жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы даланың ұлы тұлғасы
ЕЛЕМЕС ДИАС 3
КУРС
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ
КММ «МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ»
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ
Қазақстан – Шығыс Еуропа мен Орта Азияның көпірі болған, сонау ғұн дауірінен бастап талай ғасырлық тарихы бар, өз алдына дербес зайырлы, тәуелсіз мемлекет. Осындай үлкен тарихы бар қазақ елі басынан көп қиындық өткерді. Ел үшін, жер үшін, ұлтты аман сақтап қалу үшін қан төгіс соғыстар да болды. Халықты жаппай қырған жұт пен ашаршылықта орын алды. Осындай қиын жағдай Ресейге тәуелді болуға алып келді. Алайда ешқашан да, ешкімге де берілмеген қазақ, намысты қолдан бермей, сонғы демі қалғанша күресіп, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақтың көгілдір туы көкке көтеріліп, ұлттық әңұраны шырқалды. «Орағың өткір болса қолың талмайды, Отаның берік болса жауың алмайды» деп бекер айтпаған. Отанына берік халық, елі мен жерін жау қолына ұстатпады. Қара бұлттың арасынан жарқырап күн сәулесі шықты. Қазіргі таңға дейін сол күніміз сәулесін өшірмей келеді. Араға 30 жыл салып, еліміздің осы уақытқа дейінгі жеткен жетістігі аз емес. Әрбір жетістік еліміздің дамуына үлес қосуда. Осы уақытқа дейін елімізде талай өзгерістер болды. Неше түрлі реформалар, бағдарламалар, стратегиялар қарастырылып, іске асырылып жатыр. Солардың бірі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Н.Ә.Назарбаев бұны «Ол – Мәңгілік Қазақстан жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің жаңа келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де, Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Бұл еліміздің өткені мен болашағы. Қазақстанды мәңгілік ел қылатын, халқы, еліне, жеріне деген петриоттық сезімі бар азаматтары. Ұлы даламыздын ұлы тұлғалары бар кезінде қазақ елі ешқашанда құламайды, ешкімге де берілмейді, шыға алмайтын белесі болмайды. Ал осы ұлы даланың ұлы тұлғасы болуға әрбіріміз лайықтымыз және осыған керекті қасиеттер барлығымыздын бойымызда болуы шарт.
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсыздік идеасының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде. Осыдан 13 ғасыр бұрын Түркі жұртының мұраты – мәңгілік ел деп Тоңыкөк абыз өсиет қалдырған. Одан бөлек Мәңгілік ел идеясын тасқа қашалған Орхан-Енисей, қайда барса да көрге кезіккен Қорқыт ата, жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабаларымыздан кездестіруге болады. Қазақ елін болашаққа жетелейтін жастар, бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Ұлы далының ұлы тұлғасы болу әрбіріміздің қолымыздан келеді. Себебі Қазақ елі көп деген ұлы тұлғалар, ғұлама, ақындарға толы жер. Оның үстіне барлығының сенімі болашақ ұрпағында еді. Ұлы даладан Қазақ елін қалаған Керей мен Жәнібек, елдің ауыз-біршілігін сақтап, қиындығын шешкен Төле, Әйтеке, Қазыбек билер, қазақ деп жырын төккен Ақтамберді, Шалкиіз, Доспамбет секілді жыраулар, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім, Ясауи сынды философтар, елі үшін жаның берген Бауыржан, Талғат, Мәншүк пен Әлия сынды батырлар, ел байлығын зерттеген Сатбаев, Уалиханов, Аманжолов, Марғұлан сияқты ғалымдар, елдегі болып жатқан оқиғаларды шетте қалдырмаған Оралхан Бөкей, Шерхан Мұртаза сынды журналисттер, жалпы айта берсек қазақтын ұлы тұлғалары бітпейді. Барлығы да Қазақ елінің болашағын ойлаған, елдегі қиындыққа жайбарақат қарамаған жандар. Ұрпағының бейбіт өмірің, ашық аспанын қалап, жанында берді, өмірін де арнады. Бұл жандардың барлығы ұлы тұлға деуге лайықты. Олар ел тізгінін болашақ ұрпағы, қазіргі елдің жастарына берді. Ендігі елдің ұлы тұлғасы болуға біздер лайықтымыз. Келесі жаңғыру бізге жетті. Дегенмен, қазіргі таңда елімізде ұлы тұлға болатын жандар аз емес. Ел болашағын ойлап, еліне үлкен үлес қосып жүрген адам саны көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Осындай жандарды елге көрсетіп, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өнеге, үлгі болатын, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Заманауи Қазақстан қоғамын қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалар саны сағат санап өсіп жатыр. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалардың саны өсіп, жобаға ұсынылуда. Біздің Қарағанды облысынан да «100 жаңа есім» жобасына кірген азаматтармыз өте көп. Солардың бірі Абылайхан Жүсіпов пен Иван Снегуроқа тоқталғым келеді.
Абылайхан Жүсіпов – бокстан 2013 жылғы жасөспірімдер арасында Азия және Әлем чемпионы. 2014 жыл жастар арасында Азия және Әлем чемпионы. 2014 жыл II-ші жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы. 2017 жылы Азия чемпионатының күміс, Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2019 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Иван Снегуров – 1998 жылы 24 қарашада Шахтинск қаласында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін « Дене шыңықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді. 2005 жылы спорт шебері дәрежесін алды. Облыстық және республикалық чемпионаттарың бірнеше мәрте жеңімпазы және жүлдегері. Жаттықтырушылық кызыметін 2009 жылы «Шахтер» стадионының ауыр атлетика залында бастады. Жұмыс барысында 5 – халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін, 10 – ҚР спорт шеберлерін, 14 – спорт шеберлігіне үміткерлерді дайындады. 2018 жылы «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алды. Бүгінде ол республикалық және халықаралық жарыстарда облыс пен елдің намысын қорғайтын ауыр атлетикадан аймақтың жетекші спортшыларының жаттықтырушысы.
Қорытындылай келе,айтарым, еліміздің ұлы тұлғалары қазақ елінің ел болып өркендеуіне мол үлес қосып қана қоймай,ата жолын жалғайтын болашақ иелерін тәрбиелеуде. Қазіргі таңда ұлы тұлға саны да өсуде және әрқайссымыз солардын қатарынан әбден болуымыз мүмкін.. Ең бастысы еліміз үшін жанымызды беріп, кішігірім болсын үлесімізді қосатын болсақ, еліміз одан да керемет болып,дамуын тоқтатпайды. Елімізді бізден басқа алдыға ешкім сүйремейді. Тек біздің еңбегіміз, бірлігіміз, намысымыз, ақыл-біліміміз дамыған 30 ел тұрмақ, әлемдегі бірінші қатарда болуға мүмкіндік береді. «Бақыр қазан қайнаса, бәріміздің бағымыз, Туған жердің әр тасы, біздің алтын тағымыз» демекші, алтыннан да қымбет мекенімізді қадірлейік. Біз бағындыратын белес әлі алдыда!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген