«Үш тілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үш тілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жас мамандарға семинар ұйымдастыруға және семинардан кейінгі мәлімет жазып, кері байланыс беруге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің

«№20орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Рыстаулетова Халима Еркенона


Наурыз айының аяғында Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№20 орта мектеп» КММ -де «Үш тілді білім беру арқылы құзіретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинар барысында мектебіміздің төрт мұғалімі жоспар бойынша шебер сынып, ашық сабақтарын көрсетті. Жаңартылған бағдарлама аясында ұйымдастырылған семинарды алғаш болып қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, модератор біліктілік санаты бар, жас маман Рыстаулетова Халима «Сабақты тиімді басқарудағы тайм-менеджмент –табысқа жетудің көзі.» тақырыбында мұғалімдерге шеберлік сағатын өткізумен ашып берді. Осы тақырыпта өткізген шебер сыныбы қала мектептері мұғалімдерінің көңілінен шығып, келген жас мамандар өздеріне қажетті әдіс-тәсілдерді үйреніп, Рыстаулетова Халимаға алғыстарын білдірді.

Семинар бағдарламасына сай 4 «Ә» сынып оқушыларымен «Презентациядағы бейне» тақырыбында ашық сабақ өткізген еңбек өтілі 19 жыл, модератор біліктілік санаты бар информатика пәнінің мұғалімі Тайджанова Ляззаттың ашық сабағын мұғалімдер «өте жақсы» өтті деп бағалады. Тәжірибелі ұстаздарымыздың бірі –информатика пәнінің мұғалімі Индибаев Ахмет 5 «Б» сынып оқушыларымен «Сызықтық тармақталған және циклдік командаларды ойын программалау ортасында қолдану» тақырыбында өткізілген ашық сабағы жоғары дәрежеде өтті. «Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері. Инсулин өндірісі.» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі Қоғашева Жанар 9 «Ә» сынып оқушыларымен жаңаша мазмұнда тың ашық сабақ өткізді. Мектебімізде ұйымдастырылған үш тілде білім берудің табысты тәжірибелері мен нәтижелерімен бөліскен семинарға қала мектептерінен келген мұғалімдер «өте жақсы» деп баға берді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2020
659
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі