400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлтымыздың ұлы ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін зерттеп жүрген, зерттеп кеткен ғалымдардың том-том еңбегі бір төбе болса, Байтұрсынұлының «Тіл –құралы» өз алдына бір төбе. Абай мен Ыбырайдан қалған ағартушы қаламын ту етіп ұстаған да осы Ахмет Байтұрсынов атамыз еді. Ол осы сара жолды жалғастырып ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып кетті. Тіл білімі институтының заңғар тұлғаның атын алуы да заңдылық. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал «Тіл - құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлтымыздың ұлы ұстазы

Тургаева Гүлсара Аманжоловна

Қостанай қаласындағы

А.М.Горький атындағы гимназияның

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

Білімі: жоғары.

Тарих көші домалап биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толады. Қазақтың біртуар қаламгері үлкен сара жол салып кетті. Самұрықтай сайыпқыран тұлғасына «Маса» болуды қор санамай, қанатының шуылымен қазақты оятам деп жүріп оққа ұшқан асыл перзенттің тұлғасы заман өткен сайын заңғарға айналып барады. Қазақтың Ахаңы туралы көркем фильм түсірілмеді демесеңіз, кітап та шыққан, ғылыми монографиялар да жазылған. Бірақ соның бәрі Ахмет Байтұрсынұлының жаңа тұрпатты, зайырлы қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы еңбегін өз деңгейінде көрсетуге жетпей жатқандай сезіледі. Биыл мерейтойының өткізілуі барысында көптеген іс-шаралар жоспарланып жатыр. Бұл ұлы тұлғаға деген зор құрметтің белгісі деп ойлаймын. Өз кезде Ахмет Байтұрсынұлы салып кеткен сара жолы болмаса, қазақтың сөз өнері мен тілі бүгінгіден бетер шұбарланып, ұлттық сипатынан айырылып, түркі-ноғай тармағының жабайы диалектісі болып қалуы да мүмкін еді. «Газет – халықтың көзі һәм құлағы» деген өсиеті бүгінгі біздің буынға журналистиканың алтын заңындай болып отыр. Баба салып кеткен із айқын сезіледі. Бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, шығармаларының мәні әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Қайта ол халықтың игілігі үшін қызмет етіп жатыр. Қазақ тарихындағы Ахмет Байтұрсынұлының тұлғалық орнын, саяси бағасын айқындап алмасақ, оны ұлықтау, қайраткер болмысын ұрпаққа үлгі ету дәл қазіргі жалпылама мадақ сипатынан әріге бармайтынын кейінгі жылдар көрсетті.

Қазақ тілін зерттеп жүрген, зерттеп кеткен ғалымдардың том-том еңбегі бір төбе болса, Байтұрсынұлының «Тіл –құралы» өз алдына бір төбе. Абай мен Ыбырайдан қалған ағартушы қаламын ту етіп ұстаған да осы Ахмет Байтұрсынов атамыз еді. Ол осы сара жолды жалғастырып ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып кетті. Тіл білімі институтының заңғар тұлғаның атын алуы да заңдылық. Ол қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал «Тіл - құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы.

  Ахаңның өміріндегі ең маңызды істер қатарына үш ірі бастамасын жатқызуға болады: Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірлесе отырып, өз заманы мен бүкіл қазақ халқы үшін тұтас ұлттың сауаты мен білім айнасына айналған "Қазақ" газетін басып шығару; Араб графикасын қолдану  арқылы "Төте жазу" жасау және "Алаш-Орда" үкіметінің қызметіне қатысу. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың өмірінде өзгеде айтулы оқиғалар болды, алайда дәл осы оқиғалар қазақ халқының өмірінде терең із қалдырды, оны өз елінің көрнекті ұлы етті, оның тәуелсіздігі туралы арманын асқақ етті.

Ол ұлтына, қазақ халқына қызмет етті. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл».
Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқы­мыздың рухани көсемі бола білді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі