Ұстаз –адалдықтың, ұлылықтың символы

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ұстаз –адалдықтың, ұлылықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз –адалдықтың, ұлылықтың символы тақырыбындағы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз –адалдықтың, ұлылықтың символы

Мен ұстазбын! Мамандығым - менің мақтанышым. Қолыма қалам ұстауды үйреткен ұстазыма ұқсағым келген күннен бастап-ақ армандадым.

«Ұстаздық –ұлық емес, ұлы қызмет » деген Бауыржан Момышұлының сөзіндегі ойдың салмақтылығын сезіндім. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығару үшін де мақсатымның міндетін ұғындым.Талаптың тұлпарын мініп, білім теңізіндегі мектеп кемесінде жүзіп келемін. Осы жолда ұстаздық қызметімді үздіксіз ізденуге, дамуға бағыттай отырып, шәкірттерімнің шырағын жағуда аянбай еңбектенемін.

«Адалдықтың арқаны ұзын» демекші жүректен шыққан тілектің де қабыл болғаны сияқты әр сабағыма ыждахаттылықпен мұқият дайындаламын. Білім нәрін сіңірген сайын оқушыларымдағы тәрбиенің де тамырын тереңге жіберемін . «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деген Әл-Фарабидің сөзі - өмірлік ұстанымым.

Жаңалықтың жаршысы болып, білім саласындағы жаңа технологияларды меңгере отырып кәсіби дамудың да даңғыл жолында дамылсыз еңбектеніп келемін. Бүгінгі оқушым - ертеңгі маман. Бүгінгідей жылдам дамып жатқан заманда оқушы бойында адамгершілік , білімділік қасиеттердің қалыптасуы да - ұстаздан кәсіби адалдықты, шеберлікті талап етеді. Оқушыңнан оқ бойы озық тұруың үшін де – өз ісіңнің маманы болуың керексің ғой. Мен оқушыма бере алатын білім мен тәрбием нәтижелі болса ғана уақытымның босқа өтпегені деп білемін. Өйткені ұрпақтың болашағы –ұстазына байланысты. Сапалы білім мен саналы тәрбие алса, ұстаздың да еңбегінің нәтижесі емес пе?! Жаһанданудың жарқ еткен жаңалықтарын дер кезінде қабылдаған ұстазы да, оқушысы да білімнің маңызын ұғынып жүзеге асыра алады.Ұлы ұстаз болу - өз кәсібіңе деген адалдықты, табандылықты талап етеді.

Шәкіртіміз алған білімі мен сіңірген тәрбиесі өмірлеріне азық болатындай, бәсекеге қабілетті, өмірге икемді болып, ой жарыстыратын заманның заңғар тұлғасы бола алса, шырағымыздың жанғаны емес пе?!

Ойымды қорытындылай келе, мынаны айтқым келеді: мың шырақты жаға алатын бір шырақ –ол ұстаз! «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген емес пе? Бала – солқылдақ жас шыбық. Оның ең бірінші ұстазы - ата-анасы мен мұғалімі. Ал сол жас шыбық, қалай қисатсаң, солай өсетіні секілді жас буынның да болашағы жарқын болуының кепілі –ұстаздың ұлы еңбегі, адамдығы мен адалдығы деп білемін. «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын – ұстаздікі» деген сөздің салмағын сезіне отырып, шәкірттерімнің де құр келіп, бос кетпейтінін білемін.Ұрпақтың тағдыры-ұлт тағдырына әсер ететін де білемін. Кешегі бабаларымыз сенген айбатты да қайратты жастарға мен сенемін!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2024
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі