Материалдар / Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу. Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,елжандылыққа,отансүйгіштікке,ізгілікке баули отырып тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2024
63
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің аты-жөні:

Жумалова

Күні:

12.02.2024

Сыныбы: 5а

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

Сабақтың мақсаты:

Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.
Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,елжандылыққа,отансүйгіштікке,ізгілікке баули отырып тәрбие беру.


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. сәлемдесу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.




Жаңа сабаққа кіріспе




Алдыңғы біліммен байланыстыру:

«АКРОНОМ» әдісі арқылы байланыстырылады

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру

.

Сабақтың ортасы


35 мин.











Соғыс - жан алып , жан беру.

Соғыс - халықтың басына келген қасірет, жұт.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына байланысты

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастайық.




Ауғанстан ... Біз ол туралы біз не білеміз? Ауғанстан бұл - ертеден қалыптасқан мұсылман мемлекеті.Бірақ бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз. Біреудің жүрек жарар ұлын, біреудің арқа сүйер бауырын жұлып әкетерін кім білген?!








Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.


1979 жылы Ауғанстан жерінде болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті.

Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан астам қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден - медальдармен марапатталды

1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.

Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті.

1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың келісімімен Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды.Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер ауғандағы майдан даласынан бір-ақ шықты. Қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншама жас мүгедек болып оралды.

Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге, оны жауларынан жан аямай қорғау – әр перзенттің парызы, міндеті де. Отан –ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.

Отан үшін жанын берген қаһармандардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен атаулы қабірлер тақталарында мәңгі өшпейтін алтын әріптермен жазылған.Олардың ерен ерліктері еш уақытта ұмытылмайды

1-оқушы

Не болды екен, көңілім тыншымайды,

Кім болды екен басатын гүл шырайды.

Енді ғана нұрланған бұл өмірдің

Ақ жолынан алыста жүрші, қайғы.?!

Үзілді гүл бүршік атқан жаңадан,

Қиылды өмір, енді ғана жаңарған.

Наз көңілдер су сепкендей басылды,

Төгілді жас жабырқаулы жанардан.

Соғып өтті тіршіліктің ызғары

Болғаны ғой ... осы өмірді бұзғаны.

Суық лебі жүрекке кеп орнады,

Бірақ бұл сәт уақытынан озбады.

Әлемге ортақ аспан да, жұлдыз, Ай да, Күн...

Қуаныш та көп, қайғымыз да көп айтатын.

Бәрі де ортақ, тек шекаралар арада

Әттең, тек содан көңілім менің қайтатын.

Талассын таңы, күнменен бірге шағылсын,

Бейбітшіліктің жұлдызы көктен жағылсын.

Жұдырықтай боп жұмылған жұмыр жерімнің

Басынан тайсын бар жамандығы арылсын.

Әлемнің жаны, бір болса екен, тілегі,

Тек бейбітшілік деп соқса екен жүрегі.

Қиыншылықта біріне-бірі сүйеніш,

Болса екен деймін қолдаушы әрі тірегі.

Қазақстаным, көгерсін, гүл боп жайнасын,

Ел-жұртың күнін бейбітшіліктің тойласын.

2030, одан да әрі мәңгілік

Басыңнан бағың, қасыңнан құтың таймасын

Ұмытпайды артта қалған ұрпағың

Еске алады жыл сайын

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгінде мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Тыныштық боп мәңгі осылай тұрса күн,

Жас бүлдіршін жаға берер жыр шамын.

Сүйем сені, қасиетті мекенім,

Мәңгі сені әнмен желпіп өтемін.

Сенде ғана көтерілем биікке,

Сенде ғана арманыма жетемін..







Сабақтың соңы

5мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.








Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!