Материалдар / "Ұрпаққа жігер берер батыр рухы" (Алпамыс батырға арналған эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұрпаққа жігер берер батыр рухы" (Алпамыс батырға арналған эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жол түсіп Жетісай ауданына бара қалсаңыз, Жетісайға кіре берісте "Алпамыс батыр" ескерткіші бой көтерген. Бұл керемет туынды киелі, ақ алтынды аймаққа көрік беріп қана тұрған жоқ. Жанынан өткен кісі Алпамыс баба рухына тағзым етпей өте алмайды. Бұл елін сүйер патриот жастар тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып отырған тамаша тарту деп білемін.Киелі жерлер - біздің символдық қалқанымыз, әрі мақтанышымыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2019
1022
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұрпаққа жігер берер батыр рухы

Туған өлкем – тартымдысың, ыстықсың,

Тал бесіктен жүрегімді толқыттың.

Қасиетін ұлықтайтын кез келді,

Сайың менен қасиетті әр тасын.

Алла разы болған адамдарды біз кие тұтамыз. Өйткені, Жаратушы өзі панасына алып, кие берген. Біз де сол қасиеттің шарапатын көргіміз келеді.мен бүгін сондай киелі нысан жайлы ой толғамақпын. Ол – Жетісай ауданына қарасты Жамбыл ауылдық республикалық тас жол бойында тұрғызылған «Алпамыс батыр» ескерткіші.

Ия, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан соң, бүкіл қазақ елі дүр сілкінді. Сонау ХХ ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сынды қоғам қайраткерлері «маса» болып «ызыңдап» ұйқыда жатқан қазақ елін оятқандай, тура бір ғасыр өткенде жоғарыда аталған мақала жарияланғаннан кейін, жаппай ілгерілеу, жоғалғанды орнына келтіру, қайта түлеп, жаңғыру, ұмыт бола бастаған руханиятымыз жаңарып, ауқымды істер қолға алына бастады. Осы бастамаға мен де өз елімнің отансүйер ұланы ретінде өз үлесімді қоссам деген ниетім бар. Мақалада елбасымыз таяу жылдарға бірнеше міндеттер қойып отыр. Сол міндеттің бірі – «Туған жер» бағдарламасы аясында өңірлердегі мәдени нысандар мен өлкетану ісі. Яғни киелі, қасиетті жерлерді ұлықтау, қолға алып, алыс, жақын шет елдерге таныстыру, әлемге паш ету.

Шын мәнінде ескерткіштер киелі ме? Қасиетті жерлердің барлығы да ғибадат етуге арналмаған. Мысалы, аққуды киелі құс дейміз, бірақ оған табынбаймыз. Аражігін ажырататын болсақ, ескерткіш, мешіт, мазар дегендер емес, адамның жүрегі киелі. Қасиетті жерлердің барлығы да ғибадат етуге арналмаған. Мысалы, аққуды киелі құс дейміз, бірақ оған табынбаймыз. Оның ішкі жан дүниесі, адамдарға деген ықыласы, тілегі, бойындағы қасиеттері мен адами құндылығы киелі. Ал ескерткіш – құндылықты қалыптастыратын орын. Демек, кие, қасиет затта емес, көкіректе. Біз сол рухани жәдігерден үлгі алып, жанымызды нұрландыруымыз қажет.

Батыр рухы – ұлттың рухы, жадыңнан еш тастама,

Ер мүсіні жас ұрпаққа жігер берер бастама.

Ұлы батыр ескерткіші, жанынан сен өткенде,

Атыңнан түс, тағзым жаса, баба рухын аттама!

Мен бұл сөзіммен «Алпамыс батыр» ескерткішіне табынайық деуден аулақпын. Тек сол мәдени нысанның жастар тәрбиесіне ықпал етуін қалаймын. Еңселі ескерткішке қарағанда елін, жерін жаулардан қорғаған батыр бейнесіне тағзым ету арқылы бойларында туған жерге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады деген ойдамын.

Ал осындай өнегелі іске бастамашыл болып жүрген аудандағы жеке кәсіпкер Бауыржан Оңғарбаев ағамызға айтар алғысым шексіз. Осы орайда, тағы да елбасымыздың мақаласына қйта айналып соқпақпын. Яғни «100 жаңа есім» жобасына аты аталған ағамызды неге ұсынбасқа?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!