Ұстаз - ұлағатты есім

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз - ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстазға деген құрмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғашқы ұстаз – білімнің алғашқы баспалдағын қалыптастырушы тұлға. Осы елеулі үлесі үшін бастауыш сынып мұғалімін ешкім ұмытпайды. Өйткені бірінші ұстаз әрбір ересек адамның бойында алаңсыз балалық шаққа деген сағынышын тудырады. Балалық шақтың ең жарқын, тамаша кездері де осы шақ.

Білімнің асқар шыңына жетелейтін бірінші қыркүйекте бірінші сыныптың табалдырығын аттағанымыз күні кеше ғана секілді. Осы айтулы күнде балбұл жанған жүзімен бізді қарсы алған алғашқы ұстаз М.Балақаев атындағы шағын жинақталған мектебінің білікті маманы Нурекеева Қарлығаш еді. Ол өте нәзік, қайырымды жан. Өмір әліппесімен таныстырған бұл ұстазға алғысым зор.

Бастауыш сынып өмірінде әр шәкіртінің тағдырына тікелей араласып, біздің жан-жақты дамуымызға атсалысқаны, түрлі мерекелік іс-шараларда белсенділік танытып, бізбен бірге билеп, бізбен бірге ән салған ұстазымның бір әсерлі оқиғасы есіме түсіп отыр.

Алғашқы ұстаз тек қана білім нәрімен сусындатушы ғана емес, таным баспалдағын қалыптастырушы ұлы тұлға екен. Қолыма қалам алып, ой толғануыма да осы бір сәт негізгі себеп болды.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы» деген. Қазіргі таңда мен де ұстазымның берген тәлім-тәрбиесінің арқасында білім саласына үлес қосушы педагогпын.

Ұстаз…   Қандай  қасиетті  сөз!  Әр адамның  жүрегіне  ерекше жылулық нұрын  себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде  қадір  тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз»  деген  қазақ  баласы  үшін  қашанда  қасиетті,  қадірлі  болған. «Ұстаздан  тәрбие  алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.  Ұстаз  әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.  Дәлірек  айтсақ, адамды  өмір  сүре  білуге  тәрбиелейді.  Сол  үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.  Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер  — тағылымы  терең  өнер.  Ал өнерлі  болу кез- келген адамға  қона бермейді.  Олай  болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.  «Шәкіртсіз  ұстаз тұл»  деген  тегін  айтылмаса  керек.  Дүниедегі  сыйлы  адам да  ұстаз. Себебі,  шәкірт  өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Шын ұстаз — ұстаз болуды балалық шағынан армандайды.  Қиындығымен қызығы  бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа  жете  дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен  сырласу,  мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар.  Балаларға  ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады.

«Ұстаз болу өз  уақытыңды  аямай, өзгенің  бақытын  аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін.  Қанша  жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек.  Өмір  бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан  келмей ме,  жүре  бергің?!
Сондықтан да  келеді  біле  бергім…
Ұстаз бала алдында  өзінің жүріс -тұрысымен,  киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.  Қазіргі  жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады.  Ал қиындықсыз  іс болмайды. Сонымен  қатар  қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Олардан қандай маман шықпақ және балаларға қандай білім бермек? Мамандығын  жетік  білмеген емес, жетік білуге ұмтылмаған, талпынбаған мұғалім нағыз бейшара деуге болады.  Әрине,  барлық ұстаздарды айтпаймын, ұстаз болуды армандап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қиындықтан қашпай, ауылға барып ұстаздық жолын ауылдан бастаған жас мамандар да баршылық, оларға еңбектерің жансын, бейнеттеріңнің зейнетін көріңіздер, ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер, түбінде сіздерден жақсы маман шығады.  Себебі  сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді.  Жаңа  заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысайық.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып , тәлім – тәрбие беру , жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.  Сондықтан  да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Шынайы ұстаз өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта – ықыласты оятады.

Ұстаздық мамандық  –  мамандықтың  ең асылы,  ең қасиеттісі. Менің  ұстаз  мамандығын таңдауыма алғашқы қалам ұстатқан мұғалімім Нурекеева Қарлығаш қатты әсер етті.  Ол  кісі  маған бәрінен ақылды , бәрінен сұлу , бәрінен жақсы көрінетін.  Кейін  мен де сол кісінің жолын қуып , ұстаз мамандығын таңдадым.  Информатика пәнінің мұғалімімін.  Балалардың  күлімдеген көздерін, кіршіксіз пәк жүздерін көргенде бойыма қан жүгіріп, жүрегіме нұр құйылғандай болады. Мен өз мамандығымды сүйемін.  Әрбір ашық сабақ өткізген сайын күні бүгінге дейін өзімді жаңа ғана ұстаз болып келіп, жаңа сабақ өткізіп тұрғандай сезінемін. Мен үшін әрбір  сабақ – үлкен жауапкершілік, үлкен абырой.  Әрбір  адам алған асуларын ұстаз еңбегінің жемісі , нәтижесі деп түсінулері керек деп ойлаймын.

Мынау  қайнаған  заманда  жаңа технологияларды қолданып,  жаңаша  еңбек ету – менің ұстанымым. Еңбегімнің  бағасын  ата-ана,  жұртшылық  береді.  Солардың «Жайна  – жақсы мұғалім» деген сөзі, кеше ғана  «Балабақшамен  қоштасудағы» бір баланың  «Апай, Ханшайым болып кетіпсіз !…» деген сөздері менің шаршағанымды  ұмыттырғандай  риза болып қаламын. қызмет етуде.  Өскелең  ұрпаққа білім бере отырып, ел ертеңін қолға алар ізбасарларды тәрбиелеудемін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2023
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі