Ұлы даланың ұлы тұлғасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы даланың ұлы тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол бұғанасы қатпаған бала кезінен басын қара бұлт басып, айналасы күңгірт тартып, жетімдіктің тауқыметін тартып өсті. Ата-анадан бірдей айырылып, есеңгіреген жасқа ағасы Қасымның майданда із-түссіз жоғалуы соққы үстіне соққы болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әке туралы толғаныс» кітабында: «Әкей өмір бойы ағасын сағынып, іздеумен өтті, оның қайтып оралатынына шексіз үміттенді, бірақ оның орындалмайтын арман екенін білді» деп әке жүрегіндегі жылт-жылт еткен сәуле үміті тек Кемел Тоқаевпен бірге үзілгенін тебірене жазды. Осы сұрапыл соғыс жылдарын шағрамаларына арқау еткен, қазақ прозасында детектив жанрының негізін қалаған жазушы Кемел Тоқаев өз естеліктерінде: «Өзіме қамқор болған ағамның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін» деп еске алады. Ал нақ сол кезде оған өмірдің өзі қатал әрі суық көрінгені даусыз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы даланың ұлы тұлғасы


Басқа жазушылар сиямен жазса,

Біз қанымызбен жазамыз

Б.Момышұлы


Қатпар-қатпар, астар-астар болып томданған тарих көшіне көз жібере отырып, қазақ халқы қандай қайратты болған деп ойлаймын. Себебі аштық, одан кейін Ұлы Отан соғыс бұғанасы қатпаған балалардың балғын балалығын, біреудің асыл жарын, ал енді береудің тірегін жалмады. Сайын қазақ даласында осы бір тарихи оқиғалар оты шарпымаған отбасы кемде-кем еді, олардың әрқайсысының өз трагедиясы бар. Аштық пен соғыс қасіреті қазақ халқының қабырғасын қайыстырса да, сағын сындыра алмады. Бұған осы шығармаға өнегелі өмірімен, өр мінезімен танылған тұлға Кемел Тоқаевтің өмірі дәлел бола алады.

Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол бұғанасы қатпаған бала кезінен басын қара бұлт басып, айналасы күңгірт тартып, жетімдіктің тауқыметін тартып өсті. Ата-анадан бірдей айырылып, есеңгіреген жасқа ағасы Қасымның майданда із-түссіз жоғалуы соққы үстіне соққы болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әке туралы толғаныс» кітабында: «Әкей өмір бойы ағасын сағынып, іздеумен өтті, оның қайтып оралатынына шексіз үміттенді, бірақ оның орындалмайтын арман екенін білді» деп әке жүрегіндегі жылт-жылт еткен сәуле үміті тек Кемел Тоқаевпен бірге үзілгенін тебірене жазды. Осы сұрапыл соғыс жылдарын шағрамаларына арқау еткен, қазақ прозасында детектив жанрының негізін қалаған жазушы Кемел Тоқаев өз естеліктерінде: «Өзіме қамқор болған ағамның майданда қаза болуы мені шын жетім етті. Оны ұмыта алатын емеспін. Жаңа туған тұңғыш ұлымның Жомарт атына Қасым ағамның атын қосып атап жүрмін» деп еске алады. Ал нақ сол кезде оған өмірдің өзі қатал әрі суық көрінгені даусыз. Бір кездері «Жер таппан жерге жетер Жетісуым, Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым» деп Ілияс жырлаған Жетісу өңірі жүдеу тартып, жұмырланған боз төбелер қайғылы сырымен, дүние шерімен сазарғандай еді. Өмірдің қарауытқан көлеңкелі белдері қараңғы сырын бауырына жинап, бозбала Кемелдің өзін түнекке сүйреп бара жатқандай болды. Белгісіз тұңғиық жүрегін жаныштап, әрі парыз, әрі қорқыныш сезімін ұялата Отан алдындағы борышын атқаруға майдан шебіне жетеледі. Бұғанасы қатпаған бозбаланы майданның алғы шебіне не бастап әкелді? Жасы толмасада осы қан майданға айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол бозбала Кемел Тоқаевтің тағдыры, Отан алдындағы жауапкершілікті кішкетай жүрегіне сыйғызып, Отан үшін күресу әркімнің міндеті екенін сезіне білуінде еді.

«Стилі жоқтың жазғанын оқу – арпа талқанды құрғақ асағандай. Стильсіз жазушы, стилін таба алмаған жазушы – іріге еліктеп көлеңке калькаға барады да, сорпаның сорпасының сорпасы болады» деп Асқар Сүлейменов айтқандай өмірдің терең иірімдері жаңа ой, жаңа серпін, тың идея бере отырып, Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетінде жаңа жаңа жанр – детектив жанрының негізін қалауына арқау болды деп айтуға болады. «Соғыста олжасына төнген аш қырандай ұрысқа атылыңдар» деген Шыңғыс ханның сөздерін өміріне ту еткен Кемел Тоқаев ауыр жарақатына қарамай жеңісті бір табан жақындата түсті. Өзінің өнегелі өмірімен соғыс заңы ең қатал заң екенін дәлелдеді. Себебі шығармаларында өмір шындығын шынайы сипаттай білді. Осы ретте, Қазақстан Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов бір сұхбатында «Маған үйір болып, табандылық танытып, мен туралы қазақша, орысша кітап жазған Кемелдің еңбегін жоғары бағалаймын»-деген екен. «Соңғы соққы», «Солдат күнделігі» шығармасын парақтаған сайын замана шындығын сипаттайтын жаңа қырларын аша түсемін және сол майдан шебінде жүргендей күй кешемін. Бұл шығарма маған Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуіме түрткі болды десем болады. Әр саналы ер азаматқа терең ой салады. Сондықтан құрбы-құрдастарыммен, қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміммен бірлесе оқып, талқылап, негізгі тұстарын өзіме түртіп алдым. Ғибатты ғұмырымен, еңбекқорлығымен, адами қасиеттері мен сияқты жас жеткіншек үшін Кемел Тоқаев – нағыз ұлтжанды патриот, қаламы ұшқыр жазушы. Алайда, осы тұлғалардың ерен еңбегінің парқына бара бермейміз-ау!

Сонымен қатар жазушының детектив жанрында «Тасқын», «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Таңбалы алтын», «Ұясынан безген құс» т.б оқырман жүрегіне жол тапқан шығармалары бар. Қорыта айтқанда, Кемел Тоқаев айтқысы келген ойын жазуға айналдырған тұлға ретінде келешекке деген зор сеніммен жазушының шынайы қабілеті өмірдегі шындықты көзімен көріп, оны нағыз шебердей суреттей білу екенін дәлелдеп кетті. Ал мен болсам, әке өнегесінен нәр алған, еңселі азаматтарын үлгі тұтқан ұлы, халқымның болашақ өркені ретінде тұңғиық көк аспанға ұзақ қарап, терең ойға баттым.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі