400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы даланың жаңару мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз туралы ақпарат айтылады.Сонымен қатар Қазақстанда Әз-Наурыз мерекесінің тойлану ерекшеліктері жайлы оқырманға толық мәлімет айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлы Даланың - жаңару мерекесі»

Жаңа өмірдің басталуымен сипатталатын барша түркі халықтарына ортақ мейрам бар. Санғасырлық өзіндік тарихымен ерекшеленетін бұл мейрам - Наурыз. Қазақ халқы үшін Наурыз тек ұлттық мереке ғана емес, күн мен түннің теңелетін сәті. Бұл аталмыш мерекенің тарихын білесіз бе?

Әз-Наурыздың шығу тарихы

Наурыз - ежелгі дәуірден бастау алған тарихы терең мейрам. Салт-дәстүріміз бен мәдениетіміздің қайнар көзіне айналған десем артық болмас. Сонымен қатар бұл мейрам осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған деседі. Яғни, әлемдегі ең көне һәм танымал мерекелердің бірі. Алғашында парсы жерінен басталып, кейіннен барлық түркі халықтарына тараған. Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мейрам көктемнің алғашқы айы наурыздың 22-ші жұлдызына тұспа-тұс келеді. Халық жылды 12 айға топтастырып бөліп , Наурызды - жаңа жылдың бастауы деп таныған. Орта ғасырларда қазақ халқына Кеңес одағының қысымымен бұл мерекені тойлауға тыйым салынған болатын. Бірақ ата-бабамыз ұлттық құндылығымызға тән бұл мерекені тойлауын тоқтатпады. Кейіннен қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов атамыздың бастамасымен 1988 жылы Коммунистік партияның бірінші хатшысына «Наурыз мейрамын жандандыру» туралы ұсыныс қозғап , хат жазады. Бұл хаттың арқасында қазақ халқы Наурызды қайта тойлауға мүмкіндік алады. Ұлылардың ұсынысымен қайта келген Наурыз бүгінгі таңда өзінің өзектілігін жоғалтқан емес.



Қазақ халқы үшін - Наурыздың маңызы

Халық арасында бұл тек табиғаттың жаңаруы емес , адамның ішкі жан дүниесінің рухани тұрғыдан жаңғыруы деген түсінік қалыптасқан. Яғни, адамдар өткен күннің қателігін ұмытып , бір-бірінің үйіне қонаққа баруды үрдіске айналдырған. Кейбір қазақ отбасылары кеңінен дастарқан жайып, Қыдыр атаны күтеді. Себебі жаңа жылдың бастауына айналған бұл күнде Қыдыр ата келеді деген наным-сенім бар. «Жаңбырменен - жер көгерер, батаменен - ел көгерер» деп бекер айтпаса керек. Халық аталмыш бұл мерекеде қазыналы қарт кісілерден бата алуды жөн көреді.

7 ингредиенттен құралған - ұлттық ас

Наурыз десе, баршамыздың ойымызға ең әуелі «наурыз көже» түсетіні анық. Бұл Наурыз мерекесінің сәнін келтіретін аc.Атаулы тағам Наурыз мерекесінің символы іспеттес. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде дайындалатын тағамның ерекше тұсы оның құрамына 7 түрлі дәмнің қосылуында. Халықтық дәстүр бойынша қосылатын ингредиенттерді атап өтсек: бидай, тары , сүрленген ет, сүт, су, бұршақ, тұз секілді қоректік заттар қосылады. Неге 7 түрлі дәм қосылады деген сауал санаңызға келуі әбден мүмкін. Өйткені 7 саны түркі халықтары арасында қасиетті сан ретінде саналады. Сондықтан да , Наурыз көжеге ата-бабамыз 7 түрлі ингредиентті қосуды жөн санаған деседі. Тағы айта кетерлік жағдай,Наурыз көжені барынша қарныңыз тойғанша тауысып ішу қажет. Себебі келер жыл бойы тоқшылық пен молшылықта өмір сүресіз деген түсінік бар. Атаулы асты ішіп болған соң , ақсақалдар «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» деп ас қайырып бата береді.



Қазақстандықтар бұл мейрамды қалай тойлайды?

Қазақстандықтардың Наурыз мерекесін тойлауда өзіндік ерекшелігі бар. Себебі 2021 жылдан бастап Наурыз мейрамын қатарынан 10 күн тойлап келе жатыр. Бұл Қазақстан Республикасының президентінің бастамасымен жүзеге асқан болатын. Яғни ,мемлекетімізде 14-24 наурыз аралығында атаулы мерекелерді тойлау жоспарланан. Бұл мейрамдардың тізімі келесідегідей: 14 наурыз – «Көрісу күні» , 15 наурыз – «Жайлау күні» ,16 наурыз – «Шежіре күні», 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» , 18 наурыз – «Игі істер күні» , 19 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні», 20 наурыз-«Зияткелік күні»,21 наурыз - «Ұлттық тағамдар күні», 22 наурыз - «Ұлыстың ұлы күні», 23 наурыз – «Жоралғы күні». Осылай 10 күн бойы қазақ жұрты Наурыз мерекесін атап өтуде. Сонымен қатар бұл мейрамда Республикамыздың әр қала,ауыл,аймақтарында киіз үйлерді тігеді. Ұлттық нақышымызға тән алтыбақанды құрады. Түрлі мерекелік іс-шаралар , елімізге әйгілі жұлдыздармен концерттік бағдарламалар қойылады. Тіпті наурыз көже,бауырсақ сынды тағамдар халыққа таратылып , балалар арасында ұлттық құндылығымызды дәріптейтін ойындардан бәйгелер өтеді. Қала орталықтарында көрмелерде болады. Ұлы даланың жаңару мерекесіне айналған Наурызды халқымыз әрдайым жоғары деңгейде атап өтеді.





Шымкент қаласы

№64 мектеп-гимназиясының

11 сынып оқушысы

Ғабиденқызы Балым



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
44
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі