400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ұлы даланың ұлтаралық тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың барлық оқушыларға, ұстаздарға, оқырмандарға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы даланың ұлтаралық тілі



Picture 2



2020 жылы 10 ақпанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Тараз қаласының Достық үйінде «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форум өткізілді. Аталған форум эстафета түрінде Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Алматы қаласы арқылы Жамбыл жеріне жолданған болатын.

Форумға облыстың түпкір-түпкірінен қазақ тіліне жетік этнос өкілдері келді. Олардан өзге облысымызға белгілі тіл жанашырлары, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктері, облыс ақындары, ЖОО оқытушылары, қоғам белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, «Мәміле» клубының өкілдері және мектеп оқушылары мен жергілікті БАҚ тілшілері қатысты.
Қазақ тілін қадірлеп, «мемлекеттік тіл - менің тілім» деп білетін этнос өкілдеріне арналған кездесудің басты мақсаты да қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырып, мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мен сапасын арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылау болатын.
Форум Елбасы Н.А.Назарбаев пен ҚР Президенті К.К.Тоқаевтың «Мемлекеттік тіл туралы» шағын бейне-ролик көрсетілімімен басталды. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, ұлтаралық қатынас құралына айналуы туралы «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Динара Нуралиева, Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Фатима Хусейноглы, Жамбыл ауданы «Барбанг» күрділер этномәдени бірлестігінің мүшесі Сабри Асанов, Облыстық «Арай» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология және журналистика кафедрасының доценті Темірбай Мұқашев, ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақов, Жамбыл облыстық ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер Үміт Битеновалар пікір білдірді.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ филология және журналистика кафедрасының доценті Темірбай Мұқашев: «Қазақ тілі- құнарлы тіл. Сөздік қорға бай тіл. Оны толық игеру, қамту ол өзге этнос өкілі үшін оңай жұмыс емес. Елді құрметтеу, сыйлау, оған деген сүйіспеншілік сол елдің тілін білуден басталады. Себебі тілін білмеген жағдайда, өзін нан жеп, суын ішіп, ауасымен тыныстап отырған елдің мәдениетін, әдебиетін, өркениетін қалай танисың? Бүгінгі форумда қазақша еркін сөйлеп отырған жастар мен түрлі этнос өкілдерін көріп разы болып отырмын. Менің ана тілімді меңгеріп, үйренгендеріңіз үшін, құрметтегендеріңіз үшін алғыс айтамын! »-деді өз сөзінде.
Іс-шара барысында біздің гимназиямыздың да оқушылары белсенділік танытты. 7-сынып оқушысы Корж Богдан мен 2-сынып оқушысы Гуляев Богдан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды.

Форум соңында «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының өкілі Айгүл Кабиева және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктері мен жастары Алматы қаласынан ұсынылған эстафетаны жамбылдықтардың қабыл алып, ары қарай Шымкент қаласының этномәдени бірлестіктері мен еліміздің барлық облысына жолдау туралы хабарлап, кездесу кешін этномәдени бірлестік мүшелерінің орындауындағы «Өз елім» әнімен аяқтады.



Ә.Бөкейханов атындағы №1гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мұсабекова Мәдина Даниярбекқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
1984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі