400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы даланың- ұлы есімі эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы даланың ұлы есімі тақырыбындағы эссе Ы.Алтынсарин туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының тегі,аты-жөні

Болат Самина


Жетекшінің аты-жөні

Бейсенбаева Л.А.

Қала

Шымкент

Білім беру мекеменің атауы

М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия

Сыныбы

5 ҚА

Байқау атауы

«Дарынды 1000 бала»

Телефоны

8-771-885-32-90


«Ұлы Даланың ұлы есімі»


«Бір Аллаға сыйынып,

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық,-деген өлең жолдарын қазақ балаларына арнаған Ыбырай Алтынсарин атамыз Ұлы Даланың ұлы есімі екені сөзсіз. Қазақ балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбырай көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері ретінде таныдық. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Оның өлеңдері жастарды өнер мен білімге шақырса, ал әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор. Өлеңдерін оқысаң рухани нәр аласың, ал әрбір әңгісесін оқысаң өмірлік азық болатындай құнды мұра екенін түсінесің.

«Әр заманның, өзіндік бір құрметті тұлғасы, Қаһарманы болады,»-дейді. Алайда, Ыбырай Алтынсарин, қай кезде болмасын халықтың жүрегінен, тарихтан ойып тұрып өзінің өшпес орнын алады.Қазіргі таңда еңбектеген баладан, қартайған қартымызға дейін оның шығармашылық өмірін, өлең-жырларын дәріптеп келеміз. Себебі, ауыздан-ауызға таралып жатқан өмірдің ащы шындығы мен қызығы шығармаларында бейнеленген. Тіпті, балалар хрестоматиясын жазудағы мақсатын кітаптың алғы сөзінде: « Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жақын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздейтін....» деп тұжырымдаған. Әр әңгімесі шынайы өмірден алынған туынды іспеттес. Бала мен әке арасындағы қатынас, еңбекпен тапқан нанның тәттілігі, табиғат пен адам арасындағы байланыс тереңінен суреттеледі. Оның шығармалары мекпет оқулықтарына енгізілген. Ұстаздың қай шығармасын алсақ та, мысалы: «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Мақта қыз бен мысық» - сынды туындылары жас ұрпақты мейірімділікке, ізеттілікке, білімділік сияқты және адами қасиеттерге шақырады. Бүгінгі таңда бұл туындылар өз мәнін жоғалтқан жоқ. Әлі күнге дейін өзінің ерекше бір мәнімен өскелең ұрпақты тәрбиелеп келе жатыр десем қателеспеймін. «Дүние қалай етсең табылады», « Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелері еңбекқорлыққа, адалдыққа, мейірімділік пен бауырмашылыққа жетелейді.

Сонымен қатар қазақ балаларының білімді болуы үшін қазақ жерлерінде мектептер ашып, сол мектептерге өзі оқулық жазып, мұғалімдер даярлайтын училищелер ашқан. Қазақ жастарын білімге құштарлығын ояту мақсатында «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жазған. Кезінде Ыбырай ашқан мектепте небәрі 14 оқушы оқыса, қазір жыл сайын оның мектебіне мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттайды.

Қорыта айтқанда Ыбырай Алтынсарин – қазақ елінің , қазақ жерінің ұлы ұстазы, білімнің алғашқы қоңырауын соғып, алғашқы шамшырағын жаққан, сол щамшырақтың арқасында біздің білім деңгейіміз керемет жағдайға жетіп отыр. Қазіргі таңда Ыбырай Алтынсарин атында мектептер мен көше атаулары бар. Осының бәрі Ыбырай атамыздың Ұлы даланың ұлы есімі екенін дәлелдейді.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.02.2024
2262
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі