Материалдар / "Ұлы мұғалімнің туғанына 180 жыл" тақырыбындағы мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлы мұғалімнің туғанына 180 жыл" тақырыбындағы мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы педагог, ағартушы, білім берудің реформаторы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай жазылған мақала, оның жеткен жетістіктері мен халық игілігі үшін жасаған еңбегі, ашқан мектептері жайлы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2021
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы мұғалімнің туғанына 180 жыл


«Бір аллаға сиынып, кел, балалр, оқылық...!» - деп, қазақтың көрнекті ағартушысы, ақыны, жазушысы, этнографы, фольклоршысы, қоғам қайраткері, педагогі, қазақ жеріндегі алғашқы мектептердің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсарин жастарды білімге шақырған. Ол 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келген, шын есімі Ибраһим. Бала кезінен атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болған. Атасынан алғашқы білімін алды, 1850 жылы атасы оны Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепке берді. Оқу мен жазуды үйренген соң, Ыбырайдың алдында дүниенің барлық туындыларына қолжеткізер жол ашылды, Байреннің, Шекспирдің, орыс ағартушыларының шығармаларымен танысты. Ауылмен хат алмасу арқылы байланысып отырды. 7 жыл оқуда болып, оны 1857 жылы Орынбор мектебін үздік тәмамдап өз елінде іс-қағаз жүргізу, тілмаштық қызмет атқарды, кейін Орынборға аудармашы ретінде жұмыс жасауға шақырту алды. Ол тек қана тілмаш болуды емес, туған халқына одан бетер пайдалырақ қызмет етуді армандаған. Орынборда көптеген кітаптар мен басылымдарды оқып, өз бетімен көп ізденген. Дәл сол арада патша үкіметі қазақ жерінде өздеріне жақын төменгі сатыдағы қазақ мамандарын даярлау саясатын жүргізді, мектептер ашты. Сол кезде Ыбарайдың тапқырлығы үлкен рөл атқарды. Ол қазақ балаларын тек қана орысша сөйлеу мен жазуды білуге ғана емес, олардан сауатты, жан-жақты ғылымдарды меңгерген интеллигенцияның ұшқындарын отырғызу қалады.

Осылайша 20 жастан енді асқан Ибраһим 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасынан қазақ балалыр үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алады. 1861 жылы Торғай мектебіне мұғалім қызметіне тағайындалған тұңғыш қазақ еді. Осы қуанышымен ел-жұртты аралап, зайырлы білімнің маңызы жайлы түсіндіреді. Мектеп құрылысына дайындықты жүргізді, халықтан қаражат жинады, өзі құрылысшы, сәулетші, жабдықтаушы рөлдерін мойнына алды. Аманқарағайдан Торғайға құрылыс материалдарын тасу үшін керуендер жасақтады, мектеп құрылысы басталды. Сол арада ауылдардан балдырғандарды жинап, өз үйінде оқыта бастады. Ал 1864 жылдың 8 қаңтарында мектептің салтанатты ашылуы болды. Бұл қуанышты хабарды өзінің досы Н.И. Ильминскийге жазған хатынан байқауға болады: «Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен арманым іске асып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуда қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім» - деп жазған. Осы сөздерінен ақ Ы.Алтынсариннің өз жұмысын, өмірдегі қойған мақсатына шын пейілімен, асқан жасампаздығымен берілген тұлға екенін байқауға болады. 1866-1868 жылдары Торғай уезінде уақытша судья қызметін атқарды. 1868 жылы Ырғызда екі сыныптық орыс-қазақ училищесі ашылды. 1869 жылы уезд бастығының қарамағында аға жәрдемші, 1871 жылы Торғай уезінің судьясы, 1874 жылы орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланды. Қазақ жұрты арасында білім мен сауатты насихаттау барысында, бай-шонжарлар арасынан көптеген қарсылықтарға тап болды, тіпті қасақана мектепті өртеуге дейін жеткен. Алайда, білім беруді алға қойған ұстаз барлық кедергілерден өтіп, мектептер санын одан бетер арттырды. Айтарлық 1879 жылы Торғай облысы бойынша орыс-қазақ училищелерінің инспекторы болып тағайындалғанда: Торғай, Жітіқара, Обаған, Қарабалық, Әулиекөл, Ақтөбе, Троицк болыстарында және Қостанай, Орск қалаларында тағы он бес мектеп салынды. Сол жылы ақынның қазақ мектептеріне арналған тұңғыш қазақ оқулығы «Қазақ хрестоматиясын» жарыққа шығарды. 1882 жылы барлық мектептерде ән-күй сабақтарын енгізді. Кітапхана ашты. 1883 жылдың 15 қарашасында Торғай қолөнер мектебін ашты. 1887 жылы 25 қарашада Ырғыз қыздар училищесінің қалады. 1888 жылы қыздарға арналған 12 орындық мектеп интернат ашады. Қазақ балаларына бастауыш білім беру нұсқамаларын, білім беру методикаларын, пособияларын, көптеген өлеңдер, ертегілер, аудармалар мен әңгімелер жинақтарын жазды.

Ыбырай Алтынсарин 1864 жылы Айғаныс есімді Жаппас руының қызына үйлеген, олардың бауырына алған Хамитбек есімді және ортақ балалыры Абдолла, Әбдірахман есімді ұлдары, Шарипа есімді қызы болған, алайда олар кішкентай кезінде ауырып Хамитбек, Әбдірахман мен Шарипа қайтыс болады. Қазіргі таңда Абдолланың ұрпақтары Қазақстанда тұрып жатыр.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылдың 17 шілдесінде Қостанай қаласынан 3 шақырым жерде орналасқан ағаштан тұрғызылған үйінде ауырып өмірден өтті, сол үйін орналасқан Тобыл өзенінің оң жағалауында оның кесенесі тұрғызылып, сол жерде тыныштығын тапқан.

Ұлы ұстаз, реформатор, қазақ оқуының, педагогикасының негізін қалаушы бар ғұмырын ағарту ісіне арнаған, және де оның болашақ қазақ интеллигенциясын құру мақсаты да орындалды. Ұлы мұғалім тұрғызған мектептерде: Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин, Міржақып Дулатов, Сералы Қожамқұлов, Ілияс Омаров, Елубай Өмірзақов, Бекет Өтетілеуов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Спандияр Көбеев, Темірбай Дарқамбаев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбековтер оқып, өздерін Ыбырайдың шәкірттері деп есептеген.


Мақала авторы Казиханова Галиябану Ауезхановна


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!