Материалдар / Ұлы даланың Ұлы тұлғалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы даланың Ұлы тұлғалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрар Рысқұлов –зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесін көрсете білген ірі тұлға екенін басында айттық. Түркі ұлттарының түгел тағдырын тереңнен ойластыра алған, қазақ елінің маңдайына біткен азамат және оның есімі қазақ халқының жүрегінде мәңгілікке сақталатын болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2021
807
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы даланың Ұлы тұлғалары


«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз.» - деп Елбасы Н. Назарбаев айтқандай ұлы тұлғаларды білу бүгінгі Мәңгілік елдің жастарының міндеті. Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған қоғам қайраткері елдің рухани көзін ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз айтылса еске бірден ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады. Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор рөл атқарған саяси қайраткер. Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі еді. Тұрар зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесін көрсете білген зор тұлға.

Қазақ елінің кез келген жері тарихтан терең сыр шертеді. Алматы облысы Талғар ауданында Бесағаш деген елді мекен бар. Осы өлкенің қандай сыры бар, бұл жер қандай оқиғаларға куә болғанын біле бермейміз. Бұл жерде қазағым деп өз өмірін құрбан еткен Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген. Бала кезден әділетсіздікті көріп өскен Тұрардың қилы қиын тағдыры осы жерден бастау алған.

Тұрарды тарихи-деректілік тұрғыдан таныта білген, қазақтың қайраткер қаламгері, халқымыздың сүйікті жазушысы Шерхан Мұртаза. Жазушы Тұрар Рысқұловтың өміріне арнап атақты «Қызыл жебе» роман-эпопеясын жазды. Кейін оқырмандар бұл көркем шығарманы Шерхан Мұртазаның Тұрарға қойған ескерткіші деп баға берді. Қызыл жебе Тұрардың екінші аты. Бала күнінде арманы болған, қиналғанда жол бастайтын киесі болған бұл тұлпар, шығармада Тұрар екеуі бір бейнеге айналады. «Тұрардың өз деңгейінде зерттей алған жоқпын. Тұрар Рысқұлов әлемі – шексіз, шетсіз әлем. Оның мұхитына сүңгу енді сендердің еншілеріңде»,-деп жазушы Шерхан Мұртаза айтқан. Сондықтан қазақ елінің өткен тарихын қайта рухани жаңғыртуда жазушының әдебиетке қойған ескерткіші «Қызыл жебе» романы бойынша өзін Қызыл жебе деп атаған Тұрардың азаттық жолындағы күресі зерделеуді қажет етеді.

Ат- өжеттілік пен сенімділіктің, азаттықтың символы. Қазақ елінің Елтаңбасына атақты мүсінші Шот-Аман Уәлиханов қанатты пырақты бейнелеген. Қазақ елінің қасиетті деп таныған түлігі жылқының тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасына енуі өте орынды. Ал жазушы Шерхан Мұртаза өзінің Тұрар жайлы жазған шығармасын «Қызыл жебе» деп атауы тегін емес. Заманның қиындығын жастай көрген Тұрар ерте есейеді. Оның өмірі Ресейде бас көтерген 1905 жылғы қанды оқиға мен 1917 жылғы Қазан төңкерісіне сай келеді. Әкесі Рысқұл да, баласы Тұрар да өздерінің бас бостандығы азаттық үшін күресуге тура келеді. Қысым көрсеткен топтардан зәбір көрген Тұрар Қызыл жебені жанына медеу тұтып пір көрді. Өзін жастайынан Қызыл жебеге теңеді. Тұрар өмірінің бәрі кер замандағы қарсылықтармен күресумен өтті. Бірақ оған сол қиындықтарды жеңудің басында пірі, киесі болып Қызыл жебе тұрды. Жазушы шығармада адам мен жылқының арасындағы байланысты шындыққа ұластырып, оқиғаның арқауы етіп көрсетеді. Қызыл Жебені бейнесін желден жүйрік, тәккапар, сезімтал, кірпияз, кербез киелі жануар етіп береді. Қызыл жебе-Тұрар өмірінің символы. Ол шығарма басында адамдар арасындағы қақтығыста еркінділік пен азат болудың не екенін түсіне бастайды. Оның азаттыққа тырысуы, күресі балалық шақтан басталады. Осы күрес Тұрар өсе келе қазақ елінің бостандығына, тәуелсіздігіне әкеп соқтырады. Ал Тұрардың Қызыл жебе атануы, оны жаңа заманның адамы, саяси күрескер деген астарлы сөзді білдіреді. Тұрар өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсады, күресті, өзін сол жолда құрбандыққа шалды.

Тағы бір айта кететін жай, жазушы «Қызыл жебе» романындағы басты кейіпкерлері Рысқұл мен Тұрардың жүрген жері Талғар өңірінің әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.
Шығармада жазушы Талғар тауларын зерттеуге келген ғалым жайлы былай дейді. «1903 жылдың жазында Рысқұл Петербордан келген мырзаны алып жүрген. Атақты географ, үлкен ғалым Дмитриев арнайы ақ патша империясының астанасынан келіп, Іле Алатауының заңғар биігі Талғар шыңын зерттемек болғанда, оған жол көрсетуші көмекші керек еді. Сөйтсе бүкіл Алматы атырабынан Талғардың тасына ешкім көтеріліп көрмеген екен. «Ау, енді кім бар-ау?» – деп ұлық әкімдердің өзі сұрау салғанда Шығыс Талғар болысында тұратын Тау-ІІІілмембет Рысқұл бар деген хабар шығады. Ұлықтың тапсыруымен Саймасай болыс Петербордан келген ғалымға жолсерік ол жол сілтеуші етіп әйгілі аңшы Рысқұлды қосып берген.

...Жер түбінен жетіп, аспан-таудың Талғар атты шыңының қыры-сырын білмек үшін осынша азапты сапар шеккен Дмитриевтікі де ерлік. Ғылым жолында да тек ерлік керек. Оған жол басшы болып, табанын тасқа тілдіріп,тау асып жүрген Рысқұлдікі де ерлік. Мұны мойындаған ғалым кейін өзінің Ташкентте басылып шыққан «Талғар – Іле Алатауының ең биік шыңы» атты кітабында былай деп жазған:

«1923 жылы 28 шілдеде менің Талғар шыңына шығуыма тура жиырма жыл толды. 1903 жылы 28 шілдеде мен Талғардың күнгей жағында жатқан ең биік мұзартқа шықтым. Оны мен «Богатырь» деп атадым.

Менің маршрутым – Алматының шығысында қырық шақырым жердегі Есік өзенінің бойын қуалап отырды. Есік өзені Іле Алатауының терістігінен ағады.

Рысқұл мені бұрын ешбір картаға түсірілмеген қиямет қиын жолдармен алып жүріп, Талғардың ту сыртынан шығарып, Есік өзенінің басталатын кезінен әрі алып барды. Соның арқасында менің 1903 жылғы саяхатым елеулі ғылыми нәтижелерге ие болды. Бұл табыстарым үшін мен өзімнің жол бастаушым Рысқұлға қарыздармын. Оның мені небір қиын құздардан, жап-жалтыр мұздардан жол тауып, асқан жігер күшпен, айла-ептілікпен алып жүргенін көрсең.

Талғар шыңдарын бірінші зерттеуші ғалым ретінде мен Мұзарт етегіндегі Есік өзенінің сағасы басталатын алқапты Рысқұл алқабы деп атап, оның есімін мәңгі қалдыруға өзімнің хұқымды пайдалана отырып, шешім қабылдадым. Өйткені ғылым алдында оның еңбегі зор»,- дейді. Бұл жерде сол кезде Іле Алатауы туралы зерттеуге патша үкіметінің қызығушылық танытқанын көріп отырмыз. Сол кезде картаға түскен таулардың аты әлі сол қалпында тұр. Тұрардың әкесі Рысқұл тегін адам емес, оқымаған қыр қазағы болса да нағыз ұлтын сүйген, патриот адам. Әділетсіздікке қарсы тұрған өз заманының батыры. Тұрар батырлық пен ержүректілікті осы әкесінен бойына сіңіріп өсті. Бірақ кер заман әке мен баланы екіге айырды. Тұрар әкесінен айырылып қанша қиындық көрсе де мойымады, қайта жалындап жана түсті. Өзі пір тұтқан Қызыл жебесін серік етіп, бағдар тұтты. Аласапыран заманның озбыр адамдарынан оқ бойы тұрды. Ғұмыры аз болса да қазақ еліне көптеген нәрсенің басын ашып, жол көрсетіп кетті.

Тұрар Рысқұлов –зиялылық пен зияттылықтың үлгі-өнегесін көрсете білген ірі тұлға екенін басында айттық. Түркі ұлттарының түгел тағдырын тереңнен ойластыра алған, қазақ елінің маңдайына біткен азамат және оның есімі қазақ халқының жүрегінде мәңгілікке сақталатын болады.

Кезінде Т. Рысқұлов кеңестік Қазақстанның 15 жылдығы құрметіне бас қосқан қазақ жастарының жиынында "Сендер – болашақ экономистер, инженерлер, техниктер, агрономдар мен педагогтар – Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуына тиянақ болатын кадрларсыңдар” деген болатын. Бұл сөздер өзінің мәні мен маңызын әлі де жойған жоқ. Терең ойлы қайраткердің республика жұртшылығын халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету үшін өңдеуші салаларды дамытуға зор көңіл бөліп, ел экономикасын индустрияландырудың мәнін жоғары қойғаны да белгілі. Қайраткердің экономикалық мұрасын әлі де терең зерттей түсу қажеттігі жас ұрпаққа аманат. Қазір қазақ елі Тұрар армандаған аңсаған тәуелсіздікті өз қолына алғалы қашан. Тұрардың бала кезінде Талғар тауына қарап бостандықты аңсап түрлі қиялға берілетінін шығармада шынайы суреттеледі. Оның қиялы қазір шынға айналды. Сол Тұрардың қиялын тап басқандай Бесағаштан жоғары тау ішіндегі Бесқайнар ауылының кіреберісінде тау беткейінде есейіп қалған ұл балаларға арналған «Арыстан» мамандандырылған лицейі тұр. Бұл лицейге әскери мамандықты таңдаған ұл балалар келіп оқуға түседі. Сөйтіп, лицей еліміздің Қарулы күштерінің қатарын оқыған жастармен толықтыруға өз үлесін қосып жатыр. Сонымен азаттық жолында жалындап өткен талантты ердің көксеген арманы осындай бақытты тәуелсіз ел болу еді. Мінеки, өзін Қызыл жебе деп атаған біртуар азаматтың табаны тиген жер бекер емес. Бұл мекен де киелі жер. Қызыл жебедей алғыр жігіттер қызыл әшекейлі әскери киімін киіп, Тұрардай талантты ер болуға талпыну үстінде.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Елбасының халыққа жолдауынан. 18.01.2014 жыл.

  2. «Қызыл жебе» романы Ш. Мұртаза. Алматы «Жазушы» б.1994 ж

  3. Ғаламтор мәліметтері





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!