Жаңақоныс жалпы орта білім
беретін мектебі
Ұрпақтар ұмытпайтын
–
Ұлы
Жеңіс!
Дайындаған: Р.
Бешенова
2021 – 2022 оқу
жылы
Тақырыбы: Ұрпақтар
ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс!
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке,
Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін
қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан
соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін
ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге
ету.
Балаларды Ұлы Отан соғысымен,
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
«Әнұран»
1 -
жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті
қонақтар, қадірлі ұстаздар мен
оқушылар!
Бүгінгі мерекелік шара Ұлы
Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі
жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлермен офицерлер рухына,
бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге,бүгінде ортамызда жүрген
Ұлы Отан соғысы ардагерлер құрметіне
арналады.
Сіздерді өшпес ерлік пен
өлшеусіз даңқты халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас
қажыр-қайратының мерекесі – Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен
құттықтаймыз. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік
аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол
ашты.
2-Жүргізуші:
Содан бері 77 бейбіт жыл артта
қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін
мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000
зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген
еді. Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл
дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші
дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан
үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен
шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының
ардагерлері үшін ерекше мейрам.
1 -
жүргізуші: - Иә, миллиондаған адамның
өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан
ұмтылған жоқ. Сол сұм соғысты көзімен көрген, көкірегімен
түйіндеген ардагер ата, әжемлеріміз азайып қалды. Еліміз бойынша
санаулы ардагерлеріміз ғана бар. Солардың құрметіне арналған
кешімізге қош келдіңіздер
2 -
жүргізуші: – Ұлы Отан соғысы қарсаныңда
Республикамызда 7 Мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі еліміздің
өмірінде алатын орны өзгеше. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де
орны бөлек. Ата-бабаларымыздың батырлық істеріне құрмет білдіру
күні.Осығын орай Қазақстан Республикасының және де мектебіміздің
батыл, ержүрек, намысты, қайсар ер азаматтарын айтулы мерекелерімен
құттықтай отырып сіздерге зор денсаулық ,мол бақыт, қажымас қайрат
тілейміз. Мерекемен құттықтау үшін мектеп директорының міндетін
уақытша атқарушы Балымбет Жарасқан Беркінбайұлына
береміз
1 -
жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген
жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген
қан.
Кеудеге зілді қасірет салды
соғыс.
Қирады талай арман көңілге
алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан:
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік
Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете
алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына
бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін
оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске
алайық.
(1 мин
үнсіздік)
2 -
жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел
намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен
сын.
Ер азамат жауменен
арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан
үшін
Аналар қоштасқанда
асылымен,
Арулар қош айтысты
ғашығымен
Балалықтың базарын ерте
жауып,
Талай жұмыс істеді бала
өркен.
Үдетіп соғыс оты қайғы
мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі
бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала
ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс
тойды.
Ән: «Алия» орындайтын
бастауыш сынып мұғалімі Шомбалова Нұржамал
апай.
1 -
жүргізуші: Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша
үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс
даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден
өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе
білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап
шықты
Жігіт жастан қан майданға
кеттің бе?
Сағындырдың көз ілдірмей көп
түнде.
Зарықтырған Жеңіс
туым-Жауынгер.
Байтақ елге аман-есен жеттің
бе?
Би: «Папури» Орындайтын 8-
сынып қыз балалары қарсы
алыңыздар!
2-Жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас
ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім,
бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып
әкелген
Төккен қаны, әке - аға,
інінің.
Жеңіс деген шат күлкісі
баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан
даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі,
асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен
басталған.
Хор: «Жеңіс күні» 4 сынып
оқушыларының орындауында қабыл
алыңыздар!
1-Жүргізуші:
Қазақстандықтар Брест қамалын
қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск
доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады,
Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың
30 сәуірде тікті.
Ән: «Бейбіт күн тілегі»
орындайтын 7- сынып оқушысы Беркінбай
Назым
2-Жүргізуші:
Талай жанды қиды ажал
балтасы.
Жауды жеңіп қайтты ауылға
қаншасы.
Біздің мына бейбіт өмір
алаңсыз.
Ел қорғаған батырлардың
арқасы.
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс
күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды
міне!
Аспан бетін қаптаған қара
тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді
түні.
Ән: «Тәуелсіз қазақтың
қызымын» орындайтын 6-сынып оқушысы Нұрлан
Зарина
1-Жүргізуші:
Жаңғыртып әнмен аспан
кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс
бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат
еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп
ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке
жоқ.
Хор: «Тәуелсіз елдің ұланы»
орындайтын 5- сынып оқушылары
2-Жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары,
Жігерленген құштарлықтың
құралы.
Күрескердің арманы мен
ұраны,
Қуаныш пен мерекенің
бұлағы.
Батыр ұл есімдері
ақталады
Жыр болып жүректерде
сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз
етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи
мақтанады.
Ән: «Жеңіс күні» орындайтын
Қапан Шерхан
1 -
жүргізуші: Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ
емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Ұлы Жеңістің 77
жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. Ардагерлерге мың
тағзым! Жеңістің туы мәңгі желбіресін! Жер үстінің шуағы
тарқамасын! Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде
кездескенше аман - сау болыңыздар!
.