Геометрия пәні бойынша 7
сынып оқушысының өзіндік жұмысының
жоспары
I
тоқсан
Сабақтың
номері: 06.10.2020ж
Сабақтың
тақырыбы:Үшбұрыш және оның
түрлері
Мақсаты: 1.
Үшбұрыштардың түрлерін
ажыратады;
2. Үшбұрыш элементтері,
түрлерімен танысады;
3. Үшбұрыш тақырыбы бойынша
берілген есептерді шығаруға дағдыланады.
Конспект
Бейнеүзінді
көру: https://www.youtube.com/watch?v=PQFNF4AfRDk
Бір түзуде жатпайтын А,В,С
нүктелері берілген. Осы нүктелерді қосып, АВ,ВС,СА кесінділер
жүргіземіз. Үшбұрыш белгіленуі:
, жазылуы АВС(АВС
үшбұрышы)
Үшбұрыштың қабырғаларының
ұзындықтарының қосындысы оның периметрі деп аталады. Р-белгілейді,
есептелінуі: 
Үшбұрыштың қабырғаларының
ұзындықтарына байланысты:
әртүрлі қабырғалы үшбұрыш, тең
қабырғалы үшбұрыш,теңбүйірлі үшбұрыш болып
бөлінеді.
Үшбұрыштың бұрыштарының
шамаларына байланысты: сүйір бұрышты үшбұрыш,
тікбұрышты үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш болып
бөлінеді.
Үшбұрыштың
ауданы табаны мен биіктігінің
көбейтіндісінің жартысына тең.
Бір нүктеде жатпайтын әртүрлі
А,В,С нүктелері берілсін. АВ, ВС, СА кесінділерін жүргізсек, АВС үшбұрышы пайда болады. Үшбұрыш деген сөздің орнына “∆”
белгісі қолданылады. Сонда “АВС үшбұрышы” деген сөз ∆АВС түрінде жазылады
∠
ВАС-үшбұрыштыңАСжәнеАВқабырғаларыныңарасындағыбұрышы,
∠АСВ,
∠СВА да
бұрыштарыдепаталады.
А
, В, С төбелеріне қарсы жатқан қабырғалары
сәйкесінше a, b,
c әріптерімен де
белгілейді, яғни CD=a, CA=b, AB=c.
-
С
ондай-ақ бұрыштарды төбесіндегі әріппен ғана белгілеуге
болады:∠А, ∠В, ∠С.
-
Немесе бұрыштарды грек әліпбиінің
α,ß,γ
әріптерімен белгілесек
болады.
Оларды үшбұрыштың ішкі бұрыштары деп атайды.
Қабырғаұзындықтарынабайланыстытүрлері

Бұрыштарыныңшамаларынабайланыстытүрлері

Тапсырма:
-
Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны 5
см, ал бүйір қабырғасы 6 см. Периметрін
табыңыз.
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың
периметрі 16 см. Ал бүйір қабырғасы 6 см. Оның табанын
анықтаңыз.
-
Тең қабырғалы үшбұрыштың
қабырғасының ұзындығы 12 см. Үшбұрыштың периметрін
табыңыз.
-
Үшбұрыштың периметрі 19 см.
Бір қабырғасы 7 см-ге тең, ал қалған екі қабырғасының біреуі
екіншісінен 2 есе ұзын. Үшбұрыштың қалған қабырғасының ұзындықтарын
табыңыз.
Әзірлеушілер : Т.Қабылов
атындағы орта мектеп -мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
математика пәні мұғалімі.
Сайбирова Д
.
.
Геометрия пәні бойынша 7
сынып оқушысының өзіндік жұмысының
жоспары
I
тоқсан
Сабақтың
номері: 08.10.2020жыл
Сабақтың
тақырыбы:Үшбұрыш және оның
түрлері
Мақсаты: 1.Үшбұрыштардың түрлерін
ажыратады;
2. Үшбұрыш элементтері,
түрлерімен танысады;
3. Үшбұрыш тақырыбы бойынша
берілген есептерді шығаруға дағдыланады.
Конспект

Барлық қабырғалары өзара тең
үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп
аталады.
Екі қабырғасы өзара тең
үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады.Тең қабырғалар үшбұрыштың
бүйір қабырғалары деп аталады да, үшінші қабырғасы үшбұрыштың
табаны деп аталады.
Үш қабырғасының ұзындықтары үш
түрлі үшбұрыш қабырғалары әр түрлі үшбұрыш деп
аталады.

Тік бұрышты
үшбұрыш
Егер үшбұрыштың бір
бұрышы
-қа тең болса, онда бұл
үшбұрышты тік бұрышты
үшбұрыш деп атайды. Тік бұрышқа қарсы
жатқан қабырғасы гипотенузадеп,ал өзге екі
қабырғалары катеттерідеп
аталады.
Бейнеүзінді
көру: https://www.youtube.com/watch?v=PQFNF4AfRDk
Мысал:
Тең бүйірлі үшбұрыштың
периметрі 15,6 см. Егер: 1) табаны бүйір қабырғасынан 3 см кіші; 2)
табаны бүйір қабырғасынан 3 см үлкен болса, онда үшбұрыштың
қабырғаларын табыңыз.
-
Берілгені:
тең бүйірлі. P=15,6
см.
Табу
керек: AB, BC,
AC-?
Шешуі:
BC=х (см)
десек, AB=
AC=х+3 (cм).
х+х+3+х+3=15,6
3х+6=15,6
3х=9,6
х=3,2
BС=3,2 см; AB= AC=6,2
см.
-
Берілгені:
тең бүйірлі. P=15,6
см
Табу
керек:AB, BC,
AC-?
Шешуі:
AB= AC=х десек,
онда BC=x+3
х+x+x+3=15,6
(см)
3х+3=15,6
3х=12,6
х=4,2 (см).
BС=7,2 см; AB= AC=4,2
см.
Тапсырма:
-
Үшбұрыштың периметрі 27 см.
Оның бір қабырғасы екіншісінен 2 есе қысқа, ал үшінші қабырғасы
екінші қабырғасынан 3 см қысқа. Үшбұрыштың қабырғаларының
ұзындықтарын табыңыз.
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың
периметрі 22 см. Табаны 10 см-ге тең. Бүйір қабырғасының
ұзындықтарын табыңыз.
-
Тең бүйірлі үшбұрыштың
периметрі 35 см. Табанының ұзындығы бүйір қабырғасынан 1,5 есе
ұзын. Қабырғаларын табыңыз.
-
Тік бұрышты үшбұрыштың
периметрі 60 см. Гипотенузасы 25 см. Бір катеті екінші катетінен 5
см қысқа. Катеттерін табыңыз.
Әзірлеушілер : Т.Қабылов
атындағы орта мектеп -мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
математика пәні мұғалімі.
Сайбирова Д
.
.
Алгебра пәні бойынша 7
сынып оқушысының өзіндік жұмысының
жоспары
I
тоқсан
Сабақтың номері :
05.10.2020жыл
Сабақтың
тақырыбы: Мәтінді есептерді
шығару
Мақсаты: 1.
Өте кіші немесе өте үлкен
сандармен берілген шамаларға байланысты есептерді
шығару
Конспект
Оқулық Алгебра 7 Алматы
«Мектеп» 2017 авторы А.Е.Әбілқасымова
Өте үлкен және өте кіші оң
сандар ғылым мен техникада кездеседі.
Сандарды жазып және осы түрде
оларға амалдар қолдану өте ыңғайсыз: олар өте үлкен, көзбен көру
мүмкін емес. Көмекке стандартты түрде жазу және оларға амалдар
қолдану келеді.
Бізді қоршаған ортада тек қана
өте үлкен сандармен емес, сонымен қатар өте кіші сандармен де
есептер шығару керек болады. Бұл сандарға мысалды микробиология,
химия және басқа да ғылымдарда кездестіруге болады. Кестеде кейбір
кіші денелердің өлшемдері берілген.
1
|
Үшкір
түйрегіш
|
0,0001
м
|
|
2
|
Инфузория-туфелька
|
0,0002
м
|
|
3
|
Пневмония
бактериясы
|
0,0000001
м
|
|
4
|
Қан
жасушасы
|
0,00000075
м
|
|
5
|
Ақуыз
молекуласы
|
0,00000001
м
|
|
6
|
Сутегі
атомы
|
0,0000000002
м
|
|
Сандарды стандартты түрде жазу
арқылы кестенің үшінші бағанын толтырыңыз және кіші денелердің
номерлерін қолдану арқылы сандарды кему ретімен
жазыңыз.
Тапсырмалар.
№1. Сұрақтарға жауап беріңіз
(дұрыс – «+», қате – « - »)
1.
3 • 105 саны стандартты түрде
жазылған
2.
0,81 • 106 саны стандартты түрде
жазылған
3.
7,45 • 10–5 саны стандартты түрде
жазылған
4.
50 саны стандартты түрде
жазылған
5. Ойыңыз дұрыс па: «Сандардың
реті жоғары болған сайын,санның өзі де үлкен
болады?»
6. Егер сандардың реті теріс
болса, онда санның өзі де теріс бола
ма?
7. Егер екі санды стандартты
түрде көбейтсе, онда жауап стандартты түрде бола
ма?
8. Стандартты түрде кез келген
санды жазуға болады.
№2.
-
Егер жарықтың жылдамдығы
3∙105
км/с болса, ол
1,2∙106
с-та қанша жол
жүреді?
-
Бір планетаның массасы
5,98∙1024
кг, ал екінші планетаның
массасы 6,4∙1023
кг. Қайсысы үлкен: бірінші
планетаның массасы ма, екінші планетаныкы ма? Қаншаға
үлкен?
-
Бір жұлдызды дененің массасы
1,9∙1024
кг, ал екіншісінікі
4,87∙1024
кг. Қайсысы кіші: Бірінші
жұлдызды дененің массасы ма, екіншісінікі ие? Қаншаға
кіші?
-
Темірдің тығыздығы
7,8∙103
кг/м3. Ұзындығы 3,2 м, ені
5∙10-1
м жәнеқалыңдығы
2,5∙10-1
м болатын темір плитаның
массасын табыңыз
Бағалау
критерийлері
|
Дескриптор
|
Оқушылар стандартты түрде
жазылған сандарды қолдану арқылы есептерді шығара
алады.
|
Стандартты түрде жазылған
сандарды бөлуді дұрыс шығарады
|
Стандартты түрде жазылған
сандарды көбейтуді дұрыс шығарады
|
Стандартты түрде жазылған
сандарды алуды дұрыс шығарады
|
Стандартты түрде жазылған
сандарды бірнеше амал қолдану арқылы дұрыс
шығарады
|
№3.
Қазақстан солтүстік және
шығысынан Ресеймен шектеседі (
км), батыста
– Қытаймен(
км), оңтүстікте – Қырғызстанмен (
км), Өзбекстанмен
(
км) және Түркменстанмен
(
км).Қазақстанның шекарасының
жалпы ұзындығы қандай?
Әзірлеуші: Т.Қабылов атындағы орта
мектеп -мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі математика пәні мұғалімі.
Сайбирова Д
.
.
Алгебра пәні бойынша 7
сынып оқушысының өзіндік жұмысының
жоспары
I тоқсанСабақтың номері :
07.10.2020жыл
Сабақтың
тақырыбы:
Бірмүшелер және оларға амалдар
қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт
түрі
Мақсаты:1. бірмүше анықтамасын білу,
оның коэффициенті мен дәрежесін табу;