Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұстаз- ұлағатты ұғым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұстаз- ұлағатты ұғым .
Адамның өмірі жолы ұстазбен өтеді десем қателеспейтін шығармын. Шырылдап дүниеге келгеннен бастап, өмірлік ұстазың алдымен ата- анаң. Тәй- тәй басып әр қадамыңның сүрініп кетпеуіне бақылау жасап, қадағалайтын адамның бірі анаң. «Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін»- деп, бекер айтпаған ғой.. Өмірдің талай жолында жығылғанда ең алдымен шырылдайтын адам –ол анаң... Алғашты сөздер аузыңнан шүлдірлеп шыға бастағаннан оны жөндеп, түзетіп, үйрететін да анаң. Мен үшін өмірімдегі ұстазым ата-анам болды. Әкем қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлімбетов Бақназар, шешем Есенбаева Тұрар орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінен ұстаздық етті. Мені қай пәннің мұғалімі болады деп екеуі талай тартысып қалатын. Менен сұрағылары да жоқ... Әрине, әртістің баласы әртіс, ғалымның баласы ғалым болады деп ата анасы шешіп қояды емес па?)) Мектепте жақсы оқыдым, жаман оқу немесе мұғалімді тыңдамау, қарсы шығу, мұғалімге шағым айту, ойға кіріп шығатын нәрсе емес... Мұғалім деген біздің ең бірінші құдайдай сыйлайтын адам емес па.. Қарсы сөйлемек түгілі, көзіне тіке қарай алмайтын едік... Мұғалімнің күлімсіреп қарағаны, сені алтын алақанымен аялағанындай. Сені мақтаса немесе үздік баға алсаң, үйге қуанышымыз қойнымызға сыймай келетін едік. Қазір, әрине, сол күндер ең бақытты күндер екенін түсінесің. Жақсы ұстаз жолықса, өмірдің жартысының жолы болды деп ойлаймын. Мектеп қабырғасындағы ұстаздарымды аса мейірімділікпен еске аламын. Бұл күнде ол кісілер біраз жасқа келіп, зейнеткер болған да шығар. Еңбегінің жемісін ұзақ уақыт күтетін мамандықтың бірі ол – мұғалім. Себебі ол аяғын тәй-тәй басып келген бүлдіршіннің қолынан жетектеп жасөспірім болған азаматты мектептен шығарып салады. Осы бірге өткізген он жыл уақытта күн мен түнді еске алсақ: .... ұйқысыз түндер, күлкісіз күндер мен қаншама қуаныш пен өкініш, қаншама естеліктер бар десей... Менің анам күліп, жиі айтатын еді: «Өзгенің баласын оқытам деп өз балама уақытым болмады ау»-деп. Бірақ сол өзгенің баласын ешқашан бөтенсігенін көрген жоқпын. Тіпті кейде соларды менен де қатты уайымдай ма деп қызғанатынмын, бізден гөрі сол оқушыларына көп көңіл бөледі деп ренжитінмін, соларды жақсы көреді деп уайымдайтынмын. Қазір соған күлемін, өйткені өз қызым да солай ренжиді арасында....Арада қанша жыл өткеннен кейін, өзім де мұғалімдік жолымды бастадым. Мектеп бітірісімен мамандық таңдау деген сұрақ та болған жоқ... арине мұғалім.. Сол күннен бері отыз жыл өтіпті. Отыз қыс, отыз көктем... Қанша оқушылар, студенттер, мектеп бітірушілер ..... Қанша қуанышты күндер, өкінішке толы түндер, түсініспеушілік, жеңіс пен жеңіліс.. Әр-бір атқан таң мен батқан күнді, бірге өткізген сағатты, секундты есептесек бір емес бірнеше өмір болатын шығар.
Жоғарыда айтқандай еңбегінің жемісін ең көп күтетін мамандық- мұғалім деп. Себебі бала табиғатында үлкендердің бар игі істерін өздері өскеннен соң түсінді. Ал бала кезінде оған бір әдейі айтып, немесе,әдейі жасап тұрғандай...... Балдардың қашанда қиындық тудыратын жайттары көп қой. Әр кім өзін ерекше тұлғамын деп ерте кезден есептейді. Соны кімге болса да дәлелдеймін деп көп қателік жасайды. Сенің көмегіңді қабылдамай, өзім бәрін шешемін, барін өзім түсінемін деп ойлайды. Бірақ тұлға болу алдымен еңбек ету, өсу, оқу, жетістіктерге жету, білікті маман екеніңді дәлелдеу. Оны бала кезден түсіну қиын, сол түсініспеушіліктерді түзетемін, көмектесемін, түсіндіремін, адам қыламын деп күрес басталып кетеді. Сол күресте я жеңіс, я жеңіліс, кейде тіпті ешқандай амалың жоқ. Көп жылдан соң өз қателігін мойындап, алдыңа алғыс айтып келгенде, еңбегің еш болмағанына көз жасыңды тоқтата алмайсың. Нағыз алғыс осы!!! Сонымен керемет тұлға болу жолында еңбек ететін адам –ол ата анадан кейін мұғалім. Көп жағдайда бір ғана мұғалім жанашыр болады. Қазіргі білім беру үдерісінде мұғалімнің атқаратын жауапкершілігі артығымен десе болады. Тіпті ата анадан гөрі оқуын да, тәрбиесін де, мұғалімге артып қойған ба деп ойлаймын. Көп жанұялар қазір толық емес, сол себептен жасөспірім өз уайымын кімге бөлісерін білмей қиналады. Осы жайттарды баланың көзінен танып, дер кезде көмекке келетін бірден бір адам – мұғалім. Сырын айтқызу оңай емес!! Мұғалімді жауындай көретін кез де болады. Оқу орнында жүргенде жасаған қателіктерін кейін түсініп, соны күліп еске алатын кездер де өз қызығымен болып жатады. Мектеп бітіріп, немесе студенттік өмір аяқталғаннан кейін, үлкен өмірге аяқ басады. Өмірдің алғашқы қиындығынан кейін, қасында жүрген адамдардың қайсы бірі көмекке жүгіріп келе бермейтінін түсінгенде, ұстаздарын бір сәт еске алатын шығар деп үміттенем. Өйткені олар осы кезде ұстаздарын бағалай бастайды. Естеріне мұғалімдерінің қаншама жақсылығы, түсінгендері, қол үшін берген кездері, тіпті ата аналарына айтпай жасаған қылықтарын жасырғандары, осының бәріне ризашылықтарын білдіріп бір шоқ гүлдерімен келіп кетуі де мүмкін)).......
Білім системасында көптеген «ақаулар», «кемшіліктер» бар деп ойлаймын. Ұстаздың маңызды міндетінің бірі білім беру мен патриоттық тәрбие. Сондықтан көптеген «қосалқы» жұмыстар мен «қосымша» тапсырмаларды мұғалімге артып қою, оның басты міндетінен назары мен уақытын алады. Тікелей қатысы жоқ нәрселерді, басы артық көп қағаздарды, тіпті «әкімшіліктің тапсырмасы» деген сылтаумен де мұғалімдікке қатысы жоқ көптеген уақыт алатын жәйлар тағы бар. Еңбекке баулу, ата- ананы қадір тұту, үлкенге өнеге, кішіге ілтипат көрсету – ұстаздың тәрбие жолындағы ұстарадай өткір құралдары. Ал бұл құралды іске асыратын-«қызыл тіл». Қызыл тілімен, даналық сөздермен, өз білімінің мүмкіндігі мен қайрат жігерін тек жастарды алға ұмтылдыратын, мақсатына жеткізетін, биік шыңдарға жетелейтін ұстаз –ұлағатты адам.
Бір аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге, ықыласпен тоқылық!- деген Ыбырай атамыз. Заманның талабына сай ғаламтор мен теледидар кітап оқуды әбден әріге итеріп тастады деп ойлаймын. Ыбырай атамыз «Кел, балалар, оқылық» - дегенде дәл ме дәл мағынада айтылған деп ойлаймын. Ия, ия «оқылық!!!!»-кітап, әдебие, шығармалар ... Қазір кітап оқу «сәнді» емес деседі..... Ой өрістің өркейуі мен кеңдігі ең алдымен кітап оқуға байланысты деп нақты тұжырымдауға болады. Ғаламтордың керегінде ,әрине, сөз жоқ. Дегенмен бір сәт қолға кітап алып, бар жаныңмен кейіпкермен тұтастай болып, оқиғаны бастан кешірген сезімге ештеңе жетпейді. Кітап оқу қызығын да мектептен қазақ тілі әдебиеті пәнінен мұғалімім Марзия Серікбаева апайдың арқасы деп ризашылығымды білдіргім келеді. Алғысым шексіз сізге! Мен ұстаздарға жолы болған адамдардың бірімін. Ұстаздың ұлағатты сөзі мен ісін өнеге етіп өстім. Қаншалықты ұстаздарыма риза болсам, соншалықты өз шәкірттеріме де бар біліміммен қызмет жасағым келеді.
Қазіргі болып жатқан бүкіл әлемдегі дертке байланысты қашықтықтан оқыту салдарынан бала мен ұстаздың арасындағы маңызды байланыс үзіліп, көз бе көз сұқбаттасудың амалы болмай тұр. Балаға да, мұғалім ге де, ата- анаға да өте ауыр жайт.. Біз – мұғалімдер бұл күнде жетім баладай, монитордан көз алмай жәутеңдеп қалдық. Сонда да, байланысты үзбей, дәріс беруді тоқтатпай, еңбектеніп келеміз. Бұл да бір сын шығар, заңғардай ғимаратта балдардың шулағаны, күлкісі естілмей, қоңыраудың сыңғыр үні шықпай қалды.. Ұстаз үшін тағы бір қиындық, себебі жұмысқа деп ойлап, оқушылырымызға, студенттерімізге, білім алушыларымызға, өз балаларымызға асығады екенбіз...Сол балдарымызды құшақ жайып қашан қарсы алар екенбіз.... Ұстаздарын сағынып олар да, асығып жүрген шығар......