«Ұстаз – ұлт ойының діңгегі»
Хаербаев Әділ Жұмабекұлы Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып еңбек еткеніне биыл он төрт жыл болыпты.Осы жылдар ішінде мемлекеттік тілді дәріптеп, салт-дәстүрді сақтап, қазақи болмыста болып, ең бастысы, «ұстаздық қасиетті» сақтап келеді. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаз болу ерен еңбек. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді.
«Ұлттың ең ұлы байлығы – тілі. Тілді қадірлеу, тілге қызмет ету, тілді уақыттың аласапыранынан сақтау үшін күресу – сол тілде сөйлейтін ұлттың, ұрпақтың міндеті» деген қағиданы басшылыққа алған Әділ Жұмабекұлы мектептің мерекелік шараларында тілді дәріптеп, сабақтарында оқушылардың санасына құйып жүрген жан. Мектептегі ұлттық дәстүрдегі мерекелердің бастауына жүрген ұстаз әрқашан ерекшелігімен көзге түседі. Ұлттық нақышты, тілді дәріптеген ұстазды біз әрқашан қолдаймыз!
«Ұстаз – ұлт ойының діңгегі. Діңгегі берік ойдың ертеңі ерен, болашағы жарқын. Бойындағы қарапайымдығы мен қазақи қалпын сақтай білген ұстаз осы жылдар ішінде талай шәкіртті мектеп табалдырығынан шығарып салды. Сынып жетекшісі ретінде оқушылармен, ата-аналармен тіл табысуы, оқушыларын қолдауы, ұстаз болған соң бұл да бір міндет. Менің ойымша, Әділ Жұмабекұлы бұл міндетті де толығымен атқарып жүр. Шәкірттері зейінді, салиқалы да салмақты болса, ұстазға олан артық мақтау қажет емес. Ұлтымыздың ертеңін тәрбиелейтін, адал жолға жетелейтін алтын діңгек ұстаздарымыздың бары бізді қуанатады. Әділ Жұмабекұлын тілдер бірлестінің атынан келіп жеткен ұстаздар күнімен құттықтаймыз!!!
Әліпаева А.Қ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұстаз – ұлт ойының діңгегі»
«Ұстаз – ұлт ойының діңгегі»
«Ұстаз – ұлт ойының діңгегі»
Хаербаев Әділ Жұмабекұлы Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып еңбек еткеніне биыл он төрт жыл болыпты.Осы жылдар ішінде мемлекеттік тілді дәріптеп, салт-дәстүрді сақтап, қазақи болмыста болып, ең бастысы, «ұстаздық қасиетті» сақтап келеді. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаз болу ерен еңбек. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді.
«Ұлттың ең ұлы байлығы – тілі. Тілді қадірлеу, тілге қызмет ету, тілді уақыттың аласапыранынан сақтау үшін күресу – сол тілде сөйлейтін ұлттың, ұрпақтың міндеті» деген қағиданы басшылыққа алған Әділ Жұмабекұлы мектептің мерекелік шараларында тілді дәріптеп, сабақтарында оқушылардың санасына құйып жүрген жан. Мектептегі ұлттық дәстүрдегі мерекелердің бастауына жүрген ұстаз әрқашан ерекшелігімен көзге түседі. Ұлттық нақышты, тілді дәріптеген ұстазды біз әрқашан қолдаймыз!
«Ұстаз – ұлт ойының діңгегі. Діңгегі берік ойдың ертеңі ерен, болашағы жарқын. Бойындағы қарапайымдығы мен қазақи қалпын сақтай білген ұстаз осы жылдар ішінде талай шәкіртті мектеп табалдырығынан шығарып салды. Сынып жетекшісі ретінде оқушылармен, ата-аналармен тіл табысуы, оқушыларын қолдауы, ұстаз болған соң бұл да бір міндет. Менің ойымша, Әділ Жұмабекұлы бұл міндетті де толығымен атқарып жүр. Шәкірттері зейінді, салиқалы да салмақты болса, ұстазға олан артық мақтау қажет емес. Ұлтымыздың ертеңін тәрбиелейтін, адал жолға жетелейтін алтын діңгек ұстаздарымыздың бары бізді қуанатады. Әділ Жұмабекұлын тілдер бірлестінің атынан келіп жеткен ұстаздар күнімен құттықтаймыз!!!
Әліпаева А.Қ.
шағым қалдыра аласыз













