Кундакбаева Акбота Сеитовна,Биология пән мұғалімі,«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММАягөз қаласыҰстаз- болашаққа бастар жол«Жаңа адамды-жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді» Н.Ә.Назарбаев Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа халықтардың дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау керек, яғни полимәдениетті тұлға қалыптастыру керек. «Елу жылда ел жаңа...» демекші, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері әлемніңкөптеген дамыған елдерімен мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан байланыс жасап келеді. Бұл қатынастардың оң нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, яғни тіл білуінен. Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” - деп ерекше атап көрсеткен. Елбасымыздың «Үш тілділікті жүзеге асыру бағдарламасы» бойынша қазіргі кезде еліміздегі ұстаздар ағылшын тілін меңгеруде. Мен ағылшын тілін мемлекеттік бағдарлама бойынша «Professional Development Centre» компаниясынан оқып, өз біліктілігмді шыңдап жатқаныма өте қуаныштымын. Себебі, жас маман ретінде бұл курстың маған үйреткені көп. Жас ұрпақты бәсекеге қабілетті ұрпақ ретінде тәрбиелеп, білім нәрімен сусындандыру үшін, болашаққа нық сеніммен қарайтындай сенім беру үшін ұстаздың жан-жақты білімі, тәжірибесі және заман талабына сай үш тілді жетік меңгеруі керек. Егер біз өз болашағымызды жарқын көргіміз келсе осы жолдан таймай, мемлекеттің бізге берген әр мүмкіндігін дұрыс пайдалана білуіміз керек. Ұстаз болу үшін адамның бойында жігерлілік қасиет болу керек. Жас мемлекет болғандықтан мемлекеттің даму жолында ұстаздарға қойылатын талаптар көп, осы талаптарды орындау үшін де біздерге күш-қайрат керек. Әр ұстаз алдына келген оқушыға сенім артып, оны ел болашағы деп қарау,дұрыс тәрбие беру, оқушының қандай салаға бейім екенін байқау, дұрыс бағыт-бағдар беру, міне осының барлығы бір ұстазға жүктеледі. Ал мұндай істі жүзеге асыру үшін әрине жігерлі, рухы мықты тұлға болу керек. «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»-деп Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқан екен. Мен өз ойымды «Ұстаз- бұл ұлттың айнасы, ұрпақты болашаққа бағыттаушы» деп қорытындылағым келеді.