Бөлім: 7.2ВҮшбұрыштар | Мектеп: «Мойнақ ауылындағы МДШО бар №23 орта мектеп» КММ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Класхан К |
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Үшбұрыштың анықтамасы. Үшбұрыштың түрлері. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.13үшбұрыштың түрлерін ажырату; |
Сабақ Мақсаттары | Барлық оқушылар: үшбұрыш анықтамасын біледі; қабырғаларының ұзындығы бойынша және бұрыштарының шамалары бойынша түрлерін ажырата алады;Оқушылардың басым бөлігі: қабырғаларының ұзындығы бойынша түрлері мен бұрыштарының шамалары бойына түрлерінің ортақ қасиеттерін анықтай алады;Кейбір оқушылар: Сызбасы дайын есептің шартын құрастырып, есептер шығара алады. |
БағалауКритерийлері | үшбұрыш анықтамасын біледі;қабырғаларының ұзындығы бойынша түрлерін ажырата алады;бұрыштарының шамалары бойынша түрлерін ажырата алады;талдау жүргізе отырып олардың ортақ қасиеттерін анықтай алады. |
Тілдік Мақсаттар | Оқушылар:-үшбұрыштың түрлерін ажыратуда қасиеттерін түсіндіре алады- есептің шығару жолын түсіндіре алады;- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;Лексика және терминология- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;- үшбұрыштың элементтері;- табаны, бүйір қабырғасы;- қабырғалар арасындағы бұрыш;- қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;- қарсы жатқан бұрыш; |
Құндылықтардыдарыту | «Мәңгілік ел» идеясының бағытының бірі Қазақстан мен Астана , шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті
|
ПәнаралықБайланыстар | Өзін-өзі тану, «Мұғалімнің сыйы» |
АКТ қолдануДағдылары | Флипчарт құралдарын қолдана алады, GeoGebra бағдарламасын қолдана алады |
Алдыңғы білім
| перпендикуляр түзулер, бұрыштар… |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 2 минут
3 минут
2 минут | І Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Жағымды психологиялық ахуал тудыру «Өзгертуледі тап!»Оқушы көңілін сабаққа аудару.Сынып 3 топқа бөлінеді:/ қиындылардан әртүрлі 3 үшбұрыштың формасы беріледі, сол бойынша топқа бөлінеді, әртүрлі деңгейдегі оқушылар топтасады/Үй тапсырмасын сұрау: /бұрыштар туралы қайталап келу ұсынылған/Миға шабуыл: Бұрыштың қандай түрлерін білесіңдер?Перпендикуляр түзулер қалай орналасады?Бұрыштың анықтамасын кім тұжырымдай алады?Олар неден құралған?Күтілетін нәтиже: осы сабаққа қажетті сөз тіркестерін, белгілеулерді еске түсіру Ойқозғау: Білім алушыларға ұсыныс: Флипчарт беттеріндегі фигуралардың ішінен үшбұрыштарды анықта және оларды топтастыра отырып, оларға сипаттама бер.Қабырғалары, бұрыштары қалай белгіленуі мүмкін?Білім алушыларды сабақ мақсаттарымен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы 5 минут
2минут
3 минут
8 минут
2 минут
3 минут
2 минут
9 минут |
Оқулықпен жұмыс: абзацты бейнелеп көрсету арқылы теориялық материалды оқып, GeoGebra бағдарламасымен жұмыс жасай отырып, белгілеулерін көрсетеді, білім алушылар өздерінің жұмыстарына толықтырулар жасайды. Осы тапсырмадан күтетін нәтиже: Негізгі сабаққа қажетті терминдерді анықтай отырып, оны қолдану аясын нақтылай алады. Келесі слайдпен жұмыс:Оқушылардан үшбұрыштарды классификациялауды, қандай белгі бойынша классификациялағандарын тұжырымдауды сұрайм ынҮшбұрыштың түрі оның қабырғаларының ұзындығына (тең қабырғалы, тең бүйірлі, әртүрлі қабырғалы) және үшбұрыштың түрі оның бұрыштарының (сүйірбұрышты, тікбұрышты, доғалбұрышты) шамасына байланысты болатынына көңілдерін бөлемінОсы тапсырмадан күтетін нәтиже: Негізгі сабаққа қажетті терминдерді анықтай отырып, оны қолдану аясын нақтылай алады.
«Стоп+кадр» тәсілі . Бейне материал ұсыныладыСұрақ: Бейне материалға қандай толықтырулар жасар едіңдер?
«Серпінді сауал» әдісі бойынша кері байланыс алынады.
Топтық жұмыс: /постерде қорғау/ Венн диаграммасымен жұмысҚалыптастырушы бағалау дискрипторлары: /презентацияда көрсетіледі/-Үшбұрыштардың түрлеріне қарай нақты қасиеттерін нақтылай алады;-Ортақ қасиеттерін дәлелді түрде тұжырымдай алады;Топтық жұмысты бағалау керектігі ескертіледі, дискрипторларға жауаптары сәйкес келеме, соны ауызша бағалайды.1-топ:Тең бүйірлі үшбұрыш пен тең қабырғалы үшбұрыштарды Венн диаграммасына салу.2-топ: Әртүрлі қабырғалы үшбұрышпен пен тік бұрышты үшбұрышты Венн диграммасына салу.3-топ: Доғал бұрышты үшбұрышпен пен тең бүйірлі үшбұрышты Венн диаграммасына салу. Мұғалім сыйы: Қосымша материал ұсынылады. Онда Астана қаласының көрнекі ғимраттары бейнеленген, солардан қандай геометриялық фигураларды байқауға болатындығы талқыланады, сонымен қатар жақтары үшбұрыш болатын кеңістік фигуралары туралы жалпы малғұмат беріледі: пирамида, тетраэдр, Геогебра бағдарламасында қалай сызылатындығы көрсетіледі.
Жұптық жұмыс:Ақиқат, жалған кестесін толтыру:«Көршіңді бағала» тәсілі бойынша, бірін –бірі бағалайды, кілті тақтаға шығарылады. Кейбір оқушылардан неге А немесе Ж белгі қойылғанына түсініктеме беруі сұралады.Күтілетін нәтиже : сын тұрғысынан ойлай отырып, ақпаратты талдау арқылы оның Ж немесе А екендігін бағалауы
Оқулықпен Жұмыс: Жеке жұмыс, тақтаға орындалады.Есептер шығару: Сызба арқылы қандай үшбұрыш екенін анықтап алып, есептің шартын құрастыру. Берілгені:Р АВС = 24 см.______________Қабырғасын табыңдар. «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілімен бағаланады.
Топтық жұмыс: Постер қорғау. Әр топ келесі топтың жұмысын СВОТ талдаумен бағалайтындығы ескертіледі1-топ мүшелері жеке Рафт тәсілі бойынша жазу2-топ мүшелері: ментальді карта құрастыру3-топ мүшелері: блок схема құрастыр | Флипчарт №1
GeoGebra бағдарламасы
Видео файл
Презентация 2
Постер, маркер
презентация
Жұптарға арналған таратпа материалдары |
Сабақтың соңы3 минут
2 минут | Сабақты қорытындылау:Семанитикалық кестені толтыру: жеке жұмыс, «Айналмалы бекет» тәсілі арқылы бір топ мүшелері келесі топ мүшелерін бағалай отырып, кейбір оқушылардың жұмыстарына ұсыныс айтады. Күтілетін нәтиже: ұзындықтары әртүрлі үшбұрыштар мен бұрыштарының шамалары әртүрлі үшбұрыштардың анықтамаларын пайдалана отырып, ортақ квалификациясын анықтай алады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Үйге тапсырма: Оқулықтағы тапсырмаға қосымша: сократтық әдіспен сұрақтар құрастырып келу, /сергіту сәтіне арнап/ |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Күрделігіне қарай алға ілгерлеп отыратын тапсырмалар, негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беру, СТО негізделген тапсырмалар, сызбасы дайын тапсырмалар, білімдерін жүйелеуге арналған тапсырмалар
| «Стоп-кадр» әдісі, «Оқушы-оқушыны» бағалау әдісі, «Серпінді сауал», Дискриптор арқылы, СВОТ талдау | Көңіл күйдерін көтеру, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың басында Жағымды психологиялық ахуал тудыру «Өзгертуледі тап!»
|
Сабақ бойынша рефлексияСабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:2:Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|