Сабақ басы (13
мин)
|
ҚАУІПСІЗДІК
САБАҒЫ
№ 10 САБАҚ. «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ОҒАН СӨЗСІЗ
СЕНУГЕ БОЛА МА?»
Сабақ барысы 1. Кіріспе (2 минут) Жасанды
интеллект жүйелерінің қолдану салалары: робототехника, сараптамалық
жүйелер, есептерді әмбебап шешушіні жасау, бір тілден екінші тілге
аудару, мәтінді рефераттау, пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы
диалогін қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсті жасау.
2.Негізгі бөлім(6 минут) Оң әсері: - мәліметтерге негізделген
тиімді шешімдер; - субъективтіліктің аздығы; - ескірген
бюрократиялық құрылымды жаңаша ұйымдастыру; - жаңа және
инновациялық жұмыс орындары; - энергия тасымалдаушыларға тәуелді
болмау; - медицина ғылымында жетістікке жету, дерттерді түбегейлі
жою. \
Теріс ықпалы: - есеп беруге міндеттілік (жауап
беруші, заң аспектілері,
құқықтар);
- жұмыс орындарын
жоғалту;
- хакерлік /
киберқылмыс;
- қалыптасқан түсініктің шектен
шығуы.

«Жасанды интеллект технологиялары
мүмкіншіліктерінің тиімді және тиімсіз жақтары» тақырыбында пікір
алмасу.
-
Қорытынды
(2минут)
|
Оқушылар
тыңдайды
Оқушылар пікір
алмасады
|
суреттер
Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/cHlTBit1Pbo?si=87b0BDZRlgwdqNvm
|
Ортасы (20
мин)
|
. Қазақстан
өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін
жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық
валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы
Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан
мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден
бастаған.
Әбу-Насыр
–әл –Фараби
Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы
Фараб деп атаған.Әл- Фараби орта бойлы,мығым денелі, батыл болып
өседі.Бала күнінен атқа шапқыштығымен,мергендігімен көзге
түседі.Түркі,парсы,араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек,латын
тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі
екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек
жазған.
Сүйінбай. Алматы облысы,Жамбыл ауданында
дүниеге келген.Балалық шағында кедейшілік,жоқшылық көреді.Соған
қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана
бастайды.Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма,айтыстың ақиық
ақынына
айналады.
Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің
әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын.
Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы,адамгершілігіне, жақсы-жаман
қасиеттеріне көңіл
бөлінеді.
Құрманғазы. Құрманғазы – қазақтың күйші,
сазгері,домбырашысы.Күй өнерінің классигі.Оның әнге әуестігі
жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға
жібереді.Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың
айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын
йығынан
тастамайды.
Құрманғазы
қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа
қоныс аударды.
Ортаға 10,20,50,100 теңге кейіпкерлері
шығады.
Шоқан Уәлиханов. Ол өте ақылды,көреген,өз
заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін
білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды.Мұнда арабша оқумен
сурет салуды үйренді.Шығыс әдебиетімен танысады.Араб,парсы,ұйғыр
тілдерін меңгерген.1853 жылы Кадет корпусын бітіреді.Сол мамандығы
бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы,географ,
суретші,әдебиетші,тарихшы.
Абай Құнанбаев. Абай - қазақтың ұлы
ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы.Ол әуелде
ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге
оқуға жібереді.Мұнда араб,парсы,шағатай тілдерін
меңгереді.Науаи,Низами,Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын
құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре
түседі.
Абай
өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды.Оның елуге жуық қара
сөздері бар. Көлемі қысқа,мағынасы
терең.
Ұлттық валюта-төл
теңге
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз
демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері,
ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша
белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде
пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық
байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте
замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы
шеберханаларда
жасаған.
1. «Әр елде — өз валютасы
»
«Табыс» « Теңге» «
Тиын»
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде
-/рубль/ Германияда —
/марка/
Америкада — / доллар/
Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада —
/гривна/
/
стерлинг/ /карбовенец/
Қытайда — / юань/ Тәжікстанда —
/манат/ Өзбекстанда —
/сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат
/ Кореяда — / йена
/
|
Мақал - мәтелдегі бос орынға төмендегі сөзді
жазу.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп,
ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан
өсер.
Жылқы құлыннан
өсер.
2. Есепсіз ______
жоқ.
3. Алтын тапсаң _______
ал.
4. Ақша кетуге
тырысады,
_________ ұстауға
тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______
болар.
6.______ оңай, жинау
қиын.
7. Ақша ашпайтын _________
жоқ.
Бесжолдық
өлең.
1.Теңге ( тақырып, 1 сөз)
2.Құнды, сиқырлы (екі сын есім)
3.Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3
сөз)
4.Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4
сөз)
5.Қазына.( синоним, 1
сөз)
|
|