Материалдар / "Ұлылар мекеніне саяхат"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлылар мекеніне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми-танымдық экспедициясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлылар мекеніне саяхат

Кемеңгер Абай ақынның:

-Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын бәйшешек.

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда...-деп басталатын өлең жолдарын көз алдыңа елестетіп, сүйсіне оқу бір бөлек те, ақын жырлаған жусан иісі аңқыған, көк майса шалғынды табиғатты көзбен көру тым ерек екен.

Жаздыгүн шілде туа салысымен алыптарды дүниеге әкелген Семей өңіріне «Ұлылар мекеніне саяхат» атты ғылыми-танымдық экспедицияға бару бақыты бұйырды. Көптен көңілге арман ұялатқан тарихи мекенге ат басын бұру жүрек толқытып, қуанышқа бөледі. Әулие–хакім Абай басқан киелі топырақты басып, ауасын жұтып, қарт Шыңғыстың баурайында көз тоймас рухани–тарихи табиғатпен шөлімізді бастық. Шыңғыстау–қазақтың төл тарихы.

Қаймағы бұзылмаған қазақылық қалпын сақтаған өңір азаматтары қызылордалық саяхатшыларды құшақ жая қарсы алды. Біз жеткен күн - жексенбі. Бүгін жексенбі тынығып алыңыздар дейтін адам жоқ, саяхат жоспарымен таныстырды да, Шыңғыстау атырабын аралауға бір ай да аздық етеді, бұл күндері де бос кетпесін деп жексенбіде барлық мұражайларды жұмыс жасауға тапсырыпты. Ел азаматтары алыс жол жүріп келген саяхатшыларға қала мұражайларынан бастап аралатуды ұйғарған екен.

Мұражайларды аралауды бастап та кеттік. Әр басқан қадамың тарих пен шежіре дегенің осы екен. Қаншама мұражай араладық, әр қайсысының өзіндік құндылығы мен сыры көп. Солардың ішінде «Алаш арыстары» мұражайы көзімізге жас ұялатты. Алаш азаматтарының жұмыс жасаған жері, олардың өмірін көз алдыңа әкеледі. Ел үшін қандай қиын - қыспақ күндерді осында өткізді десеңші. Көңіліміз босап, көзімізден аққан жас толастар емес. Қайран арыстарым–ай, сіздер қорғаған тілді тұнық қалпында ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп жеткізе алсақ екен...

Келесі күні таң атысымен Шыңғыстау баурайына тарттық. Арнайы Абайдың «Жидебай-Бөрілі » мемлекеттік тарихи–мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражай қызметкерлері көлікпен қамтамасыз етіп, әрі тарихи мекеннің сай-саласын толық білсін деп абайтанушы, филология ғылымдарының докторы Асан Қайырбекұлы Омаров мырзаны жолсерік етті. Жолдың екі жағы да жазушылар шығармасында суреттелетін ши, көк майса, жусан иісі мұрынды жарады. Асан ағамыздың бізбен бірге болғаны қандай жақсы. Жол бойы «Абай жолы» дәуірнамасының әр беті парақталып ашылып жатты.

Бағыт саяхатшылардың қалауымен өзгеріп отырды. Семейден шыққан бетте Уақ батыры Күшікбай асуына жетіп, сарқырап аққан киелі бұлақ суынан қанып іштік. Таудың етегінде Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» шығармасындағы қорғансыз Ғазизаның бейіті бар екен, тағдырдың қаталдығы–ай, аят оқып, дұға еттік. Көк тасқа сынған гүлдің суретін қашап салған мүсіншінің шеберлігі еріксіз көз жасыңды төктіреді. Көлік зырғып «Еңлік – Кебек » ескерткішіне алып келді. Қос ғашық жатқан жердің тарихы сөз етіліп, қол жайылып, құран бағышталды. Зырғыған көлік Жидебайға қарай жүйткіді. Келесі аялдамада «Аналар мекені» деп аталған ақын Абайдың сүйікті әжесі Зере мен анасы Ұлжанның бейітіне келіп зиярат етілді. Зере әжеміз су ішкен «Құнанбай құдығынан» су іштік. Осында Абайдың өз үйінде, Шәкәрімнің саят қорасында болдық. Ақындардың шабытын тудырған мекен сұлулығын сөзбен айтқызып жеткізе алмайсың. Абай мен Шәкәрімнің мұражайын аралап шығып, ақындардың кесенесіне тарттық. Абай қасында ерке інісі Оспанмен бірге, төменірек сол жағында Еркежан, екі жүз метр қашықтықта Шәкәрім мен Шәкәрім өкпе ауруына шалдыққанда аурудан құлан–таза айықтырған інісі Ақан жерленген. Республикалық Абай оқулары өтетін сахна осы жерде орналасқан екен. Шабыттанып біз де ақын жырларын оқыдық. Келесі сапар тарихи мекендердің бірегейі Шыңғыстау қойнауындағы тарихи аңыз «Қоңыр әулие » мекені болды. Шыңғыс ханның шайқасқан жері. Шайқаста қаза тапқан қазақ, қалмақ, жоңғар әскерлері жатыр. Үңгірде су бар, жараланған жауынгер үңгірге кіріп кетіп, суға бір шомылып, оқ тиген жері жазылып қайта шығады екен деседі. Шыңғыс хан әскері осы үңгірді паналаса керек. Тұрғындардың айтуынша үңгір суы бүкіл ауруға ем. Мұнде келетін қазақстандық және шет елдік саяхатшылар да көп екен. Үңгір жөнінде аңыз да көп. Тарихшылар барып тың мәлімет, әдебиетшілер барып шабыт алатын мекен екен. Ем болсын деп-8 градустық температурадағы суға шомылдық. Су кәдігі қара суық, шомылып шықсаң денең күйіп–жанады. Табиғаттың тылсым сырына таңданбасқа шараң жоқ. Саяхат Мұхтар Әуезовтың үйі, қазіргі Әуезов мұражайымен жалғанды. Мұражай маңында Әуез бен оның жолдасының мазары бар екен. «Неге мазарлар әр төбенің басында екі -үшеу?» - деген сұрақ туды. Себеп, көшпелі ауыл тұрмысы мен өлкедегі қардың қалың болып түскенде еріп су шайып кетпес үшін деп түсіндірді Асан ағай. Көлік жүргізуші жігіт қымыз ішкілеріңіз келе ме деген соң, дәм татайық деп ұйғардық. Жолай ауылға қарай бұрылып қымыз сататын үйге алып келді. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі «Жетішатыр әдемі қала, мұнда бал қымыздың түр–түрі бар...»,-деп басталатын шығармасы да міне осы өңір жайлы жазылған. Ысталған сап–сары қымыз тіл үйіреді. Соңғы аялдама тобықтыларды Сыр өңірінен алып кеп қоныстандырған Кеңгірбай бидің мазары. Мазар басында мешіт пен қонақ үй бар. Кесенеге күн батар уақытта жеттік, шырақшылар сырдан келген саяхатшыларға мал шалып қонақасы дайындапты, сонда түнеп, таң ата Семейге жол тарттық. Семейге барып Ертіс жағалауында болмадым дегендеріңізге кім сенеді деп, Асан ағамыз бағытты өзгертті. Қалада тұрып шығармашылықпен айналысу мүмкін емес деп жағажайға жақын маңда орналасқан Асан ағайдың үйіне түстік, жазушы естелік үшін кітабын сыйға тартты. Мен атап өткен жерлер сапардың бір бөлігі ғана.

Абайтанушы Асан Қайырбекұлы:«Таза әдебиетші болғың келсе Абайды танып біл: ақынмен сырлас, шығармасына қанық бол, еліне саяхат жаса»,-деп түйіндеді. Жанымызға серік етіп бұл кісіні жібергені ел азаматтарның ақын Абайға деген құрметтері деп ұқтық.

Сапардың соңғы күні қаладағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мұражайында ақын өлеңдерін оқумен жалғасты. Іс–шарада республикалық ғылыми–танымдық экспедицияға қатысқаны үшін Қармақшы аудандық № 121 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шәмшагүл Қайыңбаева, Гүлжанат Асанқызы Төлегенова, Ақмарал Киікбайқызы Еленовалар «Алғыс хатпен» марапатталып және Т. Көмекбаев атындағы № 250 мектеп–лицейінің оқушысы Зинабдин Ақсауле Қалжанқызы/пән мұғалімі Ерназарова Гүлжахан Қайырбекқызы / сертификатқа ие болды.

Парақтап ашылған «Абай жолы» дәуірнамасын тәмамдадық. Біздерге Шыңғыстау атырабында болған саяхат Абайды қайта оқып, ақынның тылсым сырын танып–білуге жол ашты.


Қармақшы аудандық білім бөлімінің

121 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Еленова Ақмарал Киікбайқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!