Ұрпақ тәрбиесіндегі қазақ ертегісінің құндылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұрпақ тәрбиесіндегі қазақ ертегісінің құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ ертегілерді оқыту барысында балалардың тлін дамыту жолдарын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ ертегілері

Мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету. Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.

Міндеттері: 1. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;

2. Ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;

3. Оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;

4. Орыс сыныбындағы оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.

Гипотеза: Меніңше, ертегілер мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді.

Кіріспе

МPicture 1 енің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде. Бірақ әр елдің, әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы. Әр ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, достыққа, қайраттылыққа тәрбиелейді. Бірақ, өкінішке орай қазіргі кезде өз бетімен ертегі оқып, оған деген қызығушылығын көрсетіп, кітапханаларға барып ертегі кітап алып жүретін оқушыларымыз кем де кем. Өз басым, ертегі оқуды ұнатамын. Тіпті бесінші сынып бағдарламасында ертегі тақырыбына келгенде, алдын ала ертегілерді оқып, сабақ кезінде айтып отырдым. Бұрынғы кезде техниканың дамымаған кезінде әжелеріміз бен аналарымыз балалары мен немерелерін ертегі айтып отырып тәрбиелейтін. Қазір оның орнын компьютер мен басқа да дамыған техникалар басты.

Қазіргі таңда радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және онда біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зерттеп, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай - күйлерін әңгімелеп айтатын болған.

Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті кейіпкерлер роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.







І бөлім

Shape1

Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке - шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді. «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын

Picture 2 Ертегілердің ерекшелігі. Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың ұжымдық творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі. Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.











алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.

Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

Shape2

Picture 4 Оқушыларды тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ, атақты әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял – ғажайып, тұрмыс – салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар жайындағы, қиял – ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.

Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүниетанымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың ақылмен жеңуі, дәулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.

Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

Picture 6 «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

Picture 1 Shape3 «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

Picture 5 «Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

«Picture 7 Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады.Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.

«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.

Picture 8 «Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. Яғни, балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.

Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего» ағылшын ертегісі, ал сенбі күні «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдер болады. Ал, Еуразия телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады. Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе. Тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша мультфильм көрсетіледі.

Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Өскелең ұрпақтың, яғни біздердің бойымызға адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі", - деп анықтама береді.

М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ, қиял – ғажайып ертегілерінде «Керқұла атты Кендебай», «Аңшы бай», «Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Оқушы осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.

С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял – ғажайып ертегілер – шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батыр, т.б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы - өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр болды. Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақ иесі-кенже бала болды.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып - сиқырлы заттардың көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен дараланып, «Батырлық ертегі» деп аталады. Менің ойымша, батыр тұлға тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де, айласымен де жауын жеңіп отырған.

Қиял - ғажайып ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.

Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге ұқсас. Скиф - сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде - кем.

Ертегінің тағы бір түрі – тұрмыс - салт және хайуанаттар туралы ертегілер. Тұрмыс-салт ертегілерінде бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі. Бұл М.Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал С.Қасқабасовтың айтуынша ертегілердің ішінде хайуанат ертегілерінің алатын орны зор. Жануарлар туралы мифтер мен әңгімелердің жануарлар туралы ертегіден айырмашылығы тура мағына мен ауыспалы мағынаның, шын образ бен оның тұспалы арасында болады. Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық қоғамның көрінісі байқалады. Жануарлар жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге болады:

  • Мифтік қасиетін жоғалтқан этиологиялық ертегілер.

  • Дүние жүзі халықтарының жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын классикалық ертегілер.

  • Мысал ертегілер.

Этиологиялық ертегілерде синкреттік қасиет басым, тұрақты композициялық құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны жағынан мифке жақын. Оған айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі сақталады. Жануар – кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан ертегілік қасиеті байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы болып табылады. Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар, дию тағы басқа суреттеле береді. Мәселен, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Маса неге ызыңдайтын болып қалған?» деген сияқты үш сұрақ бірдей жауап беріледі.

Балаларға қатысты мысал ертегілер жатады. Ә.Дүйсенбаев «Құйрық», «Алатаудың бауырында», М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев «Қоянның ерні неге жырық?», Б.Ысқақов «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тағы с.с.

Қазақ ертегісінің ең мол түрі – шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Аяз би», «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар

аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бұйрық береді. Мұны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші еңбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.

Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбақ шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді.

Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі - «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» сюжеті болуға тиіс. Бұрын жұрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.

«Жақсылық пен жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мұратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.

«Үш ауыз сөз» ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп «суын ішкен құдыққа түкірме», «оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын», «ертеңгі асты тастама» дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: «Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер» деп әмір береді.

Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мұрат-мақсатына жетеді,

«Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «Ұр тоқпақ» ертегісінде ұрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. «Ұрлық түбі - қорлық» деген ғибрат осыдан келіп шығады.

Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі – Аяз би». Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, құстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аяз би ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, «аяз әліңді біл» деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханның қырық уәзірі қарсы болады. Аяз би ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.

Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан «кішкене қаһармандар» (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел ұшырып әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады. Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда «Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек» ертегісінің айтары көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз ұлы мен тоқалдан туған Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу - қазақ ертегілеріне тән халықтық белгілердің бірі.

Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі - тазша. «Тазша бала»

ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі. Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны тұтқындайды. Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.

Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан «қонақ кәде» талап етіп, қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тыңдап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр эпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тыңдаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертегінің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертегі айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.

Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер саны жағаынан ел арасында көп тараған. Ол қоғамдық-саяси ұғымдармен, діни нанымдармен тектік байланысын үзген. Сондықтан құбылушылық нәрселер тек кейіпкердің өз басының қасиеттері деп саналады. Онда өте қызықты қорқынышты жағдайлар, адамның тағдыры, жанұясы және тағы басқа керемет оқиғалар баяндалады. Олардың тақырыбы әр алуан. Оны халықтық фольклорлық роман деп атаса болады. Негізгі мақсаты - ғибадат алу, тәрбие беру. Мұнда ақылмен жету мақсаты қойылған. Кейде кітаби стиль көрініс табады. Оған Ы.Алтынсариннің, Қ.Мырзалиевтің шығармалары тән. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі - өзін мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.

Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар біле бергісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану тәжірибесі және оның нәтижесі. Ертегі - бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын самал жел. Оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі - ойдан ертегі құрастыру. Балалар ертегіні тек тыңдауды ғана жақсы көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі шығару — мұғалім үшін балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса, ал біздер үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы болады. Оқушылар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе, әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі оқушыны қызықтырып, өзіне тартады. Сондықтан, балаларды өздерінің байқағандарынан ертегілер ойлап шығаруға үйрету керек. Мен, өз басым, ойдан ертегі шығаруды ұнатамын. Өзімнің құрастырып жазған ертегілерім де баршылық. Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертек құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Өйткені, өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.

Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер еліне саяхат» сабағы өткізілді. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағы болып өтті. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрды, бірінші бөлім «Кім тапқыр?» деп аталды. Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертегінің аты, кай халық ертегісі екені айтылды. Екінші бөлім «Кім шапшаң?» деп аталды. Ертегіден үзінді үнтаспадан оқылды. Шарты - ертегінің атын табу және жалғастырып айту. Үшінші бөлімі «Кім ойшыл?» деп аталды. Кез-келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

Сонымен, қазіргі заманғы мектептің мақсаты - оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады. Осы тұрғыда жазылған 5-сыныпқа арналған «Әдебиет» оқулығы мазмұны және құрылымы жағынан да жаңартылды. Бұл сыныптағы оқушылардың назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне аударады. Көркем шығармада сан алуан кұбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз арқылы бейнеленеді. Сондай-ақ оқулықта халық тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген А.Құнанбаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің, I.Жансүгіровтің, М.Әуезовтің т.б. көптеген қазақ жазушыларының және басқа ұлттардың да көрнекті ақын-жазушыларының туындылары жинақталған. Туған еліміздің мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен кұбылыстарды байқай білу, теңдесі жоқ таңғажайып әсемдікті бағалай алу, елін, жерін қадір тұтып, құрметтеп өсуге тәрбиеленеді. Сондай-ақ оқулықтағы материалдар қасиетті халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана дәстүрлерімізбен, елін, жерін қорғауда өмірлерін құрбан еткен ерлердің істерімен оқушыны таныстыру арқылы оның өз атамекенін сүю, аталар дәстүрін көздің қарашығындай сақтап жалғастыру, туған жерін қорғау сияқты қасиетті міндеттерге жүктеу мақсатын көздейді. «Ана тілі - ой өсіреді, Ана сүті бой өсіреді», ел басынан кешірген тарихи көркем шығармалар оқушы қабілеттерін арттырады.

Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек... Сыныпта отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе, тек отырудан, ауаның бұзылуынан. Сондықтан, сабақ уақытында балалар қолайлы болмай бара жатса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып, сыныптың ауасын жаңартуы керек. Бір сабақтың ішінде де балаларды тұрғызып, отырғызып, гимнастика жасатып, ән салдырып алуға болады. Мұндайда бала серігіп қалады»,— деп ойынның, кызғылықты жаттығулардың балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды кұрал екенін атап көрсетеді. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай ұстаздарымыз әр сабағын жаңа технология әдістерін қолдана отырып, ойын түрінде, саяхат түрінде, ақпарат беру арқылы және сергіту сәттері мен презентациялық қойылымдар көрсету арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруда.

Қорытынды

Мен өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігін саралай білуге арнадым. Жобамдағы мақсат қазақ ертегілерінің адам өміріне байланысты іс-әрекеттері күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әректінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, кайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтай жеткізуді мен өзімнің жаңалығым, шеберлігім деп таптым.

  • Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы. Мысалы, ойынға киетін кепка, футболка, сумка және күнделік сыртына, қағаз пакет, қойын дәптер, шокалад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттерінің суреттері салынса;

  • Қазақ ертегілер кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры).

  • Көлеңке театры (теновой театр) Қазақ ертегілерінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетілсе;

  • Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға, мектептерге таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса.

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Менің ұсынысым: Осы айтылған пікірім мен ұсынысым туралы ереже немесе заң қабылданса, бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешілер еді.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы

«High school of Saryagash» зияткерлік білім беру мектебі

Қыдыртаева Ақерке Нұрмаханқызы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі