Ұлтық құндылықтарға негізделген білім беру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлтық құндылықтарға негізделген білім беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтарға негізделе білім беру туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ

Кашкеева Айман Рыскуловна

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер


Қазіргі оқушы – еліміздің ертеңгі болашағы. Олай болса, қоғамның тұлғасы болар білімді , мәдениетті, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеу ұстаздар қауымын толғандыратын мәселе. Рухы таза, санасы биік, білімді, білікті жаңа буын жас ұрпақ жетілген сайын мемлекет дамудың жаңа биігіне көтеріледі. Ол үшін ең әуелі шәкіртттерді жас кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиелеуге көңіл бөлуіміз қажет. Х ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп жасаған тұжырымы тәрбиесіз білім еш нәрсеге жарамай, қайта адамзатқа қарсы бағытталатынына бүгінгі күні көз жетіп отыр. Білімді іске асыру, оны өмірде қолдана алу, кәдеге жұмсап, өзіндік тұлға болып қалыптасу жолында құндылықтарға негізделген білімнің маңызы зор.

Оқушының қалай өсетіні: адамгершілігі жоғары, намысшыл,ұлтшыл, адал, жақсылық үшін күрескер болып шығуы немесе керісінше өзімшіл, зұлым болып шығуы көп ретте ата-ана мен ұстаздың берген тәрбиесі мен біліміне байланысты. Оқушыға ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, бойына сіңіру - мұғалімнің басты міндеті деп білемін. Сондықтан да өз сабақтарымда шәкірт бойына ізгілікті дарытып, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып сабақ мақсатына жетуге тырысамын.

«Қазақ отбасының дәстүрлері» атты сабағымда қазақша амандасудың мәнері мен ұлттық этикет формаларын дұрыс қолдануды үйрете отырып, қарым-қатыныс жасаудың алғашқы әліппесі, қадамы сәлемдесу екенін ұғындырдым. Оқушылар келген қонақпен амандасу, оған құрмет көрсетіп, төріне шығару, дәмді тағамдарды ұсыну секілді кәделерді диалог құру арқылы, көрініс қою арқылы жеткізе білді.

«Көшпенділер мекені» тақырыбындағы сабақта оқушылардың туған жер, атамекен туралы түсініктерін кеңейте отырып, РАФТ әдісі арқылы туған жерді, елді, табиғатты қорғау, аялау туралы өз ойларын ортаға салды.

Сaбaқ үстінде жaңa сөз үйретілумен қатар сол сөзді дұрыс қолданудың қажеттілігі турaлы мұғaлім тaрaпынан ескертіліп, қазақ тілінің ұлылығы, бaйлығы турaлы мәселе кешенді қaрaстырылғaнда ғaнa оң шешімін тaппaқ.
Оқушы тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Оқушыға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, қазақ тіліне тән дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы.Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту. Ал оқушыларға арналған кешен: оқулық, фонограмма, күйтабақтар, үнтаспалар, бейнетаспалар, дидактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер тағы басқалар.Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай - ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады.

Мұндай жұмыстaр оқушының білімін ғaнa жетілдіріп қоймaйды, жеке дaрa шығaрмaшылық қaбілетінің aшылуынa түрткі болaды.

Қазіргі таңда мектебімізде «Құндылыққа негізделген білім беру жобасы» аясында негізгі құндылықтар аясында өзіндік құндылықтар жүйесі құрылып, ол мектептің өміріне кіріктіріліп қолданылу үстінде. Елімізге адал қызмет ететін, тарихы мен мәдениетін жетік меңгеріп, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ететін тұлға қалыптастыру ұстаз тәлімі арқылы дарытылып, сіңірілуі керек.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2020жылғы 12 маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға  негізделген  білім беру» жобасы

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 5- сынып, Ф.Ш.Оразбаева,.. «Көкжиек-Горизонт» ЖШС, 2017.

  3. С.Симбаева «Белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер» Әдістемелік құрал, Нұрсұлтан, 2019.

  4. Ф. Оразбаева" тілдік қарым-қатынас теориясы мен әдістемесі " Алматы. РБК 2000ж.б. 208.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2024
141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі