Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлтымыздың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынов 145 жаста.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Ұлтымыздың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынов 145 жаста.
Мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік,саяси,мәдени,тарихи өмірінде орыны айырықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік,ұлтжандылық,отансүгіштік қасиеттерді дарыту; ақын,қоғам қайраткері, педогог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп,жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 1. Ахмет Батұрсынұлы портреті,папкасы; 2.Кітап көрмесі: «Ахмет Байтұрсынұлы –зиялылар көсемі»; 3.Ахмет Байтұрсынұлы туралы баяндама,бейнекөрініс.
Кітапханашы: Баяндама: Құрметті ұстаздар, оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ халқының рухани көсемі»
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің,білім мен ғылымның туын көтерген,жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп,алға жетеулеуге ұмытылған зиялды топ қалыптасты.Халықтың зердесіне сәуле түсіріп,санасын оятан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиетіне мен әдебиеттану ғылымның,тіл білімінің атасы,ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған,ол өзінің алдындағы Шоқан,Ыбырай,Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып,өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріңдегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсынұлы Шошақұлы намысқой ,сергек,еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсынмен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі-уезд бастығын соққыға жығып,түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып,хат таниды да,кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде даярлайтын мектепте білім алады.Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдың 1 шілдесінен өзінің мұгалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық,облыстық мектептерде,екі сыныптық училищелерде сабақ береді.Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі,қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалын елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға,халықтың рухани көсемі .
Бейне көрініс:
Кітапханашы: Адам баласының дүниеде шашатын жемісі-мәңгілік мейірімді қызмет деп,міне сол адамдық диқаншы-Ахмет Байтұрсынұлы еді... Ал, енді Ахмет Байтұрсынұлының отты өлеңдеріне кезек берейік.
1-оқушы: « Замандастарым» Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген,жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма,құрбыларым. Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық, Күн қайда үздік шығар топты жарып. Ат тұрмас аяғында желі болса, Дүрсілеп шапса біреу қиқу салып. Бар болса сондай жүйрік,қызар деймін, Естілсе құлағына дүбір барып. Әйтпесе арық шауып өндіре ме, Жүргенде қамыт басып,қажып-талып
2-оқушы: «Анама хат» Қарағым ,дұғагөйім,қамқор анам! Арнап хат жазайын деп алдым қалам. Сені онда,мені мұнда аман сақтап, Көруге жазғай еді хақ тағалам!
Бара алмай,өтірікші болып әбден, Семейдің түрмесінде отыр балаң. Мал ұрлап,кісі өлтірген айыбы жоқ, Өкімет- өр зорлыққа не бар шараң?!
«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар, Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам. Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма,оны ұмытпасам, Болғандай жегенімнің бәрі харам. Адамнан туып,адам ісін етпей, Ұялмай не бетімнен көрге барам?! /
Көп айтпай,қысқасын сездіретін Балаңның мінезі бар сөзге сараң. Кетер деп «суға құлап,отқа түсіп» Қайғы жеп,менің үшін болма алаң!
Отырамын абақтының бөлмесінде, Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіне, Есіктің құлпы мықты,күзетші көп, Ажалдан басқа ешкім келмесіне.
Қоршаулы,айналасы биік қорған, Берік қып салған темір терезесіне. Қалайша мұны көріп көңіл сенбес Аттанып жау келсе де бермесіне?
2-оқушы. «Достыма хат» Қырағы,қия жазбас,сұңқарым-ай! Қажымас қашық жолға,тұлпарым-ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына,іңкәрім-ай!
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр, Түнерген төбемізден бұлт арылмай. Көк етті,көн терілі,көніп қалған, Сықса да шыдай беру-жұрт жарылмай.
Кім біліп,ер еңбегін сезіп жатыр? Кім шыдап,жолдастыққа төзіп жатыр? Сасық ми ,салқын жүрек,санасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр./
Сынайтын,жақсы менен жаманды өлшеп, Құлдықтың қолдарында кезі жатыр. Кешегі кеңшілікте керек қылған Бос болмаған соң безіп жатыр.
Айтқанмен таусылар ма оны-мұны? Талайдың таңдамалы түпкі сыры: Жанасқан шын көнілген жақындық аз- Көбінің іші салқын,сырты –ақ жылы.
Ақшаға абыройын,арын сатып, Азған жұрт,адамшылық қалмай сыны. Жаны ашып,жақын үшін қайғырар ма, Жаны-мал,жақыны-мал,малдың құлы?!
4-оқушы. «Қазақ салты» Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара-көлге қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды,тәнімізде шарпылмаған?
Алаштың адамының бәрі мәлім, Кім қалды таразы тартылмаған? Дегендер: мен жақсымын,толып жатыр, Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тықылдап,құр пысықсып сөйлейтін көп, Екпіндеп,ұшқыр атша қарқындап. Бос белбеу,босаң туған бозбала көп,
Киіздеп шала басып,қарпылмаған. Еңкендеп ет аңдыған шалдар да көп, Телміріп бір тойғанын ар қылмаған. Ақ көңіл,алаң-бұлаң адамдар көп, Есептен азын көпке,аңқылдаған.
5-оқушы: Жұртыма Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым, Табылса оңай олжа,ортақ жұртым. Сияқты қара қарға шуылдаған Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым. Білмейсің жөнің менен терісіңді, Ел болып іс етпейсің келісімді. Үміт қып бәйге атындай талай қосып, Байқадық шабыс түгіл,желісіңді. Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, Шығасың қолыңа ала керісіңді. Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде, Көрдік қой жайылатын өрісіңді. Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар, Қайтейін өзге десе көнгішіңді. Сықылды сынық бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!
6-оқушы:Адамдық диханшысы Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтан шаштым,ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. Қор болған босқа кетіп еңбек,бейнет, Құлдарға құлдақтан жоқ артық зейнет. Оттай бер,жануарым екі аяқты, Адамдық хайуанға қанша қажет?! Жаратқан малды Құдай не керекке- Мінуге,сою, соғу,жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп,қамшыңды жеп, Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. Таяққа еті үйреніп қойшы жайлап, Көк есек қозғала ма түрткенге айдап? Есептен алданғандай болғандар көп, Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы,қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым,таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1912-1918ж.) тұрақты редакторы,көрнекті ақын,аудармашы,публицист-журналист,ірі қоғам қайраткері,ағартушы-ұстаз,этнограф,флоклорист,композитор әрі орындаушы... Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым.А.В.Затаевичтің айтуынша,ол шебер домбырашы,әнші болған. Халық әндерін,күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. Сондай-ақ ән де шығарған көрінеді. Композиторлық дарынының айғағы ретінде «Аққұм», «Қарагөз» әндері кейінгі ұрпаққа мирас болып қалған.
Ән: Ахмет Байтұрсынұлының әні: «Аққұм».
Ахмет-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет мектебіне тізіліп,кіріп жатқан жас буын,жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахмет өзінің басшысы деп санайды. Ахмет ашқан қазақ мектебі,Ахмет түрлеген ана тілі,Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысалынан» мысал өлеңдерге кезек берейік.
7-оқушы: «Аққу ,шортан һәм шаян» (Крыловтан) Жүк алды Шаян,Шортан,Аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке,Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардын машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Асылы,жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер,мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Бірінің айтқанына бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Бұл сөзді біреу алмас,біреу алар, Құлағын біреу салмас,біреу салар. Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса,кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тындар, Жаратпай қайсы бірі теріс қарар. Дүниеде сүйгенім бар,күйгенім бар, Солардан аз да болса белгі қалар.
8-оқушы: Екі шыбын. Бір Өгіз күні бойы тартып сабан, Қайтты елге сабанымен кешке таман. Мүйізінде Қара шыбын отыр еді, Кез болды бір танысы мұны көріп келе жатқан, Астында Өгізі бар сабан тартқан. «Көзіме күні бойы көрінбеп ең, Келесің,сөйле,-дейді,-сен қай жақтан?» Сонда бұл мұрнын көкке көтереді, Адамсып,маңызданып жөтеледі: «Жет жыртып күні бойын,шаршап келем, Мазалап,сұрап саған не керегі?» Адамды кейбір түрлі алып еске, Қарасақ,ғибрат бар бұл кеңесте. Біреудің я қайратын,я дәулетін Өзімсіп жүретіндер бар емеспе? Кейбіреу көтереді мұрнын көкке, Өз әлін өзі білген адам көп пе? Мақтанып,бәрін де өзім еттім дейді, Біреудің шылауында жүріп текке.
9-оқушы .Маймыл мен көзілдірік Қартайып,нашар көрді Маймыл көзі, Ойлады ем етерге оған өзі. «Көзі азса-Көзілдірік емі» деген Тиетін құлағына жұрттың сөзі. Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты, Біразын құйрығына тізіп тақты. Бір мезгіл төбесіне қойып жатты. Пайда жоқ иіскесе де жаласа да, Қойып-ақ әр жеріне қараса да. Маймылға көзілдірік ем болмады, Адамның көздеріне жараса да. «Жоқ,-деді,-титімдей де пайда тіптен, Мәжнүн бұл шыныдан дару күткен! Жақсы –ақ деп Көзілдірік,шулаушы еді, Бәрі де жалғанша екен адам біткен. Сөздері жұрттың айтқан бәрі жалған, Мен жарым жалған айтқан сөзге нанған. Көрмедім жау алғырдан ешбір пайда, бар ма, Күкүл боп Көзілдірік қалды сынып. Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар, Маймылша іс ететін көп надандар. Пайдалы затты орнына жұмсай алмай, Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар.
10-оқушы:Ат пен есек. Біреудің есегі мен бар еді Аты, Апарар бір қалаға болды заты. Аты мен есегіне артып алып, Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Жүк ауыр,есек сасып ,алақтады, Иесі демалуға қаратпады. Әл кетіп,жығыларға таяғанда, Жалынып атқа есек сөз айтады:
Ат достым,жүгм ауыр,халім бітті, Емеспін жүре алатын енді тіпті. Зорығып,жолда өліп қалатынмын, Алмасаң ауыстырып біраз жүкті Ат оған ешбір жауап қайтармайды. Ауырлап жүгін,есек қайқаңдайды. Ентігіп,ішін соғып,дымы құрып, Жүруге онан әрі жайы қалмайды.
Жығылды есек байғұс дымы құрып, Тұрмады айдаса да иесі ұрып. Сойды да ,жүгін,терісін атқа салып, Қалаға келе жатты тағы жүріп.
Қараңдар,шара бар ма мына сорға, Аяғын ат келеді басып зорға. Қысымды есек көрген бұ да көріп, Болдырып,былғақтайды оңды-солға.
Өкініп іске ат келеді: «Мен қате еткен екем... Аһ!-деді- Есектен аз жүк алып,Қарасқанда, Қиындық мұндай маған болар ма еді?»
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек? Мысалы,еткен қайыр бір бәтерек. Қайырың біреуге еткен болып терек, Көрерсің рақатын көлеңкелеп.
Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде – Біреуге қысылғанда жәрдем бермек. Кейбіреу зор бейнетке тап болады, Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.
Сонымен
Әрине,Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын,публицист,ғалым,қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,тартқан қорлық, көрген азабы,болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға,туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып,бүгінгі әдеби –шығармашылық кешімізді тәмамдаймыз. Келгендеріңізге рахмет,қадамдарыңызға гүл бітсін!