Хаттама
Алдын- алу бағытының
шаралары:(сабақ,
акция, тренинг, сынып
сағаты)
Күні:
Тақырыбы
: Үрей мен мазасыздану
деңгейін төмендету және уақытты үнемдеу
тренингі
Жүргізу
формасы: оффлайн
Санат: оқушы, педагог,
ұстаз
Психолог: Жакупова
Г.
Қатысушылар
саны: 11 (8
оқушы)
Шараның
мақсаты: Үрей мен мазасыздану деңгейін
және дене қысымын төмендету, есте сақтау үрдісін дамыту, мақсатты
жұмыстың нәжижелілігін ұғындыру.
Уақытты бағалай білуге, үнемді
пайдалана білуге, жоспарлы жүрде жүмыс жасауға
үйрету.
Шараның барысы
(құрлымы):
«Сұрақ»
жаттығуы
Мақсат: танысу немесе
топтағыларды жаңа қырынан білу.
Әр қатысушыға кішкентай
қағазға жауап алғысы келетін сұрақты жазады немесе өзінің сондай
сұраққа жауап бергісі келетінін сұрақты жазуына болады. Қағаз
бірдей және бірдей бүктелу керек. Сұрақтар қорапқа салынып ,
араластырылып, рет бойынша таратылады.Қатысушылар өзіңе келген
сұраққа жауап береді.
Уақыт деген зат емес, жолда
келе жатып түсіріп алсаң, қайта барып алып кетіп әрі қарай жүре
алмайсың. Шынымен де көптеген заттарды адам жоғалтса қайта таба
алады, не орнын толтыра алады, не басқа затпен алмастыра алады, не
орнын толтыра алады, не басқа затпен алмастыра алады. Ал, уақытты
тоқтату, не кері шегіндіру мүмкін емес.Өз уақытын бостан бос
өткізіп жүрген адам аяуға тұрарлық, өйткені мұндай өмірлік ұстаным
өзін -өзі өлтірумен тең.
Уақытты тиімді пайдалану-ол
көп істі атқару емес. Ол өз уақытынды тиімді және дұрыс
пайдалану.
Уақыт-біздің өміріміз. Ендеше
оны қалай пайдаланып жүрміз. Адам өмірінде оның уақытын ұрлайтын
пайдасыз нәрселер көп.(сериалдар, телефон, интернет, ұйқы, бос
сөз)
Қазіргі уақытты уақытты тиімді
пайдалануды «тайм-менеджмент» дейді. Тайм-менеджмент бұл уақытты
басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент
саласы.
Уақытты тиімді пайдалануға
кері әсер ететін кедергі түрлері:
1.Техникалық қателіктер. Бұл
деген өз уақытынды қалай тиімді құру керек екендігін білмеу. Бұл
қателіктерді жөю үшін жоспар құру керек.
2. Сыртқы факторлар. Оларға
айналадағы жақындарымыз, , өмір сүрген ортамыз, ауа-рай, денсаулық
жатады.
3.Психологиялық фактор. Мұнда
сіз өз-өзіңізге терең бойлауыңызға тура келеді. Ерік-жігер,
қайраттың жеткіліксіздігі; жұмыстардың мағналылығын, керектігін,
маңызын түсінбеу; алдыға мақсат қоя алмау.
Уақытты дұрыс жоспарлаудың
бірнеше қағидалары бар:
Олар:
-
Мақсат пен бағдарды анықтау.
Мақсат пен бағдарды айқындау кезінде ұстанатын басты талап
жоспардан ауытқымау.Мысалы, 5 айға кең көлемді жоспар құру. Одан
бөліп алып айлық, апталық қысқа мерзімді жоспар құру.Қысқа жоспарды
орындауға ыңғайлы етіп жеке-жеке тапсырмиаларға
бөлеміз.
-
Жоспарды іске асыру үшін
ақпарат жиналады.Ол үшін осы салада жұмыстар атқарған
мұғалімдердің, оқушылардың тәжірибесін және оқулықтарды
жинақтаймыз. Жиналған ақпарттарға өз қабілет, мүмкіндіктеріне қарап
сараптама жасап іріктеп аласың.
-
Сараптама жасау барысында
маңызды деген тапсырмаларды жеке-жеке іріктеп жазып шығасың.Мысалы,
айлық жоспар.
../../
2015
апта
|
күн
|
Жұмыс
түрі
|
Ой-пікір
|
І
апта
|
1.
|
|
|
2.
|
|
|
3.
|
|
|
4.
|
|
|
5.
|
|
|
6.
|
|
|
7.
|
|
|
ІІ
апта
|
1.
|
|
|
2.
|
|
|
3.
|
|
|
4.
|
|
|
5.
|
|
|
6.
|
|
|
7.
|
|
|
ІІІ
апта
|
1.
|
|
|
2.
|
|
|
3.
|
|
|
4.
|
|
|
5.
|
|
|
6.
|
|
|
7.
|
|
|
ІҮ
апта
|
1.
|
|
|
2.
|
|
|
3.
|
|
|
4.
|
|
|
5.
|
|
|
6.
|
|
|
7.
|
|
|
Бір күндік жоспар
.
Бір күн бойы істелетін
жұмыстарды 24 сағатқа бөліп, қай жұмыс қай жерде, қандай мезгілде,
қалай, , қанша уақыт ішінде атқарылу керектігі белгіленеді.Жоспарды
ойша құруға болғанымен, оның жасбаша түрі қолайлы, пайдалы.
Біріншіден адамға ұмытшақтық басым, екіншіден ойша болғаннан кейін
жоспарды айыстыра салсада немесе орындамаяқ қойсада болады деген
көзқарас қалыптасады. Ал, жоспар жазбаша түрде болса, оны міндетті
түрде орындау қажеттілігі сезілініп
тұрады.
Мысалы:
сағат
|
Жұмыс
түрі
|
Тәсілі
|
деңгейі
|
орны
|
6:00-7:00
|
Сабақ
оқу
|
қайталау
|
орташа
|
үй
|
7:00-8:00
|
Биология
|
7-сынып оқулығын оқу немесе
бір тарау
|
|
үй
|
9:00-10:00
|
Математика
|
Амалдарды
орындау
|
жақсы
|
мектеп
|
10:00-11:00
|
Қазақ
тілі
|
Морфология
|
жақсы
|
Мектеп
|
11:00-12:00
|
Математика
|
Қатемен
жұмыс
|
Жақсы
|
Мектеп
|
13:00-14:00
|
Тамақ
ішу
Демалу
|
|
|
үй
|
14:00-15:00
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоспар сол күні таңертең
немесе бір күн бұрын түнде жасалынады. Жұмыс орындалса «+»,
орындалмаса «-» белгісін қоямыз.
Сынама тест тапсыру кезінде де
уақытты тиімді пайдалану үлкен шеберлік.Мысалы, есеп шығару көп
уақыт алатындықтан математика пәніне 1 сағат, қалған 4 пәнге жарты
сағат уақыт кетеді.
Егер есеп шығаруга 1,5 сағат
жіберсен қалған 4 пәнге 22 минут уақыт жұмсайсын. Ал, таңдау пәні
физика болса, 1 сағат уақыт жіберсе, математикаға 1 сағат уақыт
жіберсе қалған әр 3 пәнге 20 минуттан уақыт
кетеді.
Жоспар құрылған соң оны
орындау әуел баста қиынға соғады. Бірақ мойымаған дұрыс. Уақыт өте
жоспармен жүру әдетке айналады.
Әр салада үлкен жетістікке
жетіп жүрген адамдар және өте жоғары ұпай алған оқушылардың сыры
осындай құнды жоспардан тұрады екен.
Ең бірінші адамға өмір қымбат
бөлу керек. Одан кейін- уақыт. Шайтан адамды «Бұл дүние адамға
бір-ақ рет беріледі, әлі жассың, нағыз шапқылап жүрер кезің , жас
күнінде ойна да күл,»- деп азғырады. Сол ойдың, сөздің жетегінде
еріп «темірді қызған кезінде соғатын» сәттерінді жіберіп аласыңдар.
Бей-берекет өмір сүруге дағдыланып, кейін «қап» деп сан соғып
қалатындар бар.Уақыт бір орында тұрмайды, ақшаға сатылмайды,
ерікке, дегеніне бағындайды.
Адамға өмір бір рет қана
беріледі. Ойымыз бен арман, мақсаттарымызға жету үшін уақытты
тиімді пайдалануды дағдыға айналдыру керек.Уақытты тиімді пайдалану
дегеніміз- жақсылыққа, жақсы өмірге, алда болуға ұмтылу. Сағаттың
әрбір тықылы сендердіңдің өтіп бара жатқан өмірлерің, ал сендер
өмірлеріне бейжай қарамайтын шығарсыңдар?!
«Жіпті шешу»
жаттығуы
Топ екі-үш адамнан тұратын
кіші топтарға бөлінеді. Баллық топтарға бірдей шиеленіп байланға
жіптер беріледі. Топтасқан адамдар бір қолдарын белдеріне немесе
арттарына қойып бір қоларымен бірлесе отырып жіпті шешулері
қажет.
Рефлексия
жасалынады.
«Шеңбер бойымен сурет салу»
жаттығуы
Ереже: Бірінші айналымда жұмыс
жасаған кезде топ мүшелері мүлдем сөйлеспеуі қажет. Екінші айналым
тапсырмасын орындаған кезде сөйлесіп ақылдасуға
болады.
Бірінші айналым нұсқауы:Топқа
1 парақ бір қалам немесе маркер беріледі. Параққа ар адам 1 элемент
салуы қажет (сызық немесе фигура).Сөйлесуге болмайды.(жестпен
де)
Парақ жиналынып
алынады.
Екінші айналым нұсқауы: Топқа
бір парақ, бір қалам немесе маркер беріледі. Топ болып бірігіп әр
адам бір - бір элементтен параққа машина (адам, мектеп, үй, жазғы
табиғатты) салыңыздар. Сөйлесуге , ақылдасуға
болады.
Екі айналымдағы да парақтар
салыстырмалы түрде көрсетіле отырып рефлексия
жасалынады.
«Қар»
ойыны
Топ екіге бөлінеді.Ол
топтарған тең көлемде ақ парақтар таратылып беріледі. Олар
қағаздарды умаждап, дөңгелетіп қар жасайды.Белгі берілген кезде екі
топ қарларын бір-бірлеріне лақтырады. Ойын аяқталғанда қай топтың
маңайында қағаз аз болса сол топ жеңіске
жетеді.
«Уақыт»
мысал
Бір бизнесмен 3 млн. Доллар
ақша жинайды. «Осы менің қалған ғұмырыма жетеді, жұмыс істемесем де
осы байлықпен керемет өмір сүруіме болады» дегенде, ойлантпастан
«өлім» келеді. Саудаласуға үйреніп қалған саудагер «Өліммен»
саудаласа бастайды. «Маған 3 күндік өмір бер, Мен саған 1 млн.
долларымды беремін» дейлі. «Өлім» көнбейді. « 2 күндік өмір бер 2
млн. долларымды беремін» десе де «Өлім» көнбейді. «Ең құрымағанда 1
күндік өмір бер , барлық байлығымды беремін» деп жалынады. «Өлімді»
бұған да көндіре алмаған соң « ең болмаса сәл ғана уақыт бер,
қоштасу хатын жазып кетейін» деп, «өлімді» көндіріпті.Ол қоштасу
хатына былай деп жазған екен: «өмір сүрулеріне берілген уақытты
дұрыс, ұтымды пайдаланыңдар!»