жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлы даланың ұлы перзенті. Шоқан Уәлиханов.
Ұлы даланың ұлы перзенті
Тукенова Дина Бектуровна
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
№ 101 мектеп-лицейі
Шоқан Уәлихановтың қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ыкпал етті.
Академик Николай Иванович Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Иә, санаулы ғұмырында ғылымның әр саласына қадам басып үлгерген ұлы ғалым, соңынан өшпес мұра қалдырды.
Шоқан-фольклорист, Шоқан-этнограф, Шоқан - тарихшы, Шоқан- географ, Шоқан- суретші, Шоқан-саяхатшы, Шоқан – демократ.
Қай жағынан алып қарасаңда, барлық салада да еңбегі зор болған. Сол салалардың біріне тоқталсақ, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры» Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған. Шоқанның зерттеушілік қабілетін байқаған ғалым оны өз тарапынан ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан.
1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. Манас дастаны - қырғыз халқының дәстүрлі эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Дастанның жазбаша үлгілерінің бірі жарты миллионға жуық жолдан тұрады да, көлемі жағынан Гомердің Одиссеясы мен Илиадасын қосқандағы көлемнен жиырма есе, ал Махабхарата көлемінен екі есе асып түседі.
17-18 ғасырлардың жазба деректерін сүзуге кіріскен Уәлиханов 1856 жылдың қысын Батыс Сібір облыстарының мұрағатын ақтарумен, Алтынхан, Жоңғар заманының құжаттарын іздеумен өткізген. Сөйтіп, Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды тұрғыны екенін тарихта тұңғыш рет анықтаған. Сол көне заманда қырғыздар Енисей алабымен тығыз байланысты болғанын, Енисей мен Алтай, Жоңғар даласы, Тянь-Шань - бәрі біртұтас географиялық аймақ болып тұрғанын дәлелдеген.
Шоқан Уәлиханов, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері дей келіп, ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет - ғұрпы, — деп жазып ол бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды.
Уәлихановқа дейін география тарихында ешбір географ болған емес. Сырттың өсімдік және жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін, табиғаты мен климатын әлемдік география ғылымында тұңғыш рет Уәлиханов сипаттап берген.
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. Одан 150-ге тарта сурет қалған. Көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы 19 ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді басылымдарда жарияланған. Өзінің күнделіктерін, жолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі материалмен толықтырып отырған. Тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасаған. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан "корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер" – деп атайды. Г.Н.Потанин: "Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін", – деп жазды. Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-жақты екенін, оған курстастарының қызығып, ерекше құрметпен қарағанын дәлелдей түседі.
Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызығушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны аралап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады.
Қашқарияда 1858 жылғы қазанның 1-нен 1859 жылғы наурыздың ортасына дейін болып, Қашқар қаласы мен Алтышаһар елін зерттеген. Бұл Атақты Қашғария сапарын, Шоқанға дейін бірде-бір зерттеушінің барып қайтуына сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Аз өмірінде Уәлиханов Орталық Азия халықтарының тарихына, географиясына, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында Балқаш пен Алакөлдің бұрын біртұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғаш келтірген.
Ғұлама ойшылдың мұқалмас рухы ғасырларға жалғасып, қалың елдiң санасын сәулелендiрiп, болашаққа сенiмiн арттырып келедi. Оның шығармалары дәуiр рухымен үндес, пiкiрлерi күнi кеше немесе дәл бүгiн айтылғандай тың, құнды. Атқарған қай ісі, соңында қалған қандай мұрасы болса да - зор қазына, ұрпаққа өнеге.
Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, жабық әскери оқу орны болғанмен, онда көптеген пәндерді оқуы, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдерінен сабақ алуы, Омбының көзі ашық оқыған адамдарымен араласып, көп оқып білімін тереңдете түсуі Шоқанның рухани өсуіне, келешек тағдырына едәуір ықпалы болғанын байқаймыз.
«Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды» — деп жазды онымен бірге оқыған досы Г. Н. Потанин. Сібір кадет корпусында оқыған соңғы жылдарында-ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет-мұқтаждарын пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін «Проф. Н. И. Березинге хат», "Профессор Н. И. Березиннің «Хан жарлықтары» кітабына рецензия», «Рашид-ед-дин» т. б. жұмыстарынан да байқалады. Жап-жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерде де айтылған.
Туған елінің мәртебесі мен бүгінгі болашағы үшін соңғы демі қалғанша тер төгіп еңбектенген ғалым рухын жаңғыртып, оның атқарған мәңгілік істеріне тағзым етеміз. «Ғалымның өзі өлсе де, хаты өлмейді» дегендей, Ұлы ғалымның өшпес еңбегін ұлтымыздың қозғаушы күшiне, намыс символына айналдыра отырып, өсіп келе жатқан әр жас жеткіншектің үлгі тұтар тұлғасы болсын деген ниетте баршамыздың борышымыз келешек ұрпақтың санасына ұялату.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген