«Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептерді шешу»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептерді шешу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың аудан туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдану; Дамытушылық: топпен жұмыс жасауды, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Күтілетін нәтиже: Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау. Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру; Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада дүниетанымын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

«Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға арналған есептерді шешу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың аудан туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс-

тәсілдерді қолдану;

Дамытушылық: топпен жұмыс жасауды, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық

ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау.

Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;

Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада

дүниетанымын дамыту.

Сабақтың түрі: топтық, тексеру.

Кажет құрал –жабдықтар: әр топқа үлестірмелі қағаздар, топ жұмысын

бағалау парағы, компьютер, проектор, үш түсті

фломастер, тест жұмыстары, презентация.

Сабақтың өту барысы:

  1. Тақырыпты анықтау, ұйымдастыру- 2мин.

  2. Топқа бөліну.

  3. Оқыту мотивациясын құру сәті.

  4. Білімнің маңыздылығы- 6мин.

  5. Топпен жұмыс- 25мин.

  6. Қорытындылау, топтың жұмысын қорытындылау- 10мин.

  7. Рефлексия- 1мин.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Отырыңыздар. Шынында бүгінгі күн өте маңызды. Біріншіден, біз бүгін кездестік, екіншіден, бізді өте қызықты жұмыс күтіп тұр. Ал, үшіншіден, біз жаңа білімдер алып, бұрынғы білімімізді шыңдай түсеміз. Ол үшін алдымен:

  1. «Шаттық шеңберін құрайық»;

  2. «Төртбұрыштарды жинау арқылы» топтарға бөліну;

Сабақтың тақырыбын анықтау;

Оқушылар ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбын тұжырымдайды.

Ребус шешу.

Біз сендермен теория мен практиканы біріктіреміз. Геометрия «құрғақ» білім емес, оны тек сабақ үстінде оқып қана қоймаймыз, ол күнделікті өмірде өте маңызды.

Алдарыңызда бағалау парағы жатыр. Топ басшысын анықтап алыңдар, ол бағалау парағын толтырып отырады.


Сергіту сәті.

Топпен жұмыс.

Мұғалім сөзі:

«Математика» мен «жөндеу жұмыстары» арасында қандай байланыс бар деп ойлауға болады. Көптеген жанұяда бөлмені жөндеу жұмыстарын «өз қолымен» істейтіні практикада дәлелденген, өйткені жақсы нәтиже алғысы келеді және қаржылай үнемдеу болады. Көптеген қиындатылған жөндеу жұмыстарын арнайы мамандар орындайды, ал жүктелген жұмысты бақылау мен оған кететін шығындарды тапсырушы, яғни біз атқарамыз. сондықтан, мектепте математика сабағында шығын жоспарын құруды үйрену керек, ал технология сабағында бөлменің дизайнын безендіруді үйрену керек. Химия, биология сабақтарында пайдаланылған құрылыс заттарының адам денсаулығына қаншалықты зиян келтіретінін айту керек.


Есептер шығару, плакатты қорғау, әр топтың плакатын қорғағанын бағалау.

Әр топтың топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды және бағалау парағын толтырады.


Оқу әрекетін қорытындылау «Синквейн» әдісі.

  1. Бір зат есім.

  2. Екі сын есім.

  3. Үш етістік.

  4. Төрт сөзден тұратын сөйлем.

  5. Синоним.


Рефлексия:

Бәрі түсінікті

Ештеңе түсінбедім

Кейбір қиыншылықтар бар

Мүлдем ештеңе түсінбедім


















Мен сендерге есептер шешуді ұсынамын. Жинақталып, тиімді әдіс- тәслдерді қолданып, уақытты үнемдеп, барлық алған білімдеріңді тиімді қолдануларыңды сұраймын.


  1. Есеп:

Жуынатын бөлменің өлшемі 2,5м*3м. Егер кафельдің пішіні тіктөртбұрыш тәрізді және өлшемі 20*30 см болса, осы бөлменің еденіне қанша кафель плиткасын төсеу керек?


  1. Есеп:

Егер бөлменің өлшемі 6*8*3м болса, бөлменің қабырғасын сырлауға қанша бояу қажет болады? Есіктің өлшемі 2*0,8м екенін ескеру қажет. 1м2-қа 200г бояу кетеді.


  1. Есеп:

Өлшемі мына түрде берілген бөлменің еденіне қанша линолеум сатып алу керек және қанша қаржы керек, егер 1м2 –қа 300тг болса?












  1. Есеп:

Түсқағаздың өлшемі ені 60см, ұзындығы 10м. Бөлменің қабырғасына жапсыру керек. Бөлменің өлшемі 3*4*2,5м. Терезе мен есіктің ауданы 4м2. Қанша орама (рулон) сатып алу керек?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі