Ұлы даланың ұлы тұлғасы: Әбу Насыр Әл-Фараби!
Оқытушы: Алимова Светлана Асантаевна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК, Қазақстан Республикасы
Әл-Фараби – ғылымның дамуына зор үлесін қосқан, өз заманының дарынды ойшылы және ағартушысы. Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан Әл-Фараби бабамыз 870 жылы қазіргі «Отырар»- деп аталатын Фараб қаласында дүниеге келді. Бұл қала кейіннен арабтардың ықпалымен "Барба-Фараб" деп аталып кеткен. Сол себепті «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшылды Фарабтан шыққан Әбу Насыр атаған.
Қазақ топырағынан шыққан ұлы данышпан деп атауымыздың себебі, тарихи деректерде Отырар қаласы - Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала. Әл-Фарабидей дананың кіндік қаны тамған, ізі қалған жер.
Көрнекті Шығыс зерттеушісі, академик Б.Ғ.Ғафуров «Бұл кісі өмір сүрген уақытта қазақ, өзбек деген болған жоқ. Бірақ Әл-Фараби қазақ жерін мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ халқының құрамына еніп, біздің халқымыз жеке ұлт ретінде тарих сахнасына көтерілді. Сондықтан қазақ халқының перзенті деуге негіз бар»- деп жазды.
Бұл Отырар – өзінің көне тарихи құндылықтары мен бүкіл әлем ғалымдарының, ЮНЕСКО-ның назарын өзіне аударған ұлттың рухани қазығы.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Отырар тарихта “Отырар өркениеті” деген атпен қалатын, қазақ өркениетінің алтын діңгегі. Біріншіден, бұл қала – адамзаттың екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің Отаны. Екіншіден, Отырар өз заманының руханият астанасы болды. Өйткені, Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхананың осы қалада орналасты. Үшіншіден, Отырар өзінің қаһарман қорғаушыларымен өшпес даңққа бөленген, батырлықтың, отансүйгіштіктің теңдесі жоқ үлгісіне айналған қала. Сондай-ақ бұл жерде Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы, бабтардың бабы Арыстанбаб жерленген жер»- деп, баға береді. Ұлы дана бабаларымыз «Ұлы ел атану – халық санының көптігімен есептелмейді. Ұлылық – ол өмірге ұлы ұрпақтарын дүниеге келтірген халыққа тән. Сондықтан да Отырар өзінің даңқты перзенттерімен, шежірелі тарихымен бағаланады» -деп айтып өткен бұл қала IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әл-Фараби дәулетті отбасынан шыққан. Әкесі әскербасы болды. Ештеңеден кемдік көрмей өскен айрықша дарын иесі Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті. Алғашында Бұхара, Самарқанда білім алады, одан кейін Хамадан, Бағдат, Шам, Каир, Дамаск, Александрия, Мәдина, Мекке қалаларында зерттеумен айналысқан. Соңында Бағдад қаласында тұрақтап қалады. Бұл жерде 20 жылдай тұрып, антикалық философиямен әлемдік мәдениетпен танысты. Содан кейін Шам жеріне (Бағдад) қоныс аударып, 950 жылы өмірден өткенше сол өлкеде қалады.
Жалпы Әл-Фараби бір жерде тұрақтамаған. Ол үнемі бір қаладан екінші қалаға саяхат жасап, білімін шыңдаған. Ғұлама ойшыл бар өмірін ғылым мен білімге арнады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, ол 70-ке жуық тілді меңгерген", - дейді профессор Жақыпбек Алтайұлы. Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанды. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген: Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген. Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі – "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" ("Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы"). Сонымен қатар Әл-Фарабидің "Музыка туралы үлкен трактат" деген шығармасы әлемнің көптеген тіліне аударылған. Оның философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және тағы басқа да еңбектерін түсіндірген. Мысалы, Әл-Фараби "Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді" деп ескертеді. Еуропада, XII-XIII ғасырларда Әл-Фараби шығармалары 1930-1932 жылдары латын және еврей тілдеріне аударыла бастады.
Қазақстанда әл-Фараби мұрасын зерттеу мәселесі ХХ ғасырдың екінші жартысында талқыланды. Осылайша, 1960 жылы, 15 қазанда академик Ақжан Машанов (Машани) Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті академик К.И. Сәтпаев әл-Фараби мұрасын ғалымдардың зерттеулері мен оның туындыларын аудару идеясын қолдауға шақырды: «Ұлы әл-Фараби - біздің жерлестеріміз, біз ол туралы аз білеміз ...». Осы кезден бастап ғалымдар әл-Фарабидің өмірі мен шығармаларын зерттеумен айналыса бастады. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән- маңызын жойған жоқ. Қорқыт өмір бойы ажалды жеңетін күш іздесе, әл-Фараби бақыттың кілтін іздеді. Бақытты қалада тұруды армандады. Ол ең соңында: «Бақытқа қолы жеткен адам үшін ең жарастысы – қанағатшылдық жасау»,- деп бақытты қанағатпен ғана ұстап тұру мүмкін екенін айтылды.
Бүкіл әлемге әйгілі ұлы ойшылдың 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде кең ауқымда атап өтілуі тиіс болатын. Алайда жер-жаһанды жаулаған қауіпті вирусқа байланысты түркі тілдес елдерде аталып өтті. Атап айтар болсақ: Әл-Фараби этнографиялық үй мұражайы, Стамбул (Түркия). Әл-Фарабидің этнографиялық мұражай-үйінің ашылуы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналып отыр. Әл-Фараби музей-үйі – әлемнің туристік орталықтарының бірі – Ыстамбұл шаһарының дәл ортасындағы Түркі Әлемі этнографиялық мұражай-кешенінде орналасқан. Мұнда мүсіндік композициялар, тарихи жәдігерлер, ғалымның еңбектері және адамзат ілімінің бірнеше саласына орасан зор үлес қосқан ойшыл туралы материалдар көрініс тапты.
Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығы, Дамаск (Сирия). Әбу Насыр Әл-Фараби - 950 жылы сексен жасында Дамаск қаласында (Сирия) қайтыс болды, ол «патшалардың зиратында» Баб-ас-Сагирде жерленді. 2007 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Сирияға сапары барысында Дамаскіде Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығын салу туралы келісімшартқа қол қойды. «Тәуелсіздік алған кезде ғана біз бүкіл әлемдегі тарихи деректерді жинап зерттей бастадық. Міне, бүгін де біз Сирия жерінде Қазақстан аумағында дүниеге келген, ұлы ғалым, философ және ақын болған ұлы бабамыз туралы естелікті жаңғыртамыз», – деді. 2011 жылы 6 мың шаршы метр алаңда орналасқан алты қабатты Әл-Фараби орталығының құрылысы аяқталды. Кешен дизайны заманауи стильде жасалған, ескерткіштің бай безендірілуі мен ойластырылған инфрақұрылым қызықтырады. Әл-Фарабидің зираты кешеннің ішінде орналасқан.
«Әл-Фараби үйі» Қазақ-Үнді ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, Дели (Үндістан). “Әл-Фараби үйі” орталығы 2020 жылы әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Ол Дели қаласының дипломатиялық орталығында орналасқан. Бұл орталыққа келушілер ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және шығармашылығы жайлы шынайы ақпарат алады. Сонымен қатар, мұнда қазақтың мәдениеті, салт-дәстүрі және қазіргі Қазақстанның жетістіктерімен танысуға болады.
Сонымен бірге, Әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеу орталығы, Стамбул (Түркия), Росток университеті (Германия), Ca’ Foscari университеті (Италия), Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, София (Болгария), Әл-Фараби атындағы ғылыми-білім беру орталығы, Каир (Египет), «Әл-Фараби үйі» ғылыми-білім беру және мәдени орталығы, Амман (Иордания) сияқты мемлекеттерде де ашылды.
Ал Қазақстанда ғұлама ғалымның еңбектерін халыққа кеңінен насихаттау мақсатында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде әртүрлі форматтағы онлайн іс-шаралар өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз үшін бұл іс-шаралардың маңызы ерекше. Негізгі мақсат – ұлы тұлғалардың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу»-дей отырып, Үкіметке қажетті іс-шаралар әзірлеуді тапсырды. Осыған орай, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ғұламаның туған жерінде аталып өтіп, оның еңбектері кеңінен насихатталды. Атап айтар болсақ, киелі Отырар ауданының орталығында “Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайы” бой көтерді. Осы Отырар мұражайының негізін «Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері - Асантай Әлімов» қалаған болатын. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір станциясында ашылды. Алғашқыда мектеп мұражайы, 1973 жылдан бастап аудандық мұражай қызметін атқарса, 1979 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы болып құрылды. Мұражайдың негізгі мақсаты - Отырар өңіріндегі археологиялық және архитектуралық ескерткіштерді қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық жұмыстармен айналысу. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайдың құрамына Отырар қаласы, Арыстан баб кесенесі және осы өңірдегі барлық ежелгі қала орындары, қорғандар енеді.
1980 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен ұйымдастырылған бұл музей үш қабатты кешеннен тұрады. Бірінші қабатқа экспонаттар сақтайтын қоймалар мен әкімшілік жайлар орналасқан. Екінші қабаттан бастап мұражайдың экспозициялық залдары басталады. Екінші және үшінші қабаттағы залдарды аралап, адамзат тарихынан көптеген мағлұматтар алуға болады. Мұнда қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына және көне Отырар қаласының терең тарихына байланысты мол мәліметтер, экспонаттар жинақталған. Мұражайда 12 мыңнан астам экспонат бар. Бұдан басқа 1991 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Отырар руханияты – Отырар-Арыстанбаб мұражай кітапханасы ашылды. Қазіргі таңда Отырар қорық-мұражайынан 202 тарихи-мәдени ескерткіш тізімге алынған. Осы мұражай кітапханасының қорында ұлы ғұлама Әл-Фарабидің мұралары, қолжазбалары, кітаптары, өмірдеректері, үнтаспалары, шығармалары, мерзімді басылымдар сақталды. Сонымен бірге, ашық аспан астындағы мұражай іспетті “Отырар даңқы” тарихи танымдық кешені ашылды. Оның құрамында “Даңқты бабалар саяжолы”, Әбу Насыр Әл-Фараби ескерткіші, Әл-Фараби алаңы, “Отырар қорғанысы” панносы, “Ел тарихын ер азаматтар жасайды” бильборды бар. Сонымен бірге, зәулім Мәдениет сарайы, “Отырар руханияты”, “Отырар-Арыстанбаб” мұражай кітапханасы жұмыс істейді. Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ, жалғасын тауып келеді. Оның тағы бір айғағы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «Әл-Фараби» мұражайы. 2013 жылдың 13 сәуірінде әл-Фараби кітапханасының жаңа ғимаратында өз есігін айқара ашты. Мұражай экспозициясына «Ежелгі Отырар – Тарих қазынасы. Әл-Фарабидің жастық шағы», «Ұлы Жібек жолында. Даналықты, әлемді танып білу жылдары. Таяу Шығыс елдерінде оқуы», «Әл-Фараби. Шығыс пен Батыс сұхбаты», «Әл-Фарабидің еңбектері-адамзаттың алтын мұрасы. Әл-Фараби мен түркі әлемінің ойшылдары», «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі Қазақстан» енгізілген. Мұражай тұжырымдамасы бүкіл өмірін әлем үйлесімділігі мен адам бақытын іздеуге арнаған ғалым және философ әл-Фарабидің құндылық жүйесіне негізделген. Олай болса, Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ: ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ!

шағым қалдыра аласыз