиреніп жақсыға жақындап отырған. Бабаларымыздың өсиет
сөздерін балалардың құлақтарына құйған «Талаптыға нұр жауар» «Бала
теңіне қарап өседі.» Баланы ең әдемі мейір шапағатқа ,сонан соң
ақыл парасатқа нағыз пайдалы ғылымға баулу», «Ұл қызыңды бес жасқа
дейін хандай көтер, он беске келгенше құлдай жұмса ,одан соң
құрбыңдай көріп ақылдас» «Ақылсыз ұл қырыққа келгенше бала ,ақылды
бала қырқында –дана», «Дәрігердің қолы,ұстаздың жүрегі жылы»
,осындай мақал мәтелдерді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
пайдалану баланың тілін ширатып,ұлттық рухқа
тәрбиелейді.
Ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы–бауырмашылдық қазақтың ұлттық рухын оятатын әдемі бір көрініс. «Баланы бауыр еттен жаралған» деп таныған қазақтың бауырмашылдығы басқа халықтардан ерекше көзге түсетін ерен қасиеті барынша сүйіп, аялап өсірген баланың ата –ананы құрметтеуі де осы бауырмашылдықтан бастау алған жақсы өнегенің жемісі-деп есептеген жөн.
Жеті ата
Халық жеті атасын білмеген ұрпағын «тегін білмейтін тексіз» деп кіналайді.
Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата ұғымы бар. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.
Мұны әке-шешесі,
ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ
бір атаның баласы–туыс саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны
былайша таратады:
1. Бала.
2. Әке.
3. Ата.
4. Үлкен
ата.
5.
Баба.
6. Түп ата.
7 . Тек
ата.
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек
жалғаса-ды: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,
немене.
Мұнан соң туыстың
атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат,
жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың,
бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін
оятатын күшке ие.
Ол – этникалық тұтас-тықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті
ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін
айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет,
аманат етіп айтып кеткен. Ата текті жан-жақты жақсы ,білуде
бауырмашылықтың негізі. Иманды адам текті ажырата білуді өзіне
парыз санайды.
Қазақ халқының сүйегіне сінген атам заманнан асыл қасиет –бауырмашылдық. Сондықтан оған ешбір адам баласы жат емес.Барлық азамат баласы халыққа дос, бауыр.«Ақ,қарамыз,сарымыз-дос бауырмыз бәріміз-деп кішкентай балалар да бауырмашылдық дәстүрді мақтан тұтады.
Қайырымдылық пен мейірімділік –ұлттық тәрбиенің ең игі қасиеті.Қазақ халқы «жылу жоқ үйден без,қайырымы жоқ биден без» деп,қайрымдылық қасиеті жоқ басшының қадірі де болмайды –деп кесіп айтқан.
Халық ұрпағын қайрымдылықты ес біле бастағанан үйретіп,талап қою,дағдыландыру арқылы ол қасиетті тұрмыстық салтқа ,адамгершілік дәстүрге айналдырған.қайырымдылықты халық қайыр садақа берумен де ұштастырып отырған.Адам өміріндегі ең игі істің бірі –қайыр садақа беру деп түйіндейді халық. Халықтың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі соңғы кезде «қайырымдылық қоғамдарының іс-әрекеттерімен жалғасады.
Үлкеннің кішіге қамқорлығы ,кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға қызмет етуі, ата-ананың бала шағасына мейір шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі, кемтарларға жанаямай жәрдем беру борышы-қайрысмдылықтың қайнар көздері.
Халық бір жанұяда нешеу болсаң,»бір-біріңе қонақсың», «бір-біріңді сыйласаң жан семіреді»деп қайрымдылықты ұрпақтарына өнеге етіп қастерлеп уағыздайды.Қайырымдылық пен мейірімділік ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі. Жас ұрпақтың бойына халқымыздың төл мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін,әдет-ғұрыпын, аталар сөзін, халық педагогикасынның өсиеттерін сіңіруді, батыл қолға алуға тиіспіз.
Ақын Мұқағали Мақатаев
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын ,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Ш екпен жауып өзіне
қайтармын»,-деп жырласа ,бізде ұзақ жылдар бойы бала тәрбиелуде
қалыптасқан өзіміздің тәрбиешілер қауымына іс-тәжірибемізден
жинақтап,ұлттық тәрбиенің өнегелерін жаңа жағдайға бейімдеп,
халқымыздың салт-дәстүрлерін шығармашылықпен меңгеріп,өңдеп бір
жүйеге келтіруге әрекет жасадық.Бұл еңбегімізді жаңалық деп айтуға
аулақпыз. Себебі ұлттық тәрбиенің ғасырлар бойы өмір
сүріп,адамзаттың рухани азығы болып келді.Ұлттық тәрбие туралы
ежелден әр ұлттың саналы өкілдері көп жазды.Әрине халықтың салт
–дәстрлерін ,әдет –ғұрыптарын,мақал мәтелдерін ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінде,тәрбие жұмысында пайдалану бағдарламаға сәйкес
жүргізіледі.
Іс-тәжірибеге сүйеніп,балабақшада ұлттық тәрбиені жандандыру өте күрделі жұмыс Халық даналығына байланысты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ұйымдастыру ұлттық тәрбиенің басты саласы болып есептеледі.Ырымдар мен тыйым сөздердің тәрбиелік мәніне баса назар аударылады және халық аузында кеңінен айтылып жүрген халық қағидаларын ,қанатты сөздерін нақылдарын шәкіртердің біле беруіне бағыт беріледі.Сөздің құдіретіне кәміл сенген халқымыз «Жақсы сөз- жарым ырыс», «Батамен ер көгереді» деп тегін айтпаса керек . Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» демекші бата беру –халқымыздың салт дәстүріндегі әдет –ғұрыптарына,қанатты сөздеріне халық қағидаларына түйін ретінде «Батамен ел көгереді»деп қорытынды жасамақпыз......дегенмен көпшілікке ширек ғасырғы іс-тәжиірбемізден жинақтаған ұлттық тәрбие қоржынынан сіздерге шығармашылығымызды таратамыз.
Бұл еңбек тәрбиешілерге ,ата-аналарға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамыз
Осы еңбекте айтылған ойлар пікір ұсыныстар тәрбиешілер мен ата-аналарға
ғалымдардың назарына іліксе белгілі бір кәдесіне жараса онда еңбегіміздің жанғаны деп ойлаймыз.
Қазақ ежелден өнерді қадірлеп ,қастерлеген халық .Өнерлі халықтың мұралары ,атадан балаға мирас болып отырған. «Өнерлі өрге жүзер «дегені сондықтан болар,бәлкім Ата –бабамыздың бүгінгі күнге жетіп отырған асыл мұрасын жалғастыру,оның қадір қасиетін өскелең ұрпаққа таныту-ұлттық тәрбиенің бірі .Бұл тәрбие отбасынан және балабақшадан бастау алады.Балғын сәбидің қиялы әр нәрсеге еліктегіш келеді емес пе ? Олай болса ,таза бұлақтай мөлдір осы бір сәби жүрегін туған халқымыздың асыл мұрасымен таныстырып,сол өнерге баулу тәрбиешілерінің бастыв парызы.Осы орайда балаларды халқымыздың ұлттық әшекейлерімен таныстырып,сабақ жоспарларын ұсынып отырмыз.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы-ұлттық тәрбие
«Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам»
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай айтқандай, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде тәрбиеші бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз?
Егер тәрбиеші өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, бала балабақшаға келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе не жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына тәрбиешінің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын тәрбиешінің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды. Тәрбиешінің тек жақсы қырынан таныған бала үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал тәрбиешінің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Балабақшадағы сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын балаларды адамгершілікке, гуманистік жүйеге тоғыстыру. Балабақшада жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған бала өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін оқушы болып қалыптасады. Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:
1, Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулы, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
-
Отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып,
түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Бала тәрбиесіндегі негізгі де маңызды роль ата-аналарда. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала-шағасының алдында айтып, әңгіме-дүкен құрады. Бірте-бірте балалары да өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша жанұя мүшелерімен сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Ата-ана баламен тілдесуде, пікірлесуде бейпіл, бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорғамай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді. Өйткені «Жақсы сөз жан семіртеді». Кейбір ата-аналар өте қатал, айтқанын орындатады. Мұндайда бала қорыққанынан уақытша тыңдайды. Бірақ ата-анасының уысынан шыққаннан соң, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Сондықтан тәрбиеші ата-ана ескермеген тәрбиенің тиімді сәттерін пайдалану қажет. Тәрбиеші балаға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтармен қамтамасыз етеді. Әрбір баланың жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның тұратын, қарым-қатынас жасайтын жағдайларын білуіміз керек. Ол үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс:
-
Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.
-
Достарының, отбасының сенімін ақтау.
-
Жанашырлық таныту - өзгелердің мұң-мұқтажыдығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету.
-
Кешірімді болу – ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін кек алудан аулақ болу.
-
Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу.
-
Жауапкершілік таныту – адал болу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу.
-
Өзін-өзі бір қалыпта ұстай білу - өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын ұстай білу.
-
Ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу.
Қорыта келгенде, ұлттық тәрбиеден бастау алып, осы дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Сондықтан тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай болуы шарт.
Адамгершілік пен имандылық.
Мақсаты Балаларды инабаттылыққа,мейірімділікке, кішіпейілділікке үйрету. Өздерін көпшілік жерде қалай ұстауды
және сөйлеуді, сөйлеп жатқан адамды тыңдай білуді үйрету.
Көрнекілігі: Адамгершілік пен имандылық жайлы жазылған мақал-мәтелдер, жазылған плакаттар.
Барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе бөлім .
Балалардан адамгершілік пен имандылықты қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Адамгершілік пен имандылыққа байланысты мақал - мәтелдер айтқызамын.
Бұл - ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. әрине, “Тауына қарай аңы, заңына қарай заңы”, “Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа” дегендей әдеп сақтаудың әр елде тарихы, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері де болған. Ал қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жыныс айырмашылықтарын алаламайды.
Иманды болу.
Екі түрлі адамға Алла- тағала ықыласпен қарамайды.
1.Туған- туыстарынан аулақ, жалғыз өзі өмір сүргендерге.
2.Көршілерін ренжіткендерге.Көршіні ренжітпей, тату-тәтті тұру адамгершілік.
Пенденің апатқа ұшырауына себепкер болатын жеті түрлі істен сақтаныңыз.
1.Күдік- күманнан,
2.Сиқырдан және сиқырлаудан,
3.Қомағай нәпсіден,
4.Өсім алудан,
5.Жетімнің ақысын жеуден,
6.Жаумен соғысқанда қашудан,
7.Әр адам терең ойланып әдепті жақсы істерді өзіне үйлестіру адамгершілік болады.Біреудің Алла- тағала алдында қандай адам екенін білгіңіз келсе, ол кісіге халықтың қалай қарайтынын біліңіз. Халық қалай бағаласа, оның дәрежесі де сол мөлшерде болады. Көпшіліктің берген бағасы Алла-тағаланың ризалығына тең. Шапаныңыз қаншалық әдемі, сәлдеңіз қанша үлкен, малыңыз қанша көп болсда Алла-тағала сізідің сән-салатанатыңызға қарамайды. Жүрегіңіздің адалдығына ниетіңіздің дұрысытығына қарайды. Не істесеңізде, адал көңіл, пәк жүрекпен істеңіз. Бір мүсәпір нан сұраса беріңіз. Ауру адамның халін сұраңыз. Қолыңыздан келгенше біреуге жақсылық етіңіз. Артында оның пайдасын көресің. Адамдардан ештеңені сұрап тіленбе. Тіпті ат үстінде қолыңнан қамшың түсіп кетсе де өзің түсіп ал! Өлгендерді қарғап, жмандамаңдар. Өйткені олар өз кінәсін өтеуге кеткендер. Алла былай дейді, егер адам баласы маған бір қадам жақындаса мен оған бір аршын жақындай түсейін. Егер адам аршындай жақындаса, мен сажындап жақындаймын. Егер адам он қадамдай жақындаса, мен оған қарай жүгіремін деген.
Сыйластық пен достық.
Шақырған жерге барыңыз достықта. Бір адам ақса той шақырса бай, кедей молда қожа төре шәкірт демей бәрін көріңіз. әрқандай жиынға шақырса қалмаңыз. әрбір адамның өзінің парызы саналатын істі өтегеннен кейінгі артық атқарған ісі жақындарының жүрегін қуанышқа бөлейді. Кімде кім жақын адамын қуантқысы келсе барлық адамды қуанышқа бөлейтін іс істеуі керек. Оның қаншалық асыл қасиет екенін әркім-ақ түсінеді. Бір адам сөйлеп отырғанда жан-жағына қарай берсе, басқа біреуге сөйле деп сөйлескенде оның қадіріне нұқсан келтірмеу керек. Мұның пайдасы жоқ. Сенің айыпты екеніңді айтып біреу сөксе де, сен оның өз айыбын бетіне басып сөкпе, ақыры сауабы саған тиеді. Кінәсі де, обалы да әлгі кісіде қалады. Жақсы ісіңді қанағат етіп қуаныш ет. Жаман іміне қажып, қайғыр бұл имандылықтың белгісі. Абыройың аратады. Бес нәрсені бес нәрседен бұрын болжай ойластыр. Өл мен тұрып тіршіліктің қадірін біл. Басыңа іс түспей тұрып баршылықтың қадірін біл, кәрілік келмей тұрып баршылықтың қадірін біл. Өз араларыңызда сәлемдесуді жолға қойыңыз. Сонда бір-біріңізге достығыңыз артады. Біреумен амандасып хал-жайын сұраудың өзі де өте жақсы қылық.
Қазақы бата
Құдай жолың қабыл болсын,
Әрбір нәрсең әзір болсын!
Кеткенің келіп,
Кемтігің толсын.
Бақ пен дәулет
Құдайым нәсіп етсін!
Бар бәлекет аулақ кетсін,
Аллаһу әкбар!
Жортқанда жолдасың қыдыр болсын!
Жүрден аяққа жүрген ілігіп.
Басыңа бақыт қонсын,
Үйіңе ұрпақ толсын.
Бәрі де халқының ұлы болсын.
Атасының құлы болсын,
Аллаһу әкбар!
Бата
Күнің шуақты болсын,
Көңілің суатты болсын,
Еккенің жемісті
Еңбегің кеністі болсын.
Жұлдызың ағаңда болсын,
Құндызың жағаңда болсын.
Жарың жібектей болсын,
Арың түлектей болсын.
Өнерің өрлей түссін,
Өмірің төрлей берсін.
Е, құдайым бала берсін,
Мал мен басты және берсін.
Саған қас қылған дұшпанды,
Табаныңа сала берсін.
Аллаһу әкбар!
Берген батам бола берсін.
Бата
Осы үйдің иесіне,
Молайта мал бер.
Көбейтіп бас бер,
Ұзақ жас бер.
Аттансын келген қонағың,
Іштей тоңып
Ырызғы таусылмайтын
Ықылас бер.
Жаз келіп көңілің жай болсын,
Көргенің шаттық той болсын.
Абзал досың көп болсын,
Берген батам сол болсын. Әмин.
Үйіңе береке кіре берсін,
Күнде қыдыр келе берсін.
Ішкен-жегеніміздің сауабы
Әруақтарға тие берсін.
Аллаһу әкбар қабыл болсын!
Шайың қызыл болсын
Ғұмырың ұзын болсын
Несібең таси берсін
Дұшпаның қаша берсін
Құдайым ұзақ ғұмырды жаза берсін
Берген батам қабыл бола берсін.
Аллаһу әкбар!
Құдайым жарылқасын
Бай қылсын
Төрт түлігің сай болсын
Мұратың асыл болсын
Бергеніме алла береке берсін.
Аллаһу әкбар!
Мақал мәтел және сұрыпталған сөздер.
Көптің бірі емес аздың бір дегені болыңыздар барлық уақытта астан болсын бағаларың.
Жылқы дүл-дүлімен жетеді мақсатына.
Жігіт бірлігімен жетеді мұратына.
Екі тойың қабат болсын
Екі дүниең азат болсын.
Мадақтаумен мақтағанға молданба
Ақымақпен дос болма,
Иманның жігері бәрін де жеңеді.
Бірінші неке Алладан
Екінші неке Адамнан
Үшінші неке шайтаннан
Еркектің ақылы көзінде
Әйелдің ақылы сөзінде.
Нақыл
Екі жақсы қосылса жарасады
Жақсыға жаман қосылса бір-біріне қарасады
Екі жаман қосылса шатасады.
Мәтел.
Асың дәмді болса
Көңілің сәнді болар
Дайын асқа құлшылыс.
Балам дейтін ана болмаса, анам дейтін бала қайдан табылсын.
Нақыл
Малдан малдың несі артық, бірақ асым еті артық.
Жерден жердің несі артық, бірақ уыс шөбі артық.
Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық.
Айтқаным болат деп сұраншақ болма,
Білегім жуан деп ұрыншақ болма.
Бітер істің басына, жақсы келсін қасыңа.
Көзің көзіне түссе мейірім бір-біріне сонда түсер.
Ата-ана баласына тағын жасап берсе де,
Бағын жасап бере алмайды.
Отызда ордалы болмасаң
Қырқында қамал алмайсың.
Туғанына жақпаған
Дұшпанына жағынар.
Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді.
Көзі жаман көлді бүлдіреді,
Ауызы жаман елді бүлдіреді.
Аллаға жағам десең, азаншы бол.
Ағайынға жағам десең, қазаншы бол.
Ауру астан, дау қарындастан.
Кей адамның дағдысы.
Сұрай қалсаң жағдайын, аярлығы дап-дайын боп тұрады.
Жол болмайды асусыз, той болмайды шашусыз.
Қазақтың ұлттық ойындары
Еліміздің
тәуелсіздігін нығайту үшін бүгінгі бала бақшадағы балаларға үлгілі,
өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Балаларда жалпы
адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке
тұлғалық қатынасын қалыптастыру мақсатында халқымыздың мәдени
рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту
арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, инабаттылық
,өжеттілікт .б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген
қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Ұлттық
ойындарды сабақта қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге,
өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе
білу қажет. Ұлттық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және
тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі тарихи даму барысындағы
әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан
ұрпаққа беріліп отырады.
Халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің
негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Ұлттық
ойындар -халықтық педагогикасында дене тәрбиесін дамытуға өте
ертеден бастау алған. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді
құралдарының біріне ұлттық ойын жатады. Ұлттық ойын арқылы бала
қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден
байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне
еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен
қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары:
«Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу»,
«Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен
қабілеттерін арттырады Ұлттық ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын
дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең,
алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып
нәрсе. Ұлттық ойындарды оқу және
тәрббүгінгі балаларға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі
міндеттердің бірі. Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның
айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени
рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту
арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама
халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты
қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән
ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен
ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. «Ұлттық ойынды - тәрбие
құралы» -деп таныған. Ойынды сабақта қолдану балалардың ой-өрісін
жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған
нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Халық педагогикасының адам,
отбасы, өскелең балаларды тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын,
орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық
идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы
байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні
бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отырады. Ең алдымен, ұлттық тәрбие өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір
сүру бейнесінің негізі б олып, оларды
келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің ұлттық тәрбиеде еңбек
тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек
тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады.
Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші
ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші
роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық
дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Ұлттық тәрбиенің ең бір көне
тиімді құралдарының біріне ұлттық ойын жатады. Ұлттық ойын арқылы
бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден
байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне
еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық
тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық
ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз
қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы
мен қабілеттерін арттырады. Ұлттық ойын дегеніміз – адамның
ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы
кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлттық ойын түрлері қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа
түсірген. балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін
қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б.
мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы
күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар
барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни
белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті
сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау,
ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың
физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ұлттық ойынның құндылығын жоғарылатады.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа
халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу
тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат
бірлігін көздейтінінде.
Бала тілі-бал...
Қазақ халқының бай салт –дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі көп.Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше.Жазу сызу болмаған кезде халықтың ой-арманынан шыққан әңгімелер жұмбақтап айтқан сырлары,тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер ұшқыр ойдан шыққан мақал мәтелдер, қиял ғажайып ертегілер баланың тілін ойын дамытатын санамақтар ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ерекше орын алады.халық ауыз әдебиетінің салалары өте көп.Олар жырлар,мақал-мәтелдер ,жұмбақ ,жаңылтпаш,санамақ өтірік олеңдер т.босы салаларды балалардың жас ерекшелікітеріне қарай оларды жалықтаырып алмайтындай сана-сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып,бойларына сіңіру,олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Халық ауыз әдебиетінің үлкен бір тармағы –тұрмыс салт жырлары.Оның ішінде бесік,тұсау кесер жырлары баланың тіліне жеңіл,жаттауға оңай әрі қызық болғандықтан сүйсіне жаттайды.
Бесік жыры –бала өміріне бастау болатын арна –ана поэзиясы .ананың арман –тілектерге бай бесік жырлары сәби жүрегіне аналық махаббаттың сүйіспеншіліктің адамгершіліктің негіздерін ұялатады.баланың жан дүниесінде әлди жырлар арқылы тәрбие мен ұлттық сана қалыптасып,этномәдени нәр себеді .»тәрбие тал бесіктен басталады» демекші тәрбие өзегін адамның сәбилік кезеңінен қолға алып,бесіктегі күнінен ұлттық рухани тәрбиемен сусындату қажет.бесік жырларының әуені әр балалы отбасында айтылуы –ұлтымызды сақтаудың бірден-бір тура жолы.
Бесік жырын мазмұнына қарай бесікке бөлеу, жұбату, тілек айту деп топтауға болады.
Тілек
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным:
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой
Айжан болсын есімің
Құтты болсын бесігің
Әлди,әлди әлди-ай!!!
Жұбату
-Айжан біздің қайда екен?
-Қыздарменен тойда екен.
-Тойда неғып жүр екен?
-Алма теріп жүр екен.
-Алмасынан кәнеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Жаңасынан кәнеки?
-Қабы толмай жүр екен.
Әлди,әлди әлди-ай!!!
Жаңылтпаш
Халық баланың тілін ширату үшін ,оған сөз үйретіп ,дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.бөбектің тілі шығып,балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде ,кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей мүдірмей сөйлеу үшін ,қиналып айтылатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап,жаңылмай жаттықса сөйлегенде де мүдірмей өз ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылтпаштарды жаттап,жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау сөз қадірін білу сезімі қалыптасып,ой-қиялы дамиды тәлім алады.
Жаңылтпаштар
Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалағаи шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.
* * *
Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!
* * *
Суда сең келеді,
Сегіз серке тең келеді.
Суға сақалын мала, сілке,
Суға сақалын мала, сілке.
* * *
Есет ағам ет асатар,
Ет асатса, бес асатар.
* * *
Беріп тай, лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты,
Алдым тай, лақты.
* * *
Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
Жұмбақ -нақты бір зат туралы тұспалдап ,ұқсатып,бейнелеп айту арқылы баланы ойлату ,танымдық білімдік ұғымдармен түсініктерді ой қиял елегінен өткізіп,тұжырым жасап,шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін айтады.
Заман өзгерген сайын ұлттық тәрбиеде жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса береді.
Жұмбақтарды Аристотель «Жан-жақты жымдасқан метофора»дейді Яғни затты бейнелеп,баламалапсипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне аумағына көлеміне зер салып,жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді,әр заттарды салыстыра көз алдына елестететіпдүниетанымдық қабілетін дамытады.
Жұмбақтар көбінесе үйлесімді ұйқасы әсем де ырғақты өлеңмен құрылады.қара сөзбен жасалған жұмбақтар бар.Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар кез келген айтушы өз ойынан құрастырып та айта береді ,тек жұмбақтың сөздік қисыны ,өлеңдік үйлесімі болуға тиіс.Жұмбақ айтушы неғұрлым көбірек күрделірек жұмбақтарды тауыпайтып, шешушіні жеңіуге тырысады. Егер жұмбақ шешуші мүдірмей айтылған жұмбақтарды дұрыс және толық шеше алса ,оның өзі де жұмбақ айтыпжұмбақ айтыс жалғасып, айтушы мен шешуші өз білімін сараптайды.
Жұмбақтар
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Кун)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама,
(Кітап)
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады.
(Жел)
Қол созсаң, ақ күміс
Алақанга толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз
Лезде жоқ болады?
(Қар)
Мақалдар- нақыл өсиет түрінде айтылатын ой түйіндері сөз мәйегі мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен сабырлы салмақты ырғақпен айтылады. Қара сөзбен яғни шешендікпен айтылатын мақалдарда бар.
Мақал негізінен екі бөлімнен құралады.Пайымдау-айтылған ойдың түп негізі.екінші ой қорытындысы айтылады.
Мәтелдер –негізінен тұжырымы тұспалы өлеңде сыңар тармақты қара сөзде нұсқалы сөз ретінде пайдаланылады. Мәтелдер тура және ауыспалы мағынада айтылады. Мысалы «Қадіріңді білгенге жұмса.», «Тікен гүлін қорғайды.» қазақ халқы –сөз қадірін біліп,қасиетті сөзді қастерлеп,ауызынан тастамай өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп,терең мағыналы сөздермен өрнектеп келе жатқан халықМаөалсыз мағынасыз сөйлеген қартадамның сөзінің қадірі болмайды.қазақтың мақал мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары Елдік,ынтымақ,бірлік туралы мақал мәтелдер.
Мақал-мәтелдер
Ата — асқар тау,
Ана — бауырындағы бұлақ,
Бала — жағасындағы құрақ.
* * *
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз кунің жоқ.
* * *
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім — таусылмайтын кен.
* * *
Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
* * *
Өнерлі істе — жеміс бар,
Өрелі істе — жеңіс бар.
* * *
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға келсін кез.
* * *
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
* * *
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
Өтірік өлең
Өтірік өлеңдерді дарынды ақындар қиынан қиыстырып,қиялмен әсерлендіріп,қызықты қисындарға құрып шығарған.өзгеше әсерлі өтірік өлеңдерді халық ықылас қоя жаттап,ұрпақтан –ұрпаққа жеткізген.Авторы белгісіз болғанмен халық ауызынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік,мағынасы терең.өтірік өлеңде әсерлеу бейнелеу шендестіру,салыстыру,тәсілдері арқылыкөркем бейнелер жасалынады.Ондағы оқиғалар шынайы өмірге сәйкес келмейді әдейі әсерленіп,шебер суреттеледі.өтірік өлеңдер балалардың ой қиялын ,дүние танымын ,өлең өнеріне деген ықыласын ,қызығуын дамытады қисынды ойлауға үйретеді,тілдік қорын молайтады.
Өтірік өлең
Айттым да өтірік өлең айла қылдым
Кесіп ап бетегені найза қылдым.
Торғайды үш қонаққа сойып беріп,
Жарты етін алып қалып пайда қылдым.
****
Дүниеде болады екен қоян мықты ,
Жабылып он бес жігіт зорға жықты.
Соғымға сойған едім семізін ай,
Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.
****
Масаның кішкенесі батыр екен.
Сона деген қансорғыш бақыр екен
Үйіне сол сонаның жетіп барсам
Ас беріп әкесіне жатыр екен.
*****
Санамақ –халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатында айтқызады. Санамақтар әрі сан үйретеді әрі дүниені танытады. Әр баланың қисынды ойлауы мен матиматикалық логикасын яғни ойлау қабілетін дамытады.санамақтардың түрлері өте көп оның үстіне замаға сәйкес жаңадан қосыла береді.
Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі.Саусақ санау ойыны баланы сан үйретуге ынталандырады.көңілдендіреді.санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы ақындық қабілеті байқалады.Егер ол ұйқас таба алмаса айтыста жеңілген болып табылады.балабақшадда балаларға санамақтардың сан алуан түрлерін үйретіп оны айтқызу санамақ шешәмдерән дұрыс шешекендердің білімін бағалап,оларды мадақтап отыру қажет.кейбір санамақтарды әнге қосып айтуға болады.
Санамақтар
Бір дегенің-білеу
Екі дегенің -егеу
Үш дегенің- үсік
Тқрт дегенің -төсек
Бес дегенің -бесік
Алты дегенің - асық
Жеті дегенің -желке
Сегіз дегенің- серке
Тоғыз дегенің -торқа
Он дегенің -оймақ
Он бір қара жұмбақ.
****
Түйе бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос-қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бірін бірге ойлап қой.
****
Бірім –бірім,
Екім –екім,
Үшім –үшім,
Төртім –төртім,
Бесім- бесім ,
Алтым алтым;
Алты малтам,
Алтын балтам
Сары ала қаз-
Саңқылдауық,
Қырман тауық-
Қырқылдауық
Сен тұр,-
Сен шық!
****
«Алмас Асан келісті ,
Алма жинап бөлісті.
Арасында бір алма,
Айтыс болды бұларға:
Асан берсе алмасы,
Үштен бірі кем болар,-
Алмас берсе алмасы
Асанның да тең болар,-
Алма санап көріңдер,
Екіге тең бөліңдер. »
****
-Бір !
-Бетің кір
-Екі !
-Маңдайынан шекі.
-Үш
-Мені жеңбек күш.
-Төрт!
-Төнбесін өрт
-Бес!
-Белгілі жерден кес.
-Алты!
-Ата-ананың салты.
-Жеті !
-Жетімек қойдың еті.
-Сегіз!
-Қойың тапсын егіз!
-Тоғыз!
-Топас хайуан доңыз
-Он! -Оның кигені тон
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
6.Жұмабаев.М. “Педагогика” – Алматы: “Ана тiлi” 1992 ж.
7. Бала мен балабақша №1, №2,№3,№4 2011ж
8. Бала тәрбиесі №1, №2,№3,№4 №5 2011ж
9.Отбасы және балабақша №5 2009,№3 2010, №5 2010
10.Бастауыш сынып №1,№2 2010,
11. Ұлттық тәрбие №1,2011
1

